Архив событий

06/05/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотының ұжымы ҰОС және еңбек ардагерін Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтады

06/05/2016

ҚР Судьялар Одағы ШҚО филиалының төрағасы Е.Жұмақсанов және Шығыс Қазақстан облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы Е.Айтпай ҰОС және сот жүйесінің ардагері В.Меньшиковты Судьялар қауымдастығының атынан 7-мамыр Отан қорғаушылар және 9-мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы мерекелерімен арнайы құттықтап қайтты.

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»

06/05/2016

Семей қаласы №2 сотының төрағасы Д.Булғынбаев Ұлы Отан соғысына қатысқан  және Қазақстан Республикасынына еңбегі сіңген сот жүйесінің ардагері  және Ұлы Отан Соғысының ардагері Исабеков Арғынғазы  Исабекұлының жесір әйелі - Жапарова Қамашты судьялар атынан келе жатқан Ұлы Жеңістің 71 жылдығы мерекесімен құттықтады.

Жапарова Камаш өз  жолдасы Исабеков Арғынғазы Исабекұлын еске алып өз ойымен бөлісті.

Семей қалалық соты ардагерлерді «Ұлы Жеңіс» күнімен құттықтады

06/05/2016

Жеңіс күні – әсіресе Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен куәгерлерінің арасында көзі тірі қалғандардың санаулы-ақ қалғандығына шынында да көзімізге жас алатындай ұлы мереке.

9 Мамыр күні қарсаңында Семей қалалық сотының судьялар корпусы сот жүйесінің ардагерлері – тыл еңбеккерлері мен балалық шақтары соғыс кезінде өткен С.Копылова мен  В. Тихомированы құттықтады.

Зырян аудандық соты сот жүйесінің ардагері, тыл еңбеккері А.Кургинаны «Женіс Күні» мерекесімен құттықтады

06/05/2016

Зырян аудандық сотының төрағасы А.Исмагулов  және  Зырян аудандық сотының судьялары  Ф.Айнеков., Л.Мамырбаева  сот жүйесінің  ардагері, тыл еңбеккері А.Кургинаны  - Жеңіс Күнімен құттықтады.

Ардагерге арнайы мерекелік ыстық лебіздерін білдіріп,  зор денсаулық,  көтеріңкі көңіл-күй, туыстары мен жақындарының қолдауына бөлене беруін тіледі.

Зырян аудандық сотының ұжымы атынан естелік сыйлықтар мен гүлдер табысталды.

Зырян аудандық сотының

Глубокое аудандық сотында Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өткізілді

06/05/2016

Глубокое аудандық сотында Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өткізілді.

Іс шараға сот төрағасы, судьялар мен сот мамандары қатысты.

Судья А.Болатова құттықтауында, ұжымның  барлық ер азаматтарын мерекелерімен құттықтап, бұл мейрамның біздің еліміз үшін және әр бір азамат үшін  ерекше күн екендігін атап өтті. Барлығына ашық аспан, сәттілік, еліміздің көркейюі үшін аянбай еңбек етіп, адал істер жасап, әр бір жанұяға татулық пен бірлік тіледі.

Глубокое аудандық сотының ұжымы ардагерлерді құттықтады

06/05/2016

Ұлы Жеңіс күнінің 71 жылдығын мерекелеу қарсаңында Глубокое аудандық сотының  ұжымы ардагер  Насибулина Магинур Хасанқызын арнайы барып мерекемен  құттықтады.

Соттың мамандары Г.Жангудиева мен К.Хамзин  ардагердің соғыс кезіндегі барлық ауыртпалықтары мен соғыстан кейінгі күйзелісті өткерген үшін ризашылықтарын білдіріп, атаулы мерекемен құттықтады.

Отан үшін күрескендер жайында еске алуда

06/05/2016

Семей қалалық сотының ұжымы Отанды фашистік басқыншылардан босатқандарға тағзым етіп Жеңіс саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Қатысушылар қаза болғандарды минуттық үнсіздікпен еске алды.

