Архив событий

20/05/2016

Көлікті масаң күйінде басқарғаны үшін көлік жүргізу куәлігінен айырылды

20/05/2016

Жарма ауданының  №2 аудандық сотында Әкімшілік Құқық Бұзушылық Кодексінің  608-бабы, 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру)  азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта  жүргізуші  Т.,  көшесінің  бойында «Ваз-2106»  маркалы, мемлекеттік нөмірі 927 FLA 16 автокөлігін ішімдік ішкен масаң күйінде басқарғандығы анықталды. 

Әкелікті тану және алимент өндіру туралы іс медиация тәртібімен шешілді

20/05/2016

ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкелікті тану және алимент өндіру туралы іс қаралды. 

Алдын ала сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен шешу және медиация рәсімін істі қарап жатқан судьяның жүргізуі туралы өтініш білдірді.

Медиацияны жетілдірудегі қадамдардың жолдары

20/05/2016

Семей қаласындағы Достық үйінде Семей қалалық сотының судьясы С.Байбосынованың қатысуымен медиацияны жетілдірудің жолдары және медиация институтын дамуытуды талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында «Мұрагерлік құқық заңнамасының кейбір мәселелері» атты тақырыбында семинар өткізілді

20/05/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотында жергілікті нотариустың және Теректі ауылдық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінің қатысуымен «Мұрагерлік құқық заңнамасының кейбір мәселелері»  атты тақырыбында семинар өткізілді.

Сот төрағасы Калининск ауылдық округының әкімшілігінде медиаторлармен және ауыл белсенділерімен кездесті

20/05/2016

Глубокое аудандық сотының төрағасы Б.Касенов Глубокое ауданының Калининск ауылының әкімшілігінің ғимаратында  кәсіби емес, қоғамдық кеңес және ауыл ақсақалдар кеңесінің төрағасымен, ауыл белсенділерімен және әкімшілік мамандарымен кездесті.

Кездесуге ауылдық округының әкімі Т.Тағанбеков қатысты.

«Төрелік» жүйесінде апелляциялық шағымдарды тіркеу» тақырыбында семинар өткізілді

20/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот мамандары арасында«Төрелік» жүйесінде апелляциялық шағымдарды тіркеу» тақырыбында семинар өткізілді.

Зайсан аудандық сотының төрағасы «Ашық есік» күнін өткізді

20/05/2016

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев  Қарабұлақ ауылдық округінде халықпен кездесіп, сот жұмысының ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз ету мақсатында «Ашық есік» күні  іс-шарасын  өткізді.

Халықпен кездесуде «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары бойынша заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытында сот саласындағы өзгерістерге және атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Зайсан ауданы «Қарабұлақ ауылдық әкімдігі» ММ –де «Медиация кабинеті» ашылды

20/05/2016

Зайсан ауданы «Қарабұлақ ауылдық  әкімдігі»  ММ-де салтанатты түрде «Медиация кабинетінің» ашылу рәсімі болып өтті.

Салтанатты шараға Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев Қарабұлақ ауылдық әкімі  Қ.Чилыбаев, кәсіби емес медиаторлар Б.Қарыбаев, М.Атаев, Ж.Идырышева және ауыл  тұрғындары  қатысты

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев өз сөзінде, Заң үстемдігі принципін іске асырудың басым бағыттарының бірі болып табылатын татуластыру процедураларын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Тарбағатай аудандық сотында «Сот ғимаратына өткізу режимі туралы» семинар өтті

20/05/2016

Тарбағатай аудандық сотында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік күзет қызметі басқармасының Тарбағатай аудандық №4 полиция взводының жеке құрамымен «Сот ғимаратына өткізу режимі туралы» семинар өтті.

Соттағы өткізу режимінің мәселелерімен қатар, сот қызметiнiң белгiленген тәртiбiн сақтау, сот мәжілісі залына кіргізуге тыйым салынған заттар және оларды алып қою, төтенше жағдайлар орын алған жағдайда ұйымдастырылатын шаралар туралы жан-жақты түсіндірілді.

Қоғамдық жұмыстарға тартылды

20/05/2016

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық сотында азамат  Н. Қалиевті Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) айыптау туралы қылмыстық іс қаралды. 

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Дауларды медиация тәртібімен реттеудің тиімділігі» тақырыбында семинар өткізілді

20/05/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы С.Ибраев судьялардың және «Шаңырақ» медиация орталығының директоры Е. Абдрахманованың қатысуымен «Әкімшілік дауларды медиация тәртібімен реттеу» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға ҚАЕУ колледжінің «заңтану» мамандығының 2-курс студенттері қатысты.

Семинар барысында сот төрағасы медиатор дауласушы тараптарға ортақ мәмілеге келуге ықпал үшінші бейтарап тұлға екендігін атап өтті.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында «Мұрагерлік құқық заңнамасының кейбір мәселелері» тақырыпта семинар сабағы өткізілді

20/05/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотында жергілікті нотариустың және Теректі ауылдық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінің қатысуымен «Мұрагерлік құқық заңнамасының кейбір мәселелері»  атты тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Сот заңды бұзған учаскелік полиция инспекторын әшкереледі

20/05/2016

Семей қалалық соты учаскелік полиция ­инспекторына қатысты заң талабының бұзыл­уына байланысты жеке ұйғарым шығарды­. Жеке ұйғарым  келтірілген шығынды өндіру туралы азаматтық істі қарау қорыт­ындысы бойынша шығарылды.

2016 ­жылы­­ 8 ­ақпанда­ ­№1­моншаның шатырынан­ ­«Toyota Camry»­маркалы көліктің үстіне қар түсіуінің салдарынан­ темір тұлпарға техникалық зиян келтіріл­ген.

