Архив событий

24/05/2016

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

24/05/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 608-бабының, 3-бөлігі бойынша,   яғни көлік құралдарын бүлдіруге әкеп соққан көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару түріндегі құқық бұзушылықты жасағаны үшін азамат  С.Смағұловқа қатысты әкімшілік  іс  қаралды.

Сотта С.Смағұлов көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқару барысында көліктің басқару жүйесіне ие бола алмай, автокөлігі аударылып, бүлдірілгендігі анықталды.

Күршім ауданының №2 аудандық сотында үш әкімшілік іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

24/05/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің  73-бабының 1-бөлігі бойынша (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаған) азаматтар М.Сукеневке, Б.Хамитовқа және Б.Тоқаевқа  қатысты әкімшілік істерді қарады.

Сот жұмысшының құқығын қорғады

24/05/2016

Семей қалалық соты Г.Шаймарданованың  «Тасымал көлігі»  ЖШС-інен  398 642 теңге көлеміндегі еңбекақысын өндіру бойынша азаматтық істі қарады.  Сот шешімімен арыз талаптары қанағаттандырылды.

Ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау

24/05/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін М.Елеукеновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Алимент бойынша берешектің болуы жүргізуші куәлігін тоқтатуға негіз болды

24/05/2016

Семей қалалық соты мемлекеттік сот орындаушысының борышкерге бұрын берілген жүргізушілік куәлігі, яғни көлік құралын жүргізу құжатының күшін тоқтату бойынша ұсынысы қаралды.

Іс материалдарынан сот орындаушысының өндірісінде И.Эпштейннен баланы асырауға барлық табыс көзінің 4/1 бөлігін құрайтын алиментті өндіру бойынша атқару ісі жатқаны белгілі болды. Берешек көлемі 159 955 теңгені құраған.

Борышкер бүгінгі таңда жұмыс істейді, кірісі бар,  дөңгелек жөндеумен айналысады, алайда қарызды өтеуден жалтарып отыр.

Экономикалық сотта «Мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбеті мен өзін-өзі ұстау стандарттары» тақырыбында семинар өткізілді

24/05/2016

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбеті мен өзін-өзі ұстау стандарттары» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Е-Кадры» автоматтандырылған жүйесінде жеке карточкаларды дұрыс толтыру» тақырыбында семинар өтті

24/05/2016

ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Е-Кадры» автоматтандырылған жүйесінде жеке мәліметтерді дұрыс толтыру» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда кеңсе меңгерушісінің м.а. А.Ахметова баяндама оқып, жеке карточкалардың барлық деректемелерінің дұрыс толтырылуын көрсетіп, салынатын әрбір құжаттың көшірмесі PDF форматында болуын және жеке бас мәліметтері өзгерген жағдайда, олардың уақытылы енгізілу қажеттілігін атап өтті.

Сот жеке қаулы шығарды

24/05/2016

Глубокое аудандық соты Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер) бойынша сотталған С.Қонақовқа қатысты қылмыстық істі қарау кезінде жеке қаулы шығарды.

Еңбекақы бойынша қарызды өндіру туралы дау медиация тәртібінде реттелді

24/05/2016

Глубокое аудандық соты «Теплоэнергия» КМК жұмысшыларына еңбекақы төлемі бойынша қарызды өндіру туралы 35 азаматтық істерді медиация келісіме сәйкес өндіріспен қысқартты.

Алдын – ала мәжілісте тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді сотқа ұсынып, істі өндірістен қысқартуды сұрады.

Өскемен қаласының №2 сотында Медиация рәсіміне арналған «Ашық есік күні» өтті

24/05/2016

«Медиация туралы» Заңы енгізілген күннен бастап республиканың сот жүйесі Қазақстан Республикасының Судьяларының VI съезінде қазақстандық сот төрелігінің негізгі басымдықтарының бірі болып аталған медиация институтын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Бүгін Өскемен қаласының №2 сотының кеңсе меңгерушісі С.Жортбасова Медиация рәсіміне арналған «Ашық есік күнін» өткізді.

Іс шараның мақсаты – медиация институтын дамыту мақсатында қабылданған шаралар туралы азаматтарды ақпараттандыру.

Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталды

24/05/2016

Глубокое аудандық сотында ҚР ҚК 106-бабы, 3-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру салдарынан жәбірленушінің өліміне әкеп соғуы) бойынша С.Қонақовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта  ауыр қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотты болған С.Қонақовтың жәбірленушіге қатысты күш қолданып, соққыға жыққандығы анықталды. Алған ауыр дене жарақаттарының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қаза болған.

Қоғамдық орынды ластаған

24/05/2016

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша азамат П.Павлюкқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

24/05/2016

Глубокое аудандық соты ҚР ҚК 293-бабы, 1-бөлігі (бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу) бойынша Н. Трофимовқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Айналасындағыларға құрметтемеушілік танытқаны үшін қамаққа алынды

24/05/2016

Ұлан ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің  434-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азамат Н.Шуашпаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта Н.Шуашпаев қоғамдық орында темекі шегіп, темекінің қалдығын жерге тастаған, сөйтіп қоғамдық орынды ластаған, ол өз іс-әрекетімен Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434 бабының 1 бөлігімен көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды.       

Глубокое ауданында «Медиация туралы Заңның қолдану аясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

24/05/2016

Глубокое аудандықсотының төрағасы Б.Касенов «Медиация кабинетінде» - «Медиация туралы Заңның қолдану аясы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек сұтел жұмысына ауыл әкімі Р.Сейтқанов және Глубокое кентінің кәсіби емес медиаторлары мен әкімшілік мамандары қатысты.

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

24/05/2016

Ұлан ауданының №2 аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің  440-бабы, 4-бөлігі (ергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азамат Д.Чайкинге қатысты әкімшілік істі қарады.

Глубокое аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

24/05/2016

Глубокое аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Ашық есік күні» өтті.

Аталған шараның мақсаты аудан тұрғындарына құқықтық көмек көрсету, халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және олардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру болып табылады.

Еңбек дауы медиация тәртібімен шешілді

24/05/2016

Өскемен қалалық сотына талапкер ЖШС-і жұмысшымен келтірілген 1 221 000 теңге көлемінде материалдық залалды өндіру жайлы талап арызбен жүгінген.  Жауапкер букмекерлік кеңседе кассирші болып қызмет атқарып жүріп  ұтысты ақшасыз қабылдап, жұмыс берушіге аталған сомада залал келтірген.

Сот науқасты маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы шешім шығарды

24/05/2016

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық сотында «Бесқарағай орталық аудандық ауруханасы» МКМ-нің азамат К-ны маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеуге жолдау туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта сараптама қорытындысы бойынша азамат К-ның ішімдікті қабылдау салдарынан пайда болған психикалық және мінез-құлық күйзелісімен ауыратындығы және мәжбүрлі түрде емдеу қабылдауы тиіс екендігі анықталды.

ШҚО Семей қаласының Достық үйінде «Қолданыстағы Қылмыстық процестік кодкс бойынша татуластыру рәсімдерін сот тәжірибесінде тиімді қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

24/05/2016

Семей қаласының «Достық үйінде» «Қолданыстағы Қылмыстық процестік кодкс бойынша татуластыру рәсімдерін сот тәжірибесінде тиімді қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

24/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық соты ҚР ӘҚБтК 608- бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзған, яғни жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарғаны үшін Д. Джингуловқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта Д.Джингулов көлікті алкогольды масаң күйінде басқару кезінде полиция қызметкерлерімен ұсталғаны анықталды.

Шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарылды

24/05/2016

Өскемен қалалық соты «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті» Мемлекеттік мекемесінің Ресей Федерациясының азаматын Қазақстан Республикасының аумағынан еркінен тыс шығару жайлы арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Оқушыларға арналған «Ашық есік күні»

24/05/2016

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңына және оқу жылының аяқталуына жазғы демалыстың басталуына байланысты Глубокое аудандық сотында Глубокое кентінің Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің 8-9 сынып оқушыларына арналған «Ашық есік күні» өткізілді.

Бұл шараға прокурордың көмекшіс А. Безродных, қоғамдық ұстаз О. Беляева, білім беру бөлімінің заңгері О.Алексеенко, Глубокое АІІБ кәмелетке толмағандармен жұмыстары бойынша инспекторы Л. Уфимцева қатысты.

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

24/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат А.Саньязовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  отырысында  А.Саньязов некедегі әйеліне сыйламаушылық көрсетіп, балағат сөздермен қорлап,  тыныштығын бұзғаны анықталды.

Сот материалдық шығын өтеуден бас тартты

24/05/2016

Жеке кәсіпкер «Ф.» жұмысшы Ж-ның келтірген материалдық шығынды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Талапкер талап арызында жауапкер Ж-ның жүргізуші-экспедитор болып жұмыс істеген кезінде материалдық жауапты тұлға бола тұра, оған сеніп тапсырылған тауардың ақшасы 648 323 теңге қаражатты ұрлатып алғанын көрсеткен. Талапкер соттан жауапкер Ж-дан  материалдық шығынды өндіруді сұраған.

Заңнама талаптарын сақтамағанның нәтижесі

24/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық соты Глубокое ауданының ІІБ басшылығына жеке қаулы шығарды, онда полиция қызметкерлерінің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарын бұзғандарына назар аударылған. Глубокое аудандық сотына ӘҚБтК 73-бабы, 1-бөлігі бойынша Р.Макишевке қатысты әкімшілік іс түскен.