Архив событий

03/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында «Медиация кабинеті» ашылды

03/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласы әкімдігінің ғимаратында «Медиация кабинеті» ашылды.

Медиация кабинетінің ашылу салтанатына аудандық соттың, әкімдіктің, БАҚ-ның өкілдері,  Зырян аудандық Достық үйінің директоры Г.Дедова, сот жүйесінің ардагері және медиатор  Г.Ахмерова,  ардагер кеңесінің төрайымы Э.Гейгер, ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Құрманғалиев, сондай-ақ медиаторлар қатысты.

Бесқарағай ауданының Достық үйінде «Медиация кабинеті» ашылды және дөңгелек үстел өткізілді

03/05/2016

Бесқарағай аудандық сотының төрағасы А.Абдрахманов Бесқарағай ауданының Достық үйінде «Медиация кабинетінің» ашылу барысында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған шараға сот төрағасы, Достық үйінің басшысы мен әдіскері, Ардагерлер үйінің өкілдері, Ақсақалдар кеңесінің өкілдері және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Қылмыстық іс бойынша жеке қаулы шығарылды

03/05/2016

Жарма аудандық сотында азамат Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды. Азамат Е., 2015 жылдың маусым айында Жарма ауданы Бірлікшіл ауылдық округінде орналасқан «Қайынды» қыстағында малшы болып жұмыс істеп жүріп, бөтеннің ірі қара және ұсақ малдарын қасақана, жасырын ұрлаған.

Семей қаласының Ювеналды сотындағы кезекті баспасөз конференциясы өткізілді

03/05/2016

Сот қызметінің ашықтығын, атқарылған жұмыстары мен жетістіктері, туралы және де  алдағы уақыттағы жоспарлары мен бағыт-бағдарларын қоғамға жеткізу мақсатында ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасы Р.Ақпар, судьялар С.Азмағанбетова мен Р.Байжұманова бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен «2016 жылдың бірінші тоқсанындағы соттың атқарған жұмыстарын талқылау» тақырыбында баспасөз-конференциясын өткізді.

Өскемен қаласының №2 сотында орындалмаған сот актілері бойынша шаралар қолдану мақсатында дөңгелек үстел өткізілді

03/05/2016

Өскемен қаласының №2 сотында сот төрағасы Г.Әділбаева «Мемлекет пайдасына өндірілмеген тәркілеу, мемлекеттік баж, айыппұл және айғақ заттарға  қатысты орындалмаған сот актілері бойынша шаралар қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Семей қалалық сотында судьялардың жаңа Әдеп кодексінің жобасы талқыланып, жемқорлыққа қарсы семинар сабағы ұйымдастырылды

03/05/2016

Тәуелсіз сот жүйесіне заң төңірегінде мінсіз білімге ие әрі оны қолдана білетін кәсіби судьялар қажет. Семинарлар мен тәжірибелік басқарулар сынды үздіксіз білім беру түрлері судьяларға жаңа білім алып қана қоймай,  сондай-ақ бар біліктілігі мен тәжірибесін жаңартуға мүмкіндік береді. Азаматтық істерді қарауда туындайтын сауалдар бойынша жас судьяларға тәжірибелік көмек көрсетуде Семей қалалық сотында аудандық және оған теңестірілген соттардағы үш жылға дейінгі еңбек өтілі бар судьяларға арналған семинар өткізілді.

Тарбағатай ауданында «Медиация кабинеті» ашылды

03/05/2016

Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылында «Медиация кабинетінің» ашылу рәсімі болып өтті.

Салтанатты ашылу рәсіміне Тарбағатай аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Л.Мұратқанқызы, кәсіби емес медиаторлар, Көкжыра ауылдық округінің әкімі Д.Жанат және ауыл тұрғындары қатысты.

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Глубокое аудандық сотында байқау өткізілді

03/05/2016
Қазақстан Республикасы халқының бірлігі күні мерекесіне орай Глубокое аудандық сотының мамандары арасында мемлекеттік тілді меңгеру және мемлекеттік тілде іс жүргізу  бойынша байқау өткізілді.
Байқау барысында мемлекеттік тілде  қаралған істер бойынша істерді рәсімдеу, хаттар мен хаттамаларды т.с. құжаттарды  толтыру сапалары бағаланды.
Сонымен қатар, қатысушылар қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен  салт-дәстүрлерін білу деңгейлерімен ерекшеленді.

ШҚО экономикалық сотының судьялары медиация рәсімінің отырыс көрсетілімін өткізді

03/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Медиация рәсімі» тақырыбында дөңгелек үстел бірлескен семинар-тренинг өткізілді.