Өскемен қаласының №2 сотында қылмыстық іс келісімдік іс жүргізу тәртібінде қаралды

20/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласының №2 сотында ҚК-нің 296-бабымен, 4-бөлігі (аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарды, өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау, тасымалдау) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпталған Г.Пазыловқа қатысты қылмыстық іс келісімдік іс жүргізу тәртібінде қаралды.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

20/05/2016

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттер) азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта азамат С. өзінің үйінде алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде өзімен бірге тұратын жұбайымен ұрыс шығарып, ұрыс барысында оған қатысты балағат сөздер айтқандығы анықталды.

Көлікті алкогольдік масаң күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

20/05/2016

Үржар ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 608-бабының 6-бөлімі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер) бойынша Д.Базаровқа қатысты әкімшілік іс қарады.

Мақаншы ауылдық округі әкімшілігінің ғимаратындағы медиация кабинетінде дөнгелек үстел өтті

20/05/2016

Үржар ауданының №2 аудандық сотының төрағасы К.Қонкаевтың ұйымдастыруымен Мақаншы ауылдық округі әкімшілігінің ғимаратындағы медиация кабинетінде медиация туралы заңын түсіндіруге, насихаттауға арналған дөнгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге ауданның кәсіби емес медиаторлары, ауыл әкімшілігінің мамандары қатысты.

Семей қаласының Ювеналды сотында ата-ана медиациялық келісімге келді

20/05/2016

Семей қаласының Ювеналды сотымен татуластыру рәсімдерін қолдануға байланысты түсіндіру жұмыстары азаматтар арасында тұрақты негізде жүргізіледі.

Жыл басынан бастап сотта барлығы 35 іс медиация тәртібінде қаралған. Ағымдағы аптада тағы бір дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді. Талапкер С.Құрманбеков спирттік ішімдіктер ішіп, баланың тәрбиесіне және асырауына үлес қоспайды деп азаматшы А-ны ата-ана құқығынан айыру туралы талаппен  сотқа жүгінген.

Ұлан ауданында "Медиация кабинеті" ашылды

20/05/2016

Таврия ауылдық округі әкім аппараты ғимаратында «Медиация кабинеті» ашылды.

«Медиация кабинетінің» ашылуына Ұлан ауданының №2 аудандық сотының төрағасы А.Аринова, кәсіби емес медиатор Ш.Утепов қатысты.

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында семинар сабағы өтті

20/05/2016

Семей қаласынң мамандандырылған әкімшілік сотында «Сыбайлас жемқорлық­қа қарсы күрес туралы және Қазақстан Респ­убликасы мемлекеттік қызметкерлерінің эт­икалық Кодексін түсіндіру» ­тақырыптарында семинар сабағы өтті.

Семинарға сот мамандары қатысты. Бас маман А.Кенесбекова баяндама оқыды.

Семей қаласы № 2 сотында "Медиация кабинетінің" ашылу рәсімі өткізілді

20/05/2016

Семей қаласының №2 соты «Медиация дамыту орталығы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің медиаторы Б.Кенжинамен бірге "Медиация кабинетінің"  ашылу рәсімі  өткізілді.

Аталған рәсімге Семей қаласының судьялары және де бұқараралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Әкімшілік қамаққа алынды

20/05/2016

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық сотында азамат С. Труновты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) айыптау туралы әкімшілік іс қаралды.

Мемлекет шегінен заңды бұзғаны үшін шығарылды

20/05/2016

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін, Өзбекстанның 2 азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта Өзбекстан азаматтары Ш.Махмудов пен С.Иргашев Қазақстанға еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген, бірақ көші-қон карточкасына келу себебін, яғни «жеке» мақсатта деп көрсеткен. Кейін Миролюбовка ауылы бойынша мекен-жайға уақытша тіркелген, алайда тіркелген жерде тұрмағандығы анықталды.

Автокөлік құралын масаң күйінде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды

20/05/2016

Катонқарағай аудандық сотында ҚР ӘҚБК-нің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік,
есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде
басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң   күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша  құқық бұзушы А.Кузнецовқа қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Сотта А.Кузнецов автокөлігімен алкогольдік масаң күйінде басқарып, келе жатқанда полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Автокөлігін алкогольдік масаң күйде болған жүргізушіге басқаруға бергендігі үшін көлік иесі жазаланды

20/05/2016

Тарбағатай ауданның №2 аудандық сотында, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша А.Құрмановқа қатысты әкімшілік іс қарады.

Іс материалдарынан, А.Құрманов өзінің жеке меншік автокөлігін танысының ішімдік ішкен масаң күйінде болғанын біле тұра басқаруға бергендігі анықталды.

Тарбағатай ауданында Ардагерлер орталығы жанынан «Медиация кабинеті» ашылды

20/05/2016

Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылындағы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында орналасқан Ардагерлер орталығының жанынан «Медиация кабинеті» ашылды.

Тарбағатай аудандық сотының төрағасының міндетін атқарушы Л.Мұратқанқызы медиацияны ұйымдастыру саласындағы қатынастар, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімдері, сондай-ақ медиатордың мәртебесіне тоқталып, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының талаптарын түсіндірді.

Зайсан аудандық сотының төрағасы халықпен кездесу өткізді

20/05/2016

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев аудандағы іргелес ауылдардың бірі Қарабұлақ ауылдық округінде халықпен кездесіп, сот жұмысының ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз ету мақсатында   халықпен кездесу  өткізді.