Архив событий

27/05/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында қауіпсіздікті қамтамасыз ету тақырыбына арналған семинар өткізілді

27/05/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотында объектілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тақырыбына арналған семинар өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы С.Жансейіт, Шығыс Қазақстан облысының МКҚБ полиция қызметінің ұйымдастыру бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры А.Тимаков, «Күзет» қызметінің аға сержанттары А.Турсаев, Б. Құмарбеков және сот приставы Р.Жукушев қатысты.

Медиация тәртібімен жеке айыптауға қатысты қылмыстық іс қысқартылды

27/05/2016

Өскемен қаласының №2 сотында М.Полякованың шағымы бойынша  Н.Зубовке қатысты қозғалған ҚК-нің 108-бабы бойынша (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру)жеке айыптау тәртібінде қылмыстық  іс қаралды.

Сотта сотталушы Н.Зубов жәбірленуші М.Полякованың денсаулығына жеңіл зиян әкелген қасақана дене жарақатын келтіргені анықталды.

Сот талқылауында, кәсіби медиатор Т.Танекенованың қатысуымен медиативтік келісімге келулеріне байланысты, жәбірленушіден және сотталушыдан қылмыстық істі қысқарту туралы талап-тілек түсті.

ШҚО экономикалық сотында «Татуластыру рәсімдерін насихаттау және дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

27/05/2016

«ШҚО Әкімдігі Аппаратының «Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы» КММ ғимаратында «Татуластыру рәсімдерін насихаттау және дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс шараға ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Сейлғазинова, кеңсенің бас маманы А.Жилкашинова, «Шаңырақ» медиация орталығының директоры Е.Абдрахманова, медиаторлар Т.Иксанов, А.Абдрахманов, А.Қадылбекова, И.Абдульденова, Достық үйінің өкілдері: медиация бойынша маман Т.Маратқызы, заңгер-медиатор А.Смағзамова қатысты.

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Дауды (жанжалды) медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен шешу» тақырыбына дөңгелек үстел өтті

27/05/2016

Іс шара Катонқарағай ауылдық округінің медиация кабинетінде, Катонқарағай ауылының кәсіби емес медиаторлар, Катонқарағай заң консультациясының өкілдері  мен  «Арай-Луч» газетінің өкілдерінің  қатысуымен өтті.

Өскемен қаласының №2 сотының судьялары медиация тәртібінде қаралған қылмыстық істер бойынша брифинг өткізді

27/05/2016

Өскемен қаласының №2 сотының судьялары К.Садуакасова, Ж. Онгарбаева, С.Бекишева, С.Сарсенбаев және Э.Мукаев «Мой город» газетінің тілшісі Р.Кудиновтың қатысуымен брифинг өткізді.

Брифинг «Медиация туралы» Заңын қолданумен қаралған қылмыстық істерге арналды. 

«Медиация – татуластыру институты» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел өтті

27/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы А.Алдияров Семей қаласының Достық үйінде «Медиация – татуластыру институты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған шараға «Нұр Отан» партиясының өкілі М.Жакимбаев, Семей қаласы прокурорының көмекшісі А.Шаймухаметова, Семей қаласының ІІБ-ның өкілі М.Ашханов, медаторлар Г.Бекишева, С.,Құсаинов, А.Измайлова, С.Қалиева, Д.Жұмашев, В.Зеленый қатысты.

Күршім аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

27/05/2016

Күршім аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен азаматқа  К-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Күршім ауылының тұрғыны К. алкогольдік масаң күйінде өзінің бұрынғы зайыбының үйінде оны балағаттаған, отбасылық-тұрмыстық қатынастағы азаматтың тыныштығын бұзып, оған сыйламаушылық білдіріп Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

«Медиативтік үрдістер – соттардың жұмыс сапасын бағалаудың өлшемдерінің бірі» тақырыбында семинар өткізілді

27/05/2016

 «Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ ғимаратындағы медиация кабинетінде судья Д.Наукенова «Медиативтік үрдістер – соттардың жұмыс сапасын бағалаудың өлшемдерінің бірі» тақырыбында семинар өткізді.

Бұл іс-шараға Бородулиха ауданы прокурорының көмекшісі Н.Найманов, адвокат Д.Тоқтаров, кәсіпқой емес медиатор В.Шкода, жергілікті полиция қызметінің өкілі Е.Тұрарқанов қатысты.