Аталған іс-шараға сот төрағасы А.Рамазанов, судьялар Қ.Ілиясов, Ж.Изенбаева, А.Салимов, Н.Ибраева, Ш.Исенова, А.Сейлгазинова, «Шаңырақ» медиция орталығының директоры Е.Абдрахманова, медиаторлар Т.Иксанов, С.Мухаметханов, А.Байтыков қатысты.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында «Сот жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді

03/05/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында сот мамандарына арналған  «Сот жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Нұсқаулықты зерделеу  бойынша семинарлық сабақ өткізілді.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

03/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық соты Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 383-бабының, 3-бөлігі (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу) бойынша  азамат О.Нүкішевке  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Катонқарағай аудандық сотында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті

03/05/2016

Бүгін Катонқарағай аудандық сотында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын болып өтті.

Іс-шараға Катонқарағай аудандық сотының ұжымы, аудандық прокуратура және ІІБ-нің өкілдері қатысты.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін әкімшілік қамауға алынды

03/05/2016

Үржар ауданының №2 аудандық сотында  азамат Р-ға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 73-бабының 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы) әкімшілік іс қаралды.

Сот талқылауы барысында азамат Р.  өзінің үйінде,  алкогольдік масаң күйінде, өзара сөзге келіспеушілік салдарынан өзінің жолдасына қатысты балағат сөздер айтып қорлаған. Осылайша, өзінің іс әрекеттерімен ҚР ӘҚБК-нің 73-бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Қылмыстық іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

03/05/2016

Үржар аудандық соты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) жеке айыптау шағымы бойынша қозғалған қылмыстық істі қарады.

Жәбірленуші сотқа алкогольдік масаң күйінде өзіне қасақана дене жарақаттарын келтірген бұрынғы жұбайына қатысты қылмыстық іс қозғау туралы жеке айыптау шағымымен жүгінген. Сот отырысы барысында тараптар медиатордың қатысуымен татуласқандарын түсіндірді.

Қылмыстық іс тараптардың медиатордың қатысуымен татуласқандарына байланысты қысқартылды.

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік айыппұлдарды өндіру, әкімшілік құқықбұзушылық жасау құралын тәркілеуге қатысты сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

03/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік айыппұлдарды өндіру, әкімшілік құқықбұзушылық жасау құралын тәркілеуге қатысты сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға сот төрағасы А.Молдағожина, судьялар Г.Валиев, Р.Рахимова,  прокурор көмекшісі Ш.Мустафинова, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаментінің Семей қаласы бойынша филиалының  басшысы Н.Акшекин, Семей қаласы бойынша әкімшілік айыппұлдарды өндіру және сот үкімдерін орындау бойынша аумақтық бөлімінің басшысы А.Жұбатқан қатысты.

Жедел алдын алу іс-шаралары өткізілуде

03/05/2016

Үржар ауданы аумағында ағымдағы жылдың 25 сәуірден 30 сәуір аралығында жедел алдын алу «Құқықтық тәртіп» атты іс – шарасы өткізілуде.

Осы іс шараларды өткізу кезінде жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып,  алдын алу шалары жүргізілуде.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Судьялар мен сот қызметкерлерінің іске қатысушы тараптармен процессуалды емес кездесулерге жол бермеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

03/05/2016

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Судьялар мен сот қызметкерлерінің іске қатысушы тараптармен процессуалды емес кездесулерге жол бермеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының судьялары мен кеңсе мамандары,  ШҚО бойынша мамандандырылған күзет қызметінің өкілдері қатысты.

Өскемен қалалық сотында «1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні» қарсаңында көрме ұйымдастырылды

03/05/2016

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні!  Қазақстан халқының бірлігі күні – бұл татулық пен достықта тұратын барлық этностардың, әлемнің басты және берік іргетасы болып табылады.  Қазақстан халқының Ассамблеясы біздің көп ұлтты халқымыздың мәңгі бірлігін сақтаушы болып табылады. Ол қазақстандықтардың сана-сезімінің ұлы жалпы құндылықтарды – бірлік, тұрақтылық, толеранттық, жалпыға бірдей еңбек, патриоттылықты айқындайды.

Сот кабинеті - «Апостильдеу» жаңа онлайн-функционалы тақырыбында семинар өткізілді

03/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі А.Түсіпова сот мамандары арасында Сот кабинеті-«Апостильдеу» жаңа онлайн-функционалы тақырыбында семинар өткізді.

Шетелдіктердің Қазақстан Респуликасының көші-қон заңнамасын бұзуы

03/05/2016

Глубокое аудандық сотында ӘҚБтК-нің 517-бабы, 5-бөлігі (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) бойынша Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты  әкімшілік істер қаралды.