Алимент бойынша берешектің болуы жүргізуші куәлігін тоқтатуға негіз болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық соты мемлекеттік сот орындаушысының борышкерге бұрын берілген жүргізушілік куәлігі, яғни көлік құралын жүргізу құжатының күшін тоқтату бойынша ұсынысы қаралды.

Іс материалдарынан сот орындаушысының өндірісінде И.Эпштейннен баланы асырауға барлық табыс көзінің 4/1 бөлігін құрайтын алиментті өндіру бойынша атқару ісі жатқаны белгілі болды. Берешек көлемі 159 955 теңгені құраған.

Борышкер бүгінгі таңда жұмыс істейді, кірісі бар,  дөңгелек жөндеумен айналысады, алайда қарызды өтеуден жалтарып отыр.

"Атқару өндірісі және сот орындаушыларының мәртебесі" туралы Заңның 34 бабы 1 тармағына сәйкес қарыз жүз айлық есептік көрсеткіштен  асып кеткен жағдайда алимент өндіру туралы атқару құжатының борышкермен үш ай көлеміндегі мерзім бойына себепсіз орындалмаса, сотқа борышкерге лицензиялар, келісімдер мен арнайы куәліктер,  сонымен қатар егер аталған құжаттар бұрын берілсе де әрекеті тоқтатылады.  

Сот ұйғарымымен  «А,В,С,D,E» санатты көлік жүргізу  күәлігі бойынша оны қолданудың арнайы құқығы тоқтатылды. 

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қалалық сотының

 баспасөз қызметі