Архив событий

19/05/2016

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін айыппұл жазасы тағайындалды

19/05/2016

Семей қаласының № 2 соты ҚР ҚК-нің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша азамат Т.Арықбаевқа қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта, Т.Арыкбаев жәбірленушіге себепсіз қол жұмсап, денсаулығына жеңіл зиян келтіргені анықталды.

Соттың үкімімен Т.Арықбаев ҚР ҚК-нің 108-бабымен қасақана жеңіл зиян келтірген үшін кінәлі деп танылып, 25 АЕК немесе 49 550 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Медиатордың қатысуымен әкімшілік іс қысқартылды

19/05/2016

Үржар аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің  73-бабының 1-бөлігі (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаған) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Шығарып жіберілген шетел азаматы мемлекеттiк шекараны қасақана заңсыз кесіп өткен

19/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласының №2 соты ҚК-нің 392- бабы, 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен тысқары жерден белгіленген тәртіпті бұза отырып қасақана заңсыз кесіп өту) қарастырылған қылмысты жасаған А.Кузьминге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғандары үшін жазаланды

19/05/2016

Үржар аудандық сотында ағымдағы жылдың мамыр айының 12-16 күндері аралығында шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғандары үшін Өзбекстанның 20 азаматына қатысты әкімшілік істер қаралды.

Осыған байланысты уәкілетті органдар аталған азаматтарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 517-бабы («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырған.

Шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

19/05/2016

Бесқарағай аудандық соты ӘҚБтК-нің 517-бабының,  4-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы) бойынша Ресей Федерациясының азаматшасы В.Бондареваға қатысты әкімшілік істі қарады.

Өскемен қалалық соты материалдық шығынды өтеу туралы талап арызды қанағаттандырусыз қалдырды

19/05/2016

Талапкер материалдық шығынды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Өзінің талап арызында талапкер жауапкердің «Kaspi bank»  АҚ-нан 1 жыл мерзімге 260 000 теңге сомасында несие алынғандығын көрсеткен. Займ келісімінің шартына сай банкке сыйақы  мөлшерімен есептегенде 290 536 теңге қайтару керек болған. Осы ретте жауапкер ай сайын 23 400 теңге төлеп тұруға міндеттелгені  жөнінде қолхат жазған. Алайда  жауапкер 75 000 теңгені төлеген соң, төлемді төлеуді тоқтатқан.

Жол көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін жауапқа тартылды

19/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 611-бабының 2-бөлігі (жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) бойынша әкімшілік іс қарады.

Сотта М.Мұталипов көлік құралын басқарып, өзі жол көлік оқиғасына қатысушы бола тұра, жол жүрісі қағидаларын бұзып, оқиға болған жерден кетіп қалғаны анықталды. 

Шығыс Қазақстан облыстық сотында кеңсе меңгерушісі 2016 жылдың 4 айлық жұмыс көрсеткіштері бойынша арнайы жиын өткізді

19/05/2016

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотында кеңсе меңгерушісі  Р.Набиев Өскемен қаласында орналасқан соттардың кеңсе меңгерушілерімен сот қызметінің жай-күйіне мониторинг жүргізу және соттар әкімшілерінің жұмыс сапасын бағалау жобасын және 2016 жылдың 4 айлық жүмыс көрсеткіштерін талқылауға арналған жиын өткізді.

Жиынға облыстық соттың кеңсе меңгерушісі Р.Набиев, талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы А.Хайрулинова, қалалық соттардың кеңсе меңгерушілері қатысты.

Бесқарағай аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

19/05/2016

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағы (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер) бойынша қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін  азамат М.Жармұхамбетовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот сату-сатып алу мәмілені заңсыз деп таныды

19/05/2016

Азамат Т., Өскемен қалалық сотына үйден шығару туралы  талап арызымен жүгінді. Ол  талабында  сатып алу шарты бойынша жауапкер тұрып жатқан пәтердің  меншік иесі болып табылатынын көрсеткен.

Талаппен келіспеген жауапкер сату-сатып алу мәмілені жарамсыз деп тану жөнінде қарсы талаппен сотқа жүгінеді, себебі мәміле формальды түрде жасалғанын, яғни сатып алушыдан ешқандай қаражатты  алмағаны жайлы  айтып көрсеткен.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

19/05/2016

Көкпекті аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) азамат Б.Тюлебековқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Көлік құралын масаң күйінде басқарған

19/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабының 1-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) азамат К-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта азамат К., көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарғандығы анықталды.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

19/05/2016

Семей қаласының №2соты ҚР ҚК-нің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша азамат Д.Чечеткинға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта, азамат Д.Чечеткин үйінде  бола тұра отбасылық жанжал шығарып, әкесіне қол жұмсап, денсаулығына жеңіл зиян келтіргені анықталды.

Сот талқылауы барысына дейін тараптар дауды медиатордың қатысуымен реттеді.

Сот қаулысымен Д.Чечеткинға қатысты қылмыстық іс тараптардың татуласуларына байланысты медиация тәртібінде қысқартылды.

Мемлекет шекарасынан шығарылды

19/05/2016

Глубокое аудандық соты «Глубокое ауданының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің Ресей Федерациясының азаматы А.Коробейниковты Қазақстан Республикасының шекарасынан шығару туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сотта РФ азаматы А.Коробейников Қазақстан Республикасына 2015 жылы қараша айында келгені анықталды. Қазақстан Республикасында болған кезде ол бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, сонымен қатар, оған қатысты ұсақ ұрлық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалып жәбірленушімен татуласуына байланысты қысқартылған.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

19/05/2016

Зырян ауданының №2 аудандық соты ӘҚБК-нің 461-бабымен яғни, ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзғаны туралы әкімшілік істі қарады.

Сот отырысында, А.Зинковқа қатысты ішкі істер органымен қорғау нұсқамасы шығарылған.  Алайда, А.Зинков нұсқамаға қарамастан 2016 жылдың 19 сәуірінде алкогольдік мас күйінде  анасының тыныштығын бұзып, оған  балағат сөздер айтып, қорғау нұсқамасының талаптарын бұзғаны анықталған.

Күршім аудандық соты маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу туралы азаматтық істі қарады

19/05/2016

«Күршім аудандық орталық ауруханасы» МҚК-ны   сарапшы қорытындысына  сәйкес маскүнемдік   ауруымен  ауыратын және  өз  еркімен   емделуден  бас  тартқан  азаматты мәжбүрлі     түрде  емдеуге  жіберу туралы арызымен  сотқа  жүгінген.

Сот анықтағандай, аталған тұлға тұрғылықты мекен-жайы бойынша теріс жағынан сипатталады, маскүнемдікке салынып, бірнеше мәрте әкімшілік,   соның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында жауапкершілікке тартылған.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

19/05/2016

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында  ӘҚБтК-нің 669-бабы (Сот орындаушысының, сот приставының қаулысын және
өзге де заңды талабын орындамау) бойынша  жауапқа тарту туралы И.Чановты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, шығарылған сот үкімімен И.Чанов ҚК-нің 187-бабы, 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 25 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалған, алайда И.Чанов сот үкімін орындаудан жалтарып, сот үкімін қасақана орындамағаны анықталды.