Архив событий

18/05/2016

Сот үлескердің құқығын қорғады

18/05/2016

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында «Finance» арнайы қаржы компаниясының келісім шарт бойынша А.Джамбуловадан  қарыз шарты бойынша берешекті өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, «Альянс Банк» АҚ-мен  жауапкер арасында  қарыз шарты бойынша 24 айға 234 000 теңгеге келісім шарт жасасқан. Төлем кестесіне сәйкес жауапкерде төлем мерзімін кешіктірулер болған, алайда кейіннен жауапкер барлық қарызды банкке төлеген. Сот талапкерден жауапкердің нақтыланған қарыз есебін сұратты, бірақ ол сотқа ұсынылмады.

«Кәмелетке толмағандарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру және жолдау мерзімі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

18/05/2016

Глубокое аудандық сотында «Кәмелетке толмағандарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру және жолдау мерзімі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Глубокое АІІБ кәмелет жасқа толмағандар ісі бойынша инспекторлар А.Адышев, М.Бектимирова қатысты.

Қатысушылар кәмелеткет толмағандарға қатысты толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды рәсімдеу және жолдау кезіндегі туындаған бірқатар мәселелерді талқылады.

Неке медиация тәртібімен сақталды

18/05/2016

Күршім аудандық сотында неке бұзу туралы азаматтық  ісі қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.

Айтылғандардың негізінде жоғарыдағы азаматтық іс бойынша тараптардың отбасын сақтап қалу мақсаты бойынша сот дауды медиация тәртібімен реттеу келісімін бекітті.

Сот ұйғарымымен неке бұзу туралы азаматтық іс қысқартылып, іс бойынша төленген 636 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік баж бюджеттен талап қоюшыға қайтарылды.

Семей қаласының Достық үйінде татуластыру рәсімдеріне арналған дөңгелек үстел өтті

18/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық соты қаланың Достық үйінде  «Қазақ тілі» қоғамының Шығыс аймақтық вице-президенті және Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі О.Шәріпбаев,  Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары, ұлттық орталықтардың, ардагерлер Кеңесінің, прокуратураның, қорғаншы және қамқоршы органының өкілдері, кәмелетке толмағандардың істері бойынша инспекторлары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, адвокаттар және соттың

Жарма аудандық сотында бөлім басшысы - аға сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қаралды

18/05/2016

Жарма аудандық сотында ҚК-нің 366-бабы, 2-бөлігі (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын

Шығыс Қазақстанда жер қатынастары және жер ұйымдастыру секторының меңгерушісі сотталды

18/05/2016

Семей қаласы №2 сотында  ҚК-нің 366-бабы, 2-бөлігі  (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алат

Сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

18/05/2016

Жарма аудандық сотында ҚК-нің 366-бабы, 2-бөлігі (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын

Есiрткi заттарын заңсыз сақтағаны үшін сотталды

18/05/2016

ШҚО Өскемен қаласының №2 сотында ҚК-нің 296-бабы, 2-бөлігі ( ірі мөлшердегі есiрткi заттарды, өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) бойынша қарастырылған А.Малонухаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, А.Малонуха 2016 жылы қаңтар айында өзінің үйінде ас бөлменің  еденінде ірі мөлшерде жалпы салмағы 2559,91 грамм, бес полимерлік пакетте оралған, «кептірілген марихуанна» есiрткi заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны анықталған.

Жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

18/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 596-бабының 3-бөлігі (егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) бойынша әкімшілік іс қарады.

Сотта  Е.Базарбаев екі жақты бағыттағы жолда көлік құралын басқарып келе жатып, жолдың қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып кетіп, көлігін жүргізгендігі анықталды.   

Зырян аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

18/05/2016

Зырян аудандық сотымен Катон Карағай аудандық ішкі істер бөлімінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы, 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сотта С.Новиков алкогольдік масаң күйінде болған азаматқа автокөлікті басқаруға бергендігі анықталды.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервис жетілдірілді

18/05/2016

Ақпараттық технологияларды республикамыздың соттарыңда қолдануды дамыту мақсатында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі 2014 жылы енгізілген болатын.  Жоғарғы сот органы  ел тұрғындары үшін сот жүйесінің барынша ашық әрі қолжетімді болуын көздей отырып, заманауи технологияларды сот жүйесінде қолдану бойынша жұмыстарды ары қарай жетілдіру үшін барынша шаралар қолдануда.

Бүгін Өскемен қаласының №2 сотының кеңсе меңгерушісі С.Жортбасова  сот ғимаратында «Ашық есік күнін» өткізді.  

Қоғамдық орында былапыт сөйлегені үшін айыппұл тағайындалды

18/05/2016

Глубокое аудандық соты ҚР ӘҚБтК-ның 434-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған заматша Е.Столяроваға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Е.Столярова қоғамдық орында азамат А-ға қатысты былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзғандығы анықталды.

Сот Е.Столярованы ҚР ӘҚБтК 434-бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, ӘҚБтК-нің 819-бабы, 2-бөлігін қолданумен 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 14 847 теңге айыппұл тағайындады.

Тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды

18/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласының №2 сотында ҚК-нің 149-бабы, 2-бөлігі (адамдар тобымен, тунгі уақытта, тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу), 191-бабы, 1-бөлігі (тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру), 384-бабы,  3-бөлігі (ресми құжаттарды, жеке бастың өзге де мүддесiне орай жасалған жымқыру, жою, бүлдiру) қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін айыпталған В.Чабаненкоға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Өскемен қаласының №2 сотында сотталушының жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырылды

18/05/2016

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының №2 сотында, Өскемен қаласының №2 сотының 2013 жылы 12 желтоқсандағы үкімімен ҚК-нің 17- бабының, 3-бөлігінің «б» тармағымен, 58-баптың 3,6-бөліктері бойынша мүлкін тәркілеумен  5 жылға бас бостандығынан айрыру жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталған А.Кузьминнің  жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтініші қаралды.

Мүлікті бөлу туралы дау медиативтік келісім бекітумен аяқталды

18/05/2016

Үржар аудандық соты ортақ мүлікті бөлу туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарады.

Талапкер сотқа жауапкермен 2015 жылдың күзінен бастап неке қатынастарының тоқтатылғандығын және заңды некеде тұрған кезінде тұрғын үй алынғанын көрсетіп соны бөліске салу туралы талап арызбен жүгінген.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

18/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес (ұсақ бұзақылық) азамат М.Түсіповқа қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта М.Түсіпов қоғамдық орында шылым шегіп, қалдығын жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластағаны анықталды.  

Сот қаулысымен М.Түсіпов  ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сот медиациясы арқылы бітімгершілікке келді

18/05/2016

Өскемен қалалық сотында материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер өзінің талабында жауапкердің кесірінен жыл бойы бірнеше рет пәтерін су басқанын айтып, оны ПИК-тің жасаған зерттеу актісімен расталғандығын көрсетті.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиациялық тәртіпте бітімгершілікпен шешу мақсатында  өзара келісімге келді. Келісімге сай жауапкер келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеу мақсатында 140 000 теңге өтеуге келісті.