Медиация кабинетінде дөңгелек үстел өтті

27/05/2016

Жарма ауданының №2 аудандық сотының төраға м.а. А.Кальпебаева Шар қаласының әкімшілігінде орналасқан медиация кабинетінде  Шар қаласы бойынша кәсіпқой емес медиатор К.Камалиев, Жарма АІІБ Шар ПБ-нің өкілі УПИ К.Айтмұханбетов, кәмелеттік жастар істері бойынша инспекторлар С.Хасенов, Д.Оразханов, Шар қаласы бойынша АҚ «Халық банк» өкілі С.Оспанова қатысуларымен  «Дауды шешудің балама түрі-медиация» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» бойынша семинар өткізілді

27/05/2016

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық сотының ғимаратында судья Д.Наукенова «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер» тақырыбында семинар өткізіп, оған Бородулиха ауданы прокурорының көмекшісі Қ.Хайдаров, Бородулиха АІІБ кілдері, аудан қоғамдастығы, сот мамандары қатысты.

Шығарып жіберу туралы шешімді орындамағаны үшін сотталды

27/05/2016

Зырян аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 393-бабы (шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау) бойынша М.Мансуровқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта 2016 жылы сәуір айында Өзбекстан Республикасының азаматы М.Мансуров Қазақстан Республикасына келіп, еңбек етуге арнайы рұқсат алмай Зырян ауданының Тұрғысын ауылында өнеркәсіп тауарларын сатумен айналысқаны анықталған.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

27/05/2016

Үржар аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабы, 1-бөлігімен  (процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк)) әкімшілік іс қаралды.

Ата-аналар дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімге келді

27/05/2016

Семей қаласының Ювеналды сотында  ата-ана құқығынан айыру туралы іс қаралды. 

Сот отырысында тараптардан дауды медиация тәртібімен шешу және медиация рәсімін істі қарап жатқан судьяның жүргізуі туралы өтініш білдірді.

Үржар ауылдық округінің әкімшілігінің ғимаратында орналасқан медиация кабинетінде дөңгелек үстел өтті

27/05/2016

Үржар аудандық сотының төрағасы  Д.Серікбайдың  басшылығымен  Үржар ауылдық округінің жанынан  құрылған  татуласуға  арналған медиация кабинетінде  «Медиация заңын қолданудың  маңыздылығын талқылау»  тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс шараға ақсақалдар кеңесі, Үржар ауданының әкімі аппаратының өкілі, аудандық «Уақыт тынысы» газетінің өкілі, ауыл әкімшілігінің қызметкерлері, кәсіби емес медиаторлар  қатысты.

Өскемен қаласының №2 сотында баспасөз конференциясы өтті

27/05/2016

Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы Г.Әділбаева қылмыстық сот өндірісінде медиаторлардың қатысуымен татуластыру рәсімдері туралы тақырыбында баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясында «Мой город» газетінің тілшісі Р. Кудинов, «Устинка» газетінің тілшісі А.Ожарова, «Витязъ» журналистік зерттеу және құқықтық ақпараттар агентігінің тілшісі А.Божков қатысты.

Кем шыққан сомманы өндіру туралы дау медиацияны қолдану арқылы шешілді

27/05/2016

Зырян аудандық соты «Сладомир» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкер Е.Баймурзиновадан кем шыққан сомманы өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сотта «Сладомир» ЖШС дүкенінде кезекті тексеріс кезінде Е.Баймурзинова 175 000 теңгеге азық-түлікті қарызға алғаны анықталды. Е.Баймурзинова қарызын 30.05.2016 жылға дейін қарызды қайтаратыны жөнінде міндеттеме алған, бірақ қазіргі күнге дейін қайтармағаны анықталған.

Салықтық есепті уақытында ұсынбағаны үшін айыппұлға тартылды

27/05/2016

Зырян аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 272-бабы, 2-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Жеке кәсіпкер Н.Черемнова 2015 жылдың 2 жартыжылдығына салықтық есепті шағын бизнестің субъектілерге арналған оңайлатылған декларацияны-уақытында ұсынбаған. Осылайша жеке кәсіпкер Н.Черемнова Қазақстан Республикасы салық кодексінің 437-бабының, 1-бөлігінің талаптарын бұзған.

«Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің қызметі үшін қарызды төлеу бойынша соттың шешімін орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

27/05/2016

Зырян аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) әкімшілік іс қаралды.

«Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің қызметі үшін В.Черешкевичтен 28 248 теңге көлемінде қарыз өндіру туралы Зырян аудандық сотының шешімі шығарылған.

