Архив событий

16/05/2016

Сот құқықты белгілейтін құжатты растады

16/05/2016

Өскемен қаласына Қытай Халық Республикасынан көшіп келген азаматша С-ның құжатында тек оның аты ғана жазылған, яғни әкесінің аты және тегі жазылмаған. Сондықтан ол ешқандай жерге жұмысқа тұра алмаған және жеке тіркеу номерін ала алмаған. Ол Өскемен қалалық сотына құжаттарындағы кемшілікті түзеп, заңды маңызы бар фактіні анықтау жайлы арызбен жүгінді.

Өскемен қалалық сотының шешімімен құжаттарындағы орын алған кемшіліктер түзетіліп, АХАЖ органына арызданушы С-ның құжаттарына тегін және әкесінің атын енгізу міндеті жүктелді.      

Некені бұзу туралы сот отырысы отбасының сақталуымен аяқталды

16/05/2016

Өскемен қалалық  сотында некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.Арызданушы Е. жұбайымен ара-қатынастарының шырқы бұзылғанын біліп, арадағы  некені бұзу туралы арызымен сотқа шағымданған. Ортақ некеден тараптардың екі  кәмелетке толмаған балалары бар.

Сот ерлі-зайыптылардың бір-бірімен татуласу үшін уақыт беріп, шара қолданды. Нәтижесінде  тараптар некені сақтап қалуға  келісімге келіп, іс медиация арқылы шешілді.

Сот аталған медиациялық келісімді  бекітіп, іс жүргізу өндірістен қысқартылды.

Қылмыстық іс қаралды

16/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-тің  99-бабы 1-бөлігі (адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) бойынша айыпталған К.Гущинге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Әкімшілік қамауға алынып, Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды

16/05/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 7-бөлігінде (Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы, осы баптың екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған Өзбекстан Республикасының азаматы Х.Мирзаахмедовке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Өзбекстанның 11 азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды

16/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасының 11 азаматына қатысты  әкімшілік істер қарады.

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

16/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық соты Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша әкімшілік істі қарады.

Қоғамдық орындарға алкогольдік масаң күйде келгені үшін әкімшілік қамаққа алынды

16/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының 4-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық   орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік іс қарады.

Сотта,  азамат А.Чумаков адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде полиция қызметкерлерімен ұсталғандығы, бір жылдың ішінде екі  рет алкогольдік ішімдіктерді iшкені немесе қоғамдық  орындарға масаң күйде келгені үшін жауапқа тартылғандығы анықталды.

Есірткі заттарын иемденіп, сақтағаны үшін сотталды

16/05/2016

Жарма ауданының  №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 296-бабы, 2-бөлігі (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша азамат  А.Тілекжановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық іс қаралды

16/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-тің  99-бабы 1-бөлігі (адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) бойынша айыпталған А.Кокоринге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ювеналды №1 сотта «Істерді мұрағатқа өткізу тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді

16/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Істерді мұрағатқа өткізу тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді. Осы іс-шараға кеңсе меңгерушісі мен соттың барлық мамандары қатысты.

Глубокое аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

16/05/2016

ШҚО Глубокое аудандық сотында мемлекеттік органдардың, полиция және прокуратура өкілдерінің, сот орындаушысының қатысуымен сот шешімдерін уақытылы және сапалы орындау мәселелерін талқау барысында дөңгелек үстел өткізілді.

Сот төрағасы Б.Касенов  өз сөзінде,  сот актілерін орындау және істерді мұрағатқа тапсыру мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатқандығына тоқталды.  Сот актілерінің орындалуы құқықтық тәжірибенің басты бөлігі, сот төрелігін жүргізудің сапасын анықтайтынын атап өтті.

Сот тұтынушының бұзылған құқығын қорғады

16/05/2016

Семей қалалық соты ақша қаражаты және моральды­қ шығын үшін өтемақы өндіру туралы азама­ттық істі қарады.

Талапкер А.Құрмашева жау­апкер «Студия Окон» ЖШС арасында келісімшарт ­жасалғандығын айтып сотқа жүгінген. Келісім шарт талаптарына сай  жауапкер металл әрі пластик өнімдерін, есік пен б­өлме ішіндегі қоршау сынды өзге де затта­рды белгіленген мерзімде, сапалы жасауға міндеттелген. Тапсырыс құны ­1 150 000 теңгені құрап, аталған сома келі­сімшарт жасалған кезде толығымен төленге­н.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында соттағы өткізу режимінің мәселелері талқыланды

16/05/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы С.Ибраев кеңсе меңгерушісі Ш.Ислямованың қатысуымен сот приставтары мен сот ғимаратының қауіпсіздігіне жауапты ҚР ІІМ ШҚО ІІД мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлеріне «Жергілікті соттар ғимаратындағы ішкі объектілік және өткізу режимдері» тақырыбында семинар-тренинг өткізіді.

Жеке айыптау қылмыстық ісі медиация тәртібімен қысқартылды

16/05/2016

Риддер қалалық соты ҚК-тің 131-бабы, 1-бөлігі (қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту) бойынша Л.Балабановаға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта Л.Балабанова жәбірленушіні ұзақ уақыт бойы балағат сөздер айтып, қорлап келгендігі анықталды.

Сот талқылауы барысында жеке айыптаушы мен сотталушыдан медиативті келісімге келулеріне байланысты сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш түсті.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

16/05/2016

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттер) азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта  азамат С. өзінің үйінде алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде өзімен бірге тұратын жұбайымен ұрыс шығарып, ұрыс барысында оған қатысты балағат сөздер айтқандығы анықталды.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында «Азаматтық-процестік кодекстің жаңа нормаларын тәжірибеде қолданудың кейбір мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

16/05/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енген Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексінің жаңа нормаларын тәжірибеде қолдану мәселесіне арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Күршім ауданының № 2 аудандық сотының судьясы С. Жунуспекова, Күршім ауданының прокуратурасының және мемлекеттік мекемелер  өкілдері, адвокаттар қатысты.

Тараптардың татуласуымен қылмыстық іс қысқартылды

16/05/2016

Семей қаласының №2соты ҚР ҚК-нің 188-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағымен (ұрлық, яғни бөтеннің жасырын жымқыру) бойынша азамат С.Аушахмановқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта азамат С.Аушахманов жәбірленушінің пәтеріне заңсыз кілтті тандау арқылы кіріп, жасырын түрінде  барлығы 200 000 теңге сомасындағы  алтын бұйымдарын ұрлағандығы анықталды.

Соттың тергеу барысында  азамат С.Аушахманов жәбірленушіге келтірілген материалдық залалды өтеді.

Қазақстан Республикасында еңбек қызметін рұқсатсыз жүзеге асырғаны үшін әкімшілік қамауға алынды

16/05/2016

Көкпекті аудандық сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) бойынша Өзбекстан Республикасының алты азаматтарына қатысты алты әкімшілік іс қарал

Темекі қалдығымен қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

16/05/2016

Катонқарағай аудандық сотында ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орынды ластау, белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау) қарастырылған құқық бұзушы Р.К.Ускембаевқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта Р.Ускембаев қоғамдық орында темекі қалдығын жерге лақтырып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген, қоғамдық ортақ пайдалану орындарын ластап, қоғамдық тәртіпті бұзғандығы анықталды.