«Олардың ержүректіктерінің арқасында бейбітшілікте ғұмыр кешудеміз, соғыс жайында тек кітаптар мен фильмдер арқылы ғана білеміз. Жеңіс күні мерекесі қазақстандық әскердің батырлық тарихын, жауынгерлердің айбыны мен ержүректігін бейнелейді", - дегенді атап өтті судья А.Секенов.

Шетелдік азамат Қазақстан аумағынан шеттетілді

06/05/2016

Өскемен қалалық соты  ШҚО ІІД-ның арызы бойынша Қазақстан аумағынан шығару туралы азаматтық істі қарады.

Іс материалдарынан азамат Ш-ның Қырғызстан азаматы екендігі, Қазақстан Республикасында қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды.  Сот үкімімен ҚК 181-бабы, 2-бөлігі, "в" тармағы, ҚК 125-бабы, 2-бөлігі, "а,б,д,з" тармақтары бойынша мүлкі тәркіленумен қатар, 8 жылға  бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. 

Глубокое аудандық сотында семинар өтікізілді

06/05/2016

Жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Глубокое аудандық сотының төрағасы Б.Касенов Глубокое ауданының Белоусовка кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сот төрағасы 2016 жылдың 4 айындағы сот жұмысының қорытындысын жұрттың назарына ұсынды, сонымен қатар, азаматтардың сот төрелігіне қол жетімділігін жеңілдетуге бағытталған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жүргізіліп отырған реформаларын да халыққа ұсынды.

Қылмыстық іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

06/05/2016

Курчатов қалалық сотында азамат М.Голубевты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, азамат  М.Голубев танысын кездестіріп, екеуі көліктің салонында спирттік ішімдікдік ішкен. Сол кезде М.Голубев жәбірленнушіге тиесілі  ұялы телефонын жасырын ұрлап алып, жәбірленушіге 26 650 теңге материалдық шығын келтірген.

Медиативтік келісім бекітілді

06/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық соты «Ертіс» «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация» Ұлттық компаниясы АҚ-ның «Үлбі Несие» Несие серіктестігі» ЖШС-не, М. Хонанға  ақшалай қаражатты өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі бойынша медиация тәртібімен бекітілген келісімге қол қойылды.   

«Ертіс» «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация» Ұлттық компаниясы АҚ «Үлбі Несие» Несие серіктестігі» ЖШС-не кәсіпкерлік қызметін кеңейту мақсатында несие берген. Онда жауапкер М. Хонан кепіл беруші ретінде  қатысқан.

Татаптар бітімгершілік келісімге келді

06/05/2016

Катонқарағай аудандық сотында материалдық шығынды және моральдық залалды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Істі сот отырысына дайындау барысында тараптардан  сотқа бітімгершілік келісім жасауға өтініштер түскен, келісімнің шарты бойынша жауапкер белгіленген мерзімге дейін 60 000 теңге көлемінде талапкерге материалдық шығынмен моральдық залалды төлеуге міндеттелді, ал талапкер өз кезегінде талабынан бас тартады.

Сот жеке қаулы шығарды

06/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық соты жергілікті атқару органының атына жеке қаулы шығара отырып,  О.Нұржанованы мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін кезекке тұрғызу туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартуда  заң бұзушылыққа жол бергенін Глубокое ауданы әкімінің назарына жеткізген.

Автокөлік құралын масаң күйінде басқарғаны үшін жауаптылыққа тартылды

06/05/2016

Катонқарағай аудандық сотында құқық бұзушы А.Логиновқа қатысты ӘҚБК-нің 608-бабының, 1-бөлігінде (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру)  әкімшілік іс қаралды.

Өскемен қалалық сотында 2016 жылдың 4 айында 217 азаматтық іс медиацияны қолдану арқылы қаралды

06/05/2016

2016 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа енген Азаматтық іс жүргізу кодексі судьялармен  медиацияны жүргізуді қарастырады.

Тәжірибеде көрсетілген  заң нормасы  іс жүргізу барысында  тараптар  арасындағы  дауларды шешу жолын жеңілдетеді.

2016 жылдың 4 айының қортындысы бойынша ШҚО Өскемен қалалық сотында 217 азаматтық іс медиациялық келісіммен бекітіліп,  іс жүргізу қысқартылған.

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты жеке қаулы шығарды

06/05/2016

Семей  қаласының мамандандырылған әкімшілік соты  Өзбекстан Республикасының азаматы Х.Тошпулатовқа қатысты Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабының 5-бөлігіне сәйкес (еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) әкімшілік істі қарады.

Сот қаулысымен Х.Тошпулатовқа қатысты әкімшілік іс бойынша сот өндірісі оның іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қысқартылды.

Қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалды

06/05/2016

Зырян аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 340-бабы, 1-бөлігінде (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) қарастырылған  А.Бұрнашовка қатысты қылмыстық істі қарады.

Іс құжаттары бойынша, 2016 жылдың сәуір айында А.Бұрнашов өзінің үйінің жанында бола тұра, кесуге рұқсаты болмаса да орман қорына кірмейтін «Ива» ағашының екі талын кескен.Ағаштарды заңсыз кесу нәтижесіңде мемлекетке 403 теңге материалдық  залал келтірді.

Семей қаласының Ювеналды сотының қызметкерлері ардагерлерді Жеңіс Күнімен құттықтады

06/05/2016

Ұлы Жеңісті мерекелеу қарсаңында  Семей қаласының Ювеналды сотының судьялары мен мамандары Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады.

Жас ұрпақтарға мереке рухын, оның мән-мағынасын жеткізу, бізге Отан және жер бетіне бейбітшілік өмір сыйлаған батырлардың ерлігін есімізде мәңгі қалдыру үшін Семей қаласында соғыс және еңбек ардагерлерінің, мемлекеттік органдардың басшыларының, сонымен қатар, Семей қаласының тұрғындарының қатысуымен Жеңіс күніне арналған іс-шаралар 9 мамырға дейін басталып кетті.

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Е-Кадрлар электрондық ақпараттық жүйесі» тақырыбында семинар сабағы өтті

06/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі Ш.Рахимжанова «Е-Кадрлар электронды ақпараттық жүйесі» бойынша кеңсе мамандары арасында семинар сабағын өткізді.

Татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

06/05/2016

Зырян аудандық соты Қылмыстық Кодекстің 131-бабымен 1 бөлігінде (қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту) қарастырылған құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпталған И.Герасимовқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Кәсібі емес медиатордың жүргізген жұмысының нәтіжесінде, жеке айыптаушы сотталушымен бітімгершілік келісім бекітті.

Сот қаулысымен қылмыстық сот өндірісі тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен қысқартылды.

Катонқарағай аудандық сотында бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат қаралды

06/05/2016

ШҚО Катонқарағай аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі ҚК-тің 188-бабы, 3-бөлігі, 188-бабының, 2,3-тармақшасында белгіленген қылмысты жасады деген күдікті  Е.Ахметовқа қатысты, бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау туралы өтінішпен Катонқарағай аудандық сотына жүгінген.

Сотқа ұсынылған құжаттарда, 25.01.2016 жылы түнгі уақытта азамат Е.Ахметов сауда үйінен  жалпы көлемі 3 914 950 теңге құрайтын тондар мен бас киімдер және зергерлік бұйымдардарды жымқырғандығы анықталды.

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында...

06/05/2016

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық соты Ұлы жеңіс күні қарсыңында Катонқарағай ауылының Ұлы Отан Соғысының  ардагерлерін құттықтады.

Сот төрағасының м.а. Г.Күдербаева  өз сөзінде,  9 мамыр – әр қайсымыз үшін құрметті мейрам болып кеткенін, Жеңіс күні –  жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты  отансүйгіштікке тәрбиелеу екендігін айтты.