ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Е-Кадры» автоматтандырылған жүйесінде жеке карточкаларды дұрыс толтыру» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Е-Кадры» автоматтандырылған жүйесінде жеке мәліметтерді дұрыс толтыру» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда кеңсе меңгерушісінің м.а. А.Ахметова баяндама оқып, жеке карточкалардың барлық деректемелерінің дұрыс толтырылуын көрсетіп, салынатын әрбір құжаттың көшірмесі PDF форматында болуын және жеке бас мәліметтері өзгерген жағдайда, олардың уақытылы енгізілу қажеттілігін атап өтті.

Сонымен қатар, мамандардың назарына Соттар әкімшісінің 2016 жылдың 31 мамырына дейінгі мерзімде сауалнамалардың сапалы толтырылуы туралы бақылау тапсырмасы жеткізілді.

Соңында мамандар «Е-Кадры» жүйесінің жұмысы туралы туындаған сұрақтарына жауап алды.

 

 

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі