Архив событий

11/05/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотында «Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

11/05/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотында судья С.Жүніспекованың ұйымдастыруымен «Меншікке қарсы  қылмыстық  құқық бұзушылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына прокуратура және мемлекеттік органдардың өкілдері, Теректі ауылдық округінің нотариусы қатысты.

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өткізілді

11/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.

Сот төрағасы А.Молдағожина ұжымдағы ер азаматтарды атаулы мерекелермен құттықтай келе, зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріне жеміс, қызметтеріне сәттіліктер тіледі.

Семей қаласы № 2 сотында «Жеке адамға және халық денсаулығына қарсы қылмыстық істерді қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

11/05/2016

Семей қаласы № 2 сотында «Жеке адамға және халық денсаулығына қарсы қылмыстық істерді қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстелге модератор судья Ж.Абенова және Семей қаласы № 2 сотының судьялары қатысты.

Судья Ж.Абенова өз сөзінде, жеке адамға қарсы қылмыстарды саралау кезінде қылмыстық заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету үшін және әділ жаза тағайындау үшін кінәнің түрін, ниетінің түрін, дәлелмен мақсаты, тәсілі, қылмыстың жасалу сатысын, келіп түскен зардаптың ауырлығын анықтау қажет.

Экономикалық сотта Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өткізілді

11/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында төраға А.Рамазанов Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өткізді.

Глубокое аудандық сотының ұжымы Ұлы отан соғысы кезінде өз өмірлерін қиған жандарды еске алды

11/05/2016

Глубокое аудандық сотының ұжымы Жеңіс күніне арналған алаңның «Мәңгілік алау» отына тәуелсіздігіміз үшін күрескен жандарды еске алу мақсатында гүлдер мен гүл шоқтарын қойды.

 Салтанатты шараға қатысушылар қаһармандарды үнсіздікпен еске алды.

Жарма аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қарулы күштері және Жеңіс күні қарсаңында салтанатты шара өткізілді

11/05/2016

Жарма аудандық сотында  «Қазақстан  Республикасының Қарулы күштері» және «Жеңіс күні» қарсаңында салтанатты жиын өтті.

Жиында судья А.Садуакасова ер азаматтарды атаулы мерекелермен құттықтап, зор денсаулық, отбасында бақыт, жұмыста табыс тілеп, естелік сыйлықтар ұсынды.

Сот төрағасы Т.Алимханов және судья Б.Рахижанов  сот ұжымын  «Қазақстан Республикасының Қарулы күштері» және «Жеңіс күнімен» құттықтап, отбасылық береке-бірлік, еңбектеріне жеміс, денсаулық, жарқын көңіл-күй және сәттілік  тіледі.

Медиация – ерікті рәсім

11/05/2016

Медиация (ағыл. Mediation – делдалдылық)  – тараптардың  ерікті келісімін жүзеге асыруда өзара тиімді шешімге медиаторлардың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауларды (жанжалдарды) реттейтін рәсім.

Сот өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды

11/05/2016

Шығыс Қазақстандық облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстандық облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК Жеке кәсіпкер Ж.Мұрымбаевқа мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен жүгінген.

Әкімшілік қадағалау ережесін бұзғаны үшін сотталды

11/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық соты Қылмыстық кодексінің 431-бабы бойынша  (қадағалаудағы адамның тұрғылықты жерін өз бетімен тастап кетуінен немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейiн қадағалаудағы адамның таңдап алған тұрғылықты жерiне, демалыс және мереке күндерін есептемегенде, бес тәулік ішінде бармауынан көрінген, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға сот белгiлеген әкiмшiлiк қадағалаудан жалтару) А.Чуйкинге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Өскемен қаласының №2 сотында брифинг өтті

11/05/2016

Бүгін Өскемен қаласының №2 сотының судьялары Е.Белавина, А.Танекенова  «Мой город» газетінің тілшісі А.Сорокинаның, «Устинка» газетінің тілшісі А.Ожарованың қатысуымен брифинг өткізді.

Медиатор ерлі-зайыптыларды татуластырды

11/05/2016

Күршім аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы,1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса)  Ж.Еженовқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Өскемен қаласының №2 сотында адвокаттар сауалнама қатысты

11/05/2016

Өскемен қаласының  №2 соты сот жүйесінің беделін арттыру, соттардың қызметін ұйымдастыру деңгейін, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру, мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жузеге асыру, заңды және жеке тұлғалардың заңды мүдделерді мен құқықтарын қорғау, Шығыс Қазақстан облысының сот жүйесіне азаматтардың сенімін нығайту мақсатында әлеуметтік сауалнамалар өткізді.

Бүгін сауалнамаға қорғаушылар (адвокаттар) қатысып,  өткізіліп жатқан іс шараның маңыздылығын атап өтті.