«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» бойынша семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық сотының ғимаратында судья Д.Наукенова «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер» тақырыбында семинар өткізіп, оған Бородулиха ауданы прокурорының көмекшісі Қ.Хайдаров, Бородулиха АІІБ кілдері, аудан қоғамдастығы, сот мамандары қатысты.

Судья Д.Наукенова Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдеде шыққан «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы күшін жойғанын, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2015 жылдың 18 қарашасында қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қолданысқа енгізілгенін атап өтті. Бұл жаңа Заң ел Президенті ұсынған Бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру  аясында дайындалған болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: заңдылық; адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы; жариялылық пен ашықтық; мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану; сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

Заңның 5-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

Прокурордың көмекшісі Қ.Хайдаров семинар барысында семинарға қатысушыларға сыбайлас жемқорлық тәуекелге (ішкі жіне сыртқы) талдау жасау – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу екендігін түсіндірді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелге сыртқы талдау қорытындылары бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын жою бойынша шаралар қабылдайды.

Семинар барысында Бородулиха аудандық сотының судьясы Д.Наукенова қатысушыларға сыбайлас жемқорлық саласындағы басқа да жаңашылдыдықарды түбегейлі түсіндіріп берді. Сондай-ақ, семинарға қатысушыларды қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді.

 

Бородулиха аудандық сотының

баспасөз қызметі