Сот тараптарды медиация тәртібімен татуластырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат Б.Батановаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында Б.Батанова отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқық бұзышылық жасағаны, яғни өзімен бірге тұратын анасын балағаттап,оған сыйламаушылық танытып, отбасының тыныштығын бұзғаны анықталды.

Істі қарау барысында тараптар медиация тәртібінде татуласып, медиативтік келісімге келді.

Сот қаулысымен ҚР-ның ӘҚБтК-нің 64-бабына сәйкес тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі