Ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін М.Елеукеновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, М. Елеукенов қоғамдық орында,  шемішке шағып, қабығын белгіленбеген жерге тастаған. Осы әрекеті арқылы ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдірген. Қоғамдық тәртіп пен тазалыққа нұқсан келтірген.

Сот М. Елеукеновті ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, әкімшілік шара ретінде бір тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулы етті.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының

мамандандырылған әкімшілік сотының

баспасөз қызметі