Ішкі істер қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны үшін айыппұл салынды

27/05/2016

Глубокое  аудандық соты ӘҚБтК-нің 613-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат К.Әмірғалиевке қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта К.Әмірғалиев көлік құралдарын алкогольдік масаң күйінде жүргізген үшін 3 жылға көлік басқару құқығынан айырыла тұра, автокөлігін жүргізіп, Жол жүру ережесінің 2.1.1 тармағын   бұзғандығы анықталды. Өскемен қаласында  К.Әмірғалиев Жол жүру ережесінің 2.1.1 тармағын бұзған үшін ішкі істер органдарының қызметкерлерінің тоқтату заңды талабын орындамай жасырынбақшы болған.

Сот «қамауда ұстау» бұлтарттпау шарасын санкциялаудан бас тартты

27/05/2016

Глубокое ауданының тергеу судьясы күдікті А.Никишинді қамауда ұстау  бұлтартпау шарасын санкциялау туралы тергеушінің өтінішін қарады.

Сотқа ұсынылған іс құжаттарымен танысып, процеске қатысушыларды тыңдап, А.Никишин Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 191-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша жәбірленушінің   денсаулығына және өміріне қауіп төндірмейтін күштеу көрсету арқылы  жасалған  біреудің мүлігін /ұялы телефонын/  ашық түрде ұрлағаны үшін күдікті деп танылса да тергеу судьясы бұлтартпау шарасынан бас тарту шешімін қабылдады.

Глубокое аудандық соты оқушыларға арналған «Ашық есік күнін» өткізді

27/05/2016

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңына және оқу жылының аяқталуына, жазғы демалыстың  басталуына байланысты  Глубокое аудандық сотында Глубокое кентінің О. Бөкейханов  атындағы орта мектебінің 8-9 сынып оқушыларына арналған «Ашық есік күні» өткізілді.

Бұл шараға судья И. Рахметова, прокурордың көмекшісі А.Ештаев, қоғамдық ұстаз Б.Калиева, білім беру бөлімінің заңгері О.Алексеенко, Глубокое АІІБ кәмелетке толмағандармен жұмыс бойынша инспекторлары Л. Уфимцева, Л.Бухарбаева қатысты.

Ақжар ауылдық округінде «Медиация туралы заңын» талқылау туралы дөңгелек үстел өткізілді

27/05/2016

Тарбағатай  ауданының  Ақжар  ауылдық  әкімшілігінде    «Медиация туралы заңын»  талқылау тақырыбына  арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Тарбағатай  ауданының  №2 аудандық  сотының  төрағасы  С.Ахмеджанов, отставкадағы судья Т.Омар, кәсіби  емес  медиаторлар Т.Халықов, А.Ахметжанова  қатысты.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен қаралды

27/05/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы,  2-бөлігімен Н.Қанапияновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарымен, Н.Қанапиянов ішімдік ішкен масаң күйінде азаматтық некеде бірге тұрып жатқан жұбайымен сөзге келіспей, оның ар-намысына тиетін сөздермен балағаттап, отбасының тыныштығын бұзғандығы бекітіледі.

Сотта істі қарау барысында  кәсіби емес медиатор Т.Халықовтың қатысуымен жасалған медиативті келісім сотқа ұсынылды.

Неке медиация тәртібімен сақталды

27/05/2016

Тарбағатай аудандық сотында талапкер И. мен жауапкер С.-ның неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер И. өз талап арызында, жауапкермен заңды некеде тұрғанын, некеден ортақ кәмелеттік жасқа толмаған балаларының барын, жауапкермен мінездері жараспағандықтан, отбасы болып тұруға мүмкіншілік жоқтығын айтып, көрсеткен.

Тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіп, соттан азаматтық  істі өндірістен қысқартуды сұраған.

Семей қаласының Достық үйінде «Партисипативтік рәсімдер. Адвокаттар – тараптарды татуластырушы» тақырыбында семинар өткізілді

27/05/2016

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар Достық үйінде «Партисипативтік рәсімдер. Адвокаттар – тараптарды татуластырушы» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар сабағында Семей қаласының әкімшілік сотының және Семей қаласының № 2 сотының төрағалары,  облыстық адвокаттар алқасының мүшелері қатысты.

ШҚО Риддер қалалық соты «Медиация-бітімгершілік институты. Медиация туралы заңының қолдану аясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

27/05/2016

Риддер қаласының Достық үйінде жақында ашылған «Медиация кабинетінде»   Риддер қалалық соты төрағасының бастамасымен  «Медиация-бітімгершілік институты. Медиация туралы заңының қолдану аясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына  «Риддер қаласының ішкі саясат бөлімінің» басшысы А.Дүкенбаева, кәсіби медиаторлар, мемлекеттік органдардың өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Балықты заңға қарсы аулағаны үшін айыппұл салу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды

27/05/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  383-бабының 3-бөлігімен (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу) Е.Жақсылыққа қатысты   әкімшілік  іс  қаралды.