Архив событий

17/05/2016

Көлік құралын есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

17/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде  басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік,  есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік істі қарады.

Сотта А.Бейсебаев есірткілік масаң күйде көлік жүргізгені анықталды. 

Зырян аудандық соты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішхатты қарады

17/05/2016

Зырян аудандық соты сотталушы Н.Лабудинаға қатысты оның жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішхатты қарады.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Н.Лабудина ҚК-нің 102-бабы бойынша 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.Үкім заңды күшіне енген соң тұрғылықты мекен-жайы бойынша пробация қызметіне есепте тұрған.

Қайталап құқық бұзушылық жасаған

17/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 4-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруы, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер) бойынша азамат И.Нигмановқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін айыппұл салынды

17/05/2016

Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер әкiмшiлiк жауапкершілікке әкеп соғады.

Бесқарағай аудандық сотында "Сот кабинеті" сервисі бойынша семинар өткізілді

17/05/2016

Бесқарағай аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот кабинеті» арқылы сотқа түскен талап арыздарды, апелляциялық шағымдарды, өтініштерді тіркеу және жауап жолдау тәртібі» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Семинар барысында кеңсе меңгерушісі М.Алимханова «Сот кабинеті»  арқылы сотқа түскен талап арыздарды, апелляциялық шағымдарды, өтініштерді тіркеу және жауап жолдау тәртібін рет-ретімен көрсетіп, түсіндірді.

Жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды

17/05/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК  596-бабы, 3-бөлігінде (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін А.Ушаковқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотта А.Ушаков өзінің басқаруындағы автокөлікпен көше бойында қозғалып келе жатып, төрт жолақты қозғалысы бар екі жақты қозғалысқа арналған жолда  жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып, сол бойымен қозғалғаны анықталды.

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласының №2 сотында судья және кәсіби медиатордың студенттермен кездесуі өтті

17/05/2016

Өскемен қаласының №2 сотының Шығыс Қазақстан Медиация Орталығымен бірлесе отырып, еліміздің жаңа заңдарын түсіндіруге арналған Казақ иновациялық гуманитарлық - заң университетінің «Заңтану» факультетінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

Судья Ж.Оңғарбаева Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық атқару кодекстерінің негізгі жаңашылдықтары жөнінде баяндады. Сонымен қатар, Өскемен қаласының №2 сотының  құрылу тарихы, оның қызметі жайында және Елбасының VI съездегі сот жүйесінің алдына қойған тапсырмалар туралы айтып өтті.

Аса iрi мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында сақтау және тасымалдау

17/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша  Б.Мұстафинге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Глубокое ауданының «Нұр Отан» ХДП ғимаратындағы медиация кабинетінде дөңгелек үстел өтті

17/05/2016

Глубокое  аудандық соты төрағасының жұмыс жоспарына сай, «Нұр Отан» ХДП-нің мәжіліс залында медиация рәсімін түсіндіруге, насихаттауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге ауданның кәсіби емес медиаторлары, «Нұр Отан» ХДП  төрағасы Д.Қадырбаев, ауыл әкімшілігінің мамандары қатысты.

Қауіпсіздік бойынша өзекті мәселелер талқыланды

17/05/2016

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Соттағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына ШҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының инспекторлары, соттағы ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің бас маманы М.Мыңжанов және  сот қызметкерлері қатысты.

Қылмыстық іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

17/05/2016

Үржар аудандық соты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108-бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) жеке айыптау шағымы бойынша қозғалған қылмыстық істі қарады.

Жәбірленуші алкогольдік масаң күйінде өзіне қасақана дене жарақаттарын келтірген бұрынғы жұбайына қатысты қылмыстық іс қозғау туралы жеке айыптау шағымымен сотқа жүгінген.

Сот отырысы барысында тараптар медиатордың қатысуымен татуласқандарын түсіндірді.

Суық қаруды заңсыз алып жүргені үшін сотталды

17/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласының №2 сотында ҚК-тің 287-бабы, 1-бөлігі (суық қаруды алып жүру аңшылық кәсіпшілікке байланысты болған жағдайды қоспағанда, суық қаруды заңсыз алып жүру немесе өткізу, сол сияқты тиiстi рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға, ұйымдарға қару-жарақты және оған оқ-дәрілерді сауда ұйымдары жұмыскерлерiнiң сатуы) бойынша С.Лищукке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот моральдық зиянның өтемін өндіру туралы талапты қанағаттандырды

17/05/2016

Өскемен қалалық сотында азамат К-нің азамат Ж-ге 80 000 теңге  моральдық зиянның  өтемін өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта жауапкер  қоғамдық орында яғни,  саяжайда бола тұра ұрыс шығарып, талапкерге  балағат сөздер айтып, оны қорлағандығы анықталды.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының заңды күшіне енген қаулысымен азамат Ж айыпты деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде  10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған. 

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

17/05/2016

Зайсан аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі (отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттер) бойынша азамат Н-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Сотта азамат Н. өзінің үйінде алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде өзімен бірге тұратын азаматтық некедегі жұбайымен ұрыс шығарып, балағат сөздер айтқандығы анықталған.

Сот отырысында тараптар кәсіпқой емес медиатор арқылы келісім жасап, татуласуларына байланысты соттан істі қысқартуды сұраған.

Жүргізушіге айыппұл салынды

17/05/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы 1-бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) бойынша Г.Бекбаеваға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді

17/05/2016

Тарбағатай аудандық сотында  ортақ мүлікті бөлу туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта талапкер Ж. жауапкер Н.-мен заңды некеде тұрғандығын, 2016 жылы некелері бұзылғанын, некеде бірге тұрған уақытта екеуінің бірігіп сатып алған ортақ мүлкі жауапкердің атына тіркелгенін, осы мүлікті жауапкердің атында қалдырып, тең бөлігін өзінің пайдасына ақшалай өтемақы өндіруді, мемлекеттік баж, өкілге төленген ақшаны жауапкерден өндіріп беруді сұрап, сотқа талап арыз түсіргені анықталды.

Сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

17/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха аудандық сотында ҚР ӘКБтК-нің 669-бабында қарастырылған құқық бұзушылық жасағаны үшін (сот үкімін, сот шешімін немесе басқа сот актісін және орындау құжатын орындамау) азамат Ш-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Бородулиха аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

17/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (18 жасқа толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін сату) азаматша Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта азаматша Н,  өзінің жұмыс орнында кәмелетке толмаған жасөспірімге бір қорап темекі сатқандығы анықталды.

Алкоголь өнімдерін 21 жасқа толмаған тұлғаға сатқандығы үшін жауапқа тартылды

17/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200-бабының 1-бөлігі (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь  өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша әкімшілік іс қарады.

Сотта дүкен сатушысы Р.Бұланбаева  21 жасқа толмаған тұлғаға 1 шөлмек сыра сатқандығы анықталды.