Архив событий

25/05/2016

ШҚО Өскемен қалалық соты Достық үйінде «Татуласу рәсімдерін қолдануын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды

25/05/2016

ШҚО Өскемен қалалық соты Достық үйінде «Татуласу рәсімдерін қолдануын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел жұмысына  Өскемен қалалық сотының судьясы А.Володкина, К.Журенко, «НұрОтан» партиясының облыс бойынша жетекшісі А.Жаркимбаева, «Шаңырақ» медиация орталығының директоры Е.Абдрахманова, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының доценті М.Дячук және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Дау медиация арқылы реттелді

25/05/2016

Зырян аудандық сотында  баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы мен жауапкер арасында баланың тұрғылықты жерін анықтау бойынша дау  пайда болып, сотқа жүгінген.

«Медиация кабинетінде» тараптар, әдістемелік ұсыныстарды қолданып, дауды бітімгершілікпен реттеу туралы келісімге келді. Азаматтық іс бойынша талап қоюшы мен жауапкер сот мәжілісінде сотқа медиациялық келісімді бекіту туралы өтініші ұсынып, іс бойынша өндірісті қысқартуды сұрады.

Глубокое аудандық сотының төрағасы «Заңды күшіне енген сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

25/05/2016

Глубокое аудандық сотында «Заңды күшіне енген сот актілерінің орындалуы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына судьялар мен прокуратура өкілдері, аумақтық сот орындаушылар бөлмінің бастығы, пробация қызметінің бастығы, ауылдық округтардың учаскелік инспекторлары қатысты.

Талқылаудың негізгі және өзекті тақырыбы айыппұлдарды және мемлекеттік баж салықтарын өндіру бойынша сот орындаушыларының сот актілерін орындамауы себебінен сот мұрағатына тапсырылмаған істердің саны күннен күнге артуы.

Медиатордың қатысуымен татуласты

25/05/2016

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық соты қарыз сомманы өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Азаматтық іс құжаттары бойынша жауапкер талапкерден 130 000 теңгені қарызға алып, қолхат бойынша оны 2016 жылдың қаңтар айына дейін қайтаруға міндеттенген, алайда көрсетілген сомманы қайтармаған.

Сот мәжілісі кезінде  тараптар медиация тәртібімен дауды шешу туралы жазбаша келісімді сотқа тапсырды.

Сот  медиатордың қатысумен тараптар татуласуына байланысты істі өндірістен қысқартты.

Сот талап арызды қанағаттандырудан бас тартты

25/05/2016

Катон-Қарағай аудандық соты мұрадан лайықсыз мұрагерді шеттетуге қатысты азаматтық істі карады.

Іс құжаттарына сәйкес, талапкер мен жауапкердің әкесі 85 жасында қайтыс болғаны жайлы айқындады.  2009  жылы әкесі өзінің барлық мүлкін жауапкерге мұраға жазып қалдырған. Әкелері талапкермен бірге тұрған, денсаулығы ауыр хәлде болған әкесін күтіп бағу талапкердің отбасына жүктелген еді.

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Медиация – татулыққа апаратын жол» тақырыбында семинар өтті

25/05/2016

Семей қаласының Ювеналды сотының судьялары ағымдағы жылдың жұмыс жоспарын орындау мақсатында сот мамандарының қатысуымен «Медиация – татулыққа апаратын жол» атты тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында «Медиация туралы» Заңның негізгі принциптері мен міндеттері, медиаторлардың мәртебесі, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, сонымен қатар Азаматтық процестік кодекстің 17 Тарауының ережелері  талқыланып, әр қызметкерге жеткізілді.

Глубокое аудандық сотында «Сот қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтарды алдын-алу» тақырыбында семинар өтті

25/05/2016

Глубокое аудандық сотында бас маман Н. Абильмажинова сот мамандары арасында «Сот қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын-алу» тақырыбында семинар сабағын жүргізді.

Зырян ауданының Медиация кабинетінде дау медиация тәртібінде реттелді

25/05/2016

Зырян аудандық сотында В. Артамонованың  кәмелетке толған балаға алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Зырян қаласы әкімдігінің ғимаратында ашылған «Медиация кабинетінде» тараптар дауды бейбітшілікпен реттеу туралы келісімге келді. Азаматтық іс бойынша талап қоюшы мен жауапкер сот мәжілісінде сотқа медиациялық келісімді бекіту туралы өтініш ұсынып, іс бойынша өндірісті қысқартуды сұрады.

Бесқарағай аудандық Достық үйінде семинар сабағы өтті

25/05/2016

Бесқарағай ауданының Достық үйінде аудандық соттың төрағасы А.Абдрахмановтың, еңбек ардагері, М.Козинскидің, кәсіби емес медиаторлардың және тұрғындардың қатысуымен «Медиация тәртібімен дауды реттеу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Төраға А.Абдрахманов өз сөзінде, медиация шаралары медиатордың көмегімен тараптардың арасында болатын сан түрлі дауларды шешу кезінде аса маңызды екендігін және азаматтардың өз араларында туындаған дауларды  сотқа  дейінгі  тәртіппен  шешуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

«Медиация туралы» Заңды насихаттау

25/05/2016

Үржар аудандық сотының судьясы М.Молдабаев Үржар ауданы Әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық – заң бөлімінің қызметкерімен бірге Үржар ауданының  Ақжар ауылына «Медиация туралы» Заңды насихаттау мақсатында, осы ауылдың тұрғындарымен кездесті.

 Аталған шараға ауылдық округ мамандары, ақсақалдар кеңесі және ауыл тұрғындары қатысты.

 Шараны өткізу барысында «Медиация туралы» Заңды қылмыстық, азаматтық және әкімшілік сот істерін жүргізуде қолдануға байланысты мәселелер түсіндіріліп, назарға ұсынылды.

Өскемен қалалық сотында «Медиация» тақырыбында брифинг өткізілді

25/05/2016

Өскемен қалалық сотының  төрағасы  Б.Тайтөлеуов «Өскемен Водоканал», «Өскемен қаласының жылу жүйелері»   коммуналдық қызметі және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен «Медиация»  тақырыбында брифинг өткізді.

Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарылды

25/05/2016

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  517-бабының, 5-ші бөлiгі бойынша құқық бұзышылық  жасаған Өзбекстан  азаматына азамат Ш.Норбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.             

Сотта Ш.Норбаев  Қазақстанға келу себебін «жеке» мақсатта деп көрсетіп, ШҚО Глубокое ауылы бойынша мекен-жайға уақытша тіркелгендігі анықталды. Алайда көші-қон полиция қызметкерлерінің жүргізген тексерісі кезінде құзырлы органдардың рұқсатынсыз жұмыс жасап жүргендігі анықталған.

Аудан әкімін өлтіруге тапсырыс берушілермен орындаушылар сотталды

25/05/2016

 Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқа билердің қатысуымен ҚК28-бабы, 3-бөлігі (қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi, қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты қылмыстық топты құрған не оған басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады), 99-бабының, 2-бөлігі, 7,8- тармақтарымен (адам өлтiру, адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты ж

Сот 1000 000 теңге моральдық шығынды өндірді

25/05/2016

Өскемен қалалық сотында Т.Темиргалиеваның «Востоксветмет»  ЖШС –нен моралдық шығынды  және денсаулығын қалпына келтіргені үшін кеткен қаражатты өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы өтініш қанағаттандырылды

25/05/2016

Зырян аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында семинар өтті

25/05/2016

Бүгін Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мәселелері бойынша семинар өтті. 

Семинардың мақсаты: «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы және сот қызметкерлерінің, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қазақ тілін меңгеру және іс жүргізу деңгейін анықтау, іс-қағаздарды мемлекеттік тілде сауатты дайындау болды.

Семинарға Катонқарағай  ауданының № 2 аудандық сотының судьялары мен мамандары қатысты.