Архив событий

30/05/2016

ШҚО Ұлан аудандық сотында «Дауларды шешудің балама тәсілдерінің даму тиімдігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

30/05/2016

Ұлан аудандық сотында кәсіби және кәсіби емес медиаторлармен «Дауларды шешудің балама тәсілдерінің даму тиімдігі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Достық үйі-қоғамдық келісім орталығындағы медиация кабинетінде семинар өткізілді

30/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке трлмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Г.Боранбаева  Достық үйі-қоғамдық келісім орталығындағы Медиация кабинетінде «Балаларға қатысты даулар бойынша медиацияның ерекшеліктері» тақырыбында семинар–тренинг өткізді.

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Сот кабинетін қолданудың тиімділігі» тақырыбында Ашық есік күні өткізілді

30/05/2016

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Сот кабинеті жүйесін қолданудың тиімділігі» тақырыбында Ашық есік күні өткізілді.

Шараның мақсаты «Сот кабинеті» сервисі туралы тиісті ақпаратты жариялап, түсіндірме жүргізу.

Уақытында тіркеуден өтпегені үшін айыппұл салынды

30/05/2016

Зырян аудандық соты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы, 2-бөлігімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы)  әкімшілік іс қаралды.

Үржар ауданы №2 аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

30/05/2016

Үржар ауданы №2 аудандық сотының судьясы  А.Жақсыбаев  Үржар аудандық кіріс баскармасы кызметкерлерінің алдында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында семинар өткізілді

30/05/2016

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотынының судьясы А.Танабаева «Әкімшілік құқықбұзушық туралы әкімшілік хаттама толтыру кезінде Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасының талаптарын сақтау» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Семинарға ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, учаскелік полицейлер, кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеу инспекторлары қатысты. Судья әкімшілік хаттамалардың дұрыс толтырылуы және рәсімделуі әкімшілік істі сапалы қарауға бірден бір кепіл болатынын атап көрсете отырып, бірнеше мысалдар келтірді.

Өскемен қаласының №2 сотында «Мемлекеттік тілдің қолданылуын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

30/05/2016

Өскемен қаласының №2 сотының судьясы Умисахан Даутовамен «Мемлекеттік тілдің қолданылуын дамыту» тақырыбында  құқық қорғау органдарының өкілдерімен және соттың ұйымдастыру бөлімінің бас маманының қатысуымен  дөңгелек үстел өткізілді.

Сот орындаушының әрекетіне қатысты шағым қанағаттандырусыз қалдырылды

30/05/2016

Арызданушы К. жеке сот орындаушысы жасаған әрекетіне шағымданып, онда шешімді орындау барысында, сот орындаушы борышкердің айлық жалақысының ұстап қалу жөнінде қаулы қабылдағанын көрсеткен. Аталған қаулымен ол келіспеген, себебі сот орындаушы оның ауыр материалдық және әлеуметтік жағдайын, яғни ол отбасының жалғыз асыраушысы болып табылатынын, оның асырауында кәмелет жасына толмаған баласы, бала күтімімен демалыста отырған зайыбы мен қарт анасы бар болғандығын ескермеген.

Шетелдік адамның Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін бұзған

30/05/2016

Зырян аудандық соты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы 517-бабы, 2-бөлігі (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) әкімшілік істі қарады.

Кассирден ақша қаражаты өндірілді

30/05/2016

Өскемен қалалық сотына талапкер «К.» ЖШС-і жауапкер С. жұмысшымен келтірілген материалдық залалды өндіру жайлы талаппен жүгініп, онда талапкермен еңбек қатынасында бола тұра, яғни букмекерлік кеңседе кассирші болып жұмыс жасаған кезінде 649 655 теңге ұтысты жеке тұлға А. ақшасыз қабылдап, жоғарыда көрсетілген сомада жауапкерге материалдық залал келтірген.

Сотта істі қарау барысында жұмысшы С. материалдық жауапты тұлға бола тұра өзінің жұмыс орнында азамат А. ойынға тігісті ақшасыз қабылдап, жауапкерге материалдық шығын келтіргені анықталды.

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына «Ашық есік күні» өткізілді

30/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Шараның басты мақсаты халыққа құқықтық көмек көрсету,  олардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту болып табылады.

Сот төрағасы А.Молдағожина заматтарға өздерінің туындаған мәселелері бойынша жеке қабылдау жүргізді.

Сот төрағасы өткізілген шара барысында жеке қабылдауында болған азаматтардың сұрақтарына қолданыстағы заң төңірегінде толыққанды жауаптар берді.

 

Көлікті алкогольдік масаң күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

30/05/2016

Үржар ауданы №2 аудандық соты ӘҚБтК-нің 608-бабының, 1-бөлімі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша Г.Тоқтауоваға қатысты әкімшілік істі қарады.

Семей қаласының Ювеналды сотында «Әрқашан күн сөнбесін!» тақырыбындағы жыл сайынғы суреттер байқауы өтуде

30/05/2016

Семей қаласының Ювеналды сотында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай,  «Әрқашан күн сөнбесін!» тақырыбындағы жыл сайынғы кезекті байқау басталды.

Байқаудың мақсаты – көркем шығармашылық аясындағы өнерлі балаларды анықтау болды.

Сот төрағасымен бекітілген Ережеге сәйкес, суреттер кез келген сурет салу техникасында салынуы мүмкін және жұмыстардың көлемі А4 пішімінен кем болмауы тиіс. Аталған шараға 12 жасқа дейінгі балалар қатысады.

Қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені үшін әкімшілік қамауға алынды

30/05/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған  С.Шеуджанға қатысты әкімшілік іс қаралды.

««Медиация туралы» Заңының тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

30/05/2016

Үржар аудандық сотының төрағасы Д.Серикбай «Нұр Отан» партиясының  Үржар  филиалының ғимаратында ««Медиация туралы» Заңының тиімділігі» тақырыбына  дөңгелек үстел өткізді.

Аталған шараға үш қоғамдық бірлестігінің төрағалары, Үржар ауданының әкімі аппаратының өкілі, «Уақыт тынысы» газетінің өкілі, «Нұр Отан» партиясының Үржар филиалының мамандары, Қазақстан Халықтары облыстық Ассамблеясының мүшесі, кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Өскемен қаласының №2 сотының медиация бөлмесінде студенттер болып қайтты

30/05/2016

Өскемен қаласының №2 сотында кезекті «Ашық есік күні» өтті. Бүгін сотта  Қазақ Американдық Еркін Университетінің 2 курс колледж студенттері  болып қайтты.

Іс шараның  мақсаты Медиация бөлмесінің жұмысы жайлы және «Медиация туралы» Заңын қолдану саласы туралы ақпараттандыру.

Іс шара барысында Өскемен қаласының №2 сотының кеңсе меңгерушісі С.Жортбасова  «Медиация туралы» ҚР Заңының талаптарын түсіндіріп, медиаторлардың қызметіне қойылатын талаптары мен медиатордың атқаратын қызметіне тоқталды.