Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 608-бабының, 3-бөлігі бойынша,   яғни көлік құралдарын бүлдіруге әкеп соққан көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару түріндегі құқық бұзушылықты жасағаны үшін азамат  С.Смағұловқа қатысты әкімшілік  іс  қаралды.

Сотта С.Смағұлов көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқару барысында көліктің басқару жүйесіне ие бола алмай, автокөлігі аударылып, бүлдірілгендігі анықталды.

Сот қаулысымен  азамат С.Смагулов ҚР ӘҚБтК  608-баптың,  3-бөлігі  бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Күршім ауданының № 2

аудандық сотының баспасөз қызметі