Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мәселелері бойынша семинар өтті. 

Семинардың мақсаты: «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы және сот қызметкерлерінің, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қазақ тілін меңгеру және іс жүргізу деңгейін анықтау, іс-қағаздарды мемлекеттік тілде сауатты дайындау болды.

Семинарға Катонқарағай  ауданының № 2 аудандық сотының судьялары мен мамандары қатысты.

Іс шараны  ашқан сот төрағасы А.Әли Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізуде және іс жүргізуде мемлекеттің барлық  қоғам қатынастары аясында қоладылатын  тіл  - қазақ тілі екенін айтты.

Соттың бас маманы М.Сахариянов мемлекеттік тілдің қоғамдағы мәні мен рөлі туралы, мемлекеттік тілді іске асыру және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша статистикалық мәліметтер туралы айтып өтті.

Аталған отырыста құжаттарды мемлекеттік тілде дайындау барысында кездесетін кедергілер  талқыланды. Соның ішінде мемлекеттік тілдегі құжаттардың сауатсыз дайындалатыны да сөз болып, себептері талданды.

Семинарға қатысушылар қазақ тілінің мемлекеттік қызметте қолданылуы мен дамуына қатысты мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салды.

 

Катонқарағай ауданының № 2

аудандық сотының баспасөз қызметі