Архив событий

04/05/2016

Тергеу судьясы қылмыс құралы - автокөлікті мемлекет пайдасына тәркіледі

04/05/2016

Қылмыстық-процестік кодекстің 118-бабының 3-бөлігінің 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс сотқа дейін қысқартылған жағдайда, қылмыстық іс бойынша қылмыс құралы болып танылған айғақтың тағдырын шешу тергеу судьясының құзырына берілген.

Зайсан аудандық прокуратурасымен  Р. мен М-ға қатысты қылмыстық іс олардың жәбірленушілермен татуласуына байланысты ҚК-тің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде қысқартылған. Қылмыс құралы болған автокөліктің тағдырын шешу үшін аудандық прокуратура тергеу судьясына ұсыныс келтірген.

«Медиация» тақырыбында семинар өткізілді

04/05/2016

Тарбағатай аудандық сотының төрағасының міндетін атқарушы Л.Мұратқанқызы Екпін ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында «Медиация туралы» Заңын қолдану туралы кәсіби емес медиаторлардың және ауыл тұрғындарының қатысуымен семинар өткізді.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

04/05/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында тұрмыстық қалдықты белгіленбеген жерге тастағаны үшін ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (белгiленбеген орындарға тұрмыстық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған Д.Букотеваға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Семей қалалық соты еңбек ақы бойынша берешекті өндірді

04/05/2016

Семей қалалық соты еңбек ақы берешегін өндіру және моральдық шығынды өтеу  туралы азаматтық істі қарады.  

Арызданушы К.Джамбусов сотқа «Евразия-Стройсервис» ЖШС-іне қатысты шағымданып, жауапкерде 2015 жылдың 9 қыркүйегінен бастап 2016 жылдың наурызына дейін 90 мың жалақыға қойма басшысы әрі жүк тасығыш көлік жүргізушісі ретінде жұмыс істегендігін көрсеткен. 2016 жылдың 11 наурызында біржақты тәртіпте өз ниетімен жұмыс берушімен еңбек шартын бұзған.

Декларацияны уақытылы тапсырмағаны үшін айыппұл салынды

04/05/2016

Глубокое аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 274-бабы, 1-бөлігі бойынша (мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамның, салық салу объектілері болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды қасақана ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбауы) азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік қамаққа алу, нақты қызмет түріне берілген рұқсатты тоқтата тұру бойынша қосымша жазаны орындауға қатысты сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

04/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік қамаққа алу, нақты қызмет түріне берілген рұқсатты тоқтата тұру бойынша қосымша жазаны орындауға қатысты сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Ұлан аудандық сотында жеке қаулылар мен ұйғарымдарды есепке алу және орындау сұрақтары талқыланды

04/05/2016

Ұлан аудандық сотында жеке қаулылар мен мен ұйғарымдарды есепке алу және орындау сұрақтары бойынша семинар сабағы өткізілді.

Аталған семинар сабағына сот төрағасы М.Халмұрзаев, судьялар А.Нұрғазин, Х.Тлеубергенова, кеңсе меңгерушісі Н.Қисықова, сот отырысының хатшылары С.Ашимжанова, А.Гайсина, бас маман Р.Чамакаев қатысты.

Әкімшілік айыппұл салынды

04/05/2016

Үржар ауданының №2 аудандық сотында ӘҚБтК-нің 389-бабының, 1-бөлігімен (жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)   азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысы барысында азамат Ж., Солтүстік Шығыс Алакөл инспекциясы бөлімінің инспекторларымен Алакөл көліне қарасты «Жолдыөзек» учаскесінде  ұсталған. Тексеру барысында азамат Ж-дан  еш бір құжатынсыз салмағы 10 кг балық алынды.

«Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

04/05/2016

Көкпекті ауданы самар ауылының кітапханасында «Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл шараға  Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы Н.Нұралинов, самар ауылдық округі әкімінің м.а. К.Терин, «Нұр-Отан» партиясының өкілдері, депутаттар, қоғамдық ұйымдардың басшылары, мемлекеттік органдардың  басшылары және ауыл жастары қатысты.

Көші-қоны саласында, яғни еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

04/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабының 5-бөлігіне (еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) сәйкес Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік істі қарады.

Семей қалалық сотында соттардың 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыстары қорытыланды

04/05/2016

Семей қалалық сотында соттардың 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмысы қорытыланған баспасөз конференциясы болып өтті. Шара мақсаты -сот қызметтерін насихаттау, жұртшылықты атқарылған жұмыстар туралы ақпараттандыру болды. 

Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін сотталды

04/05/2016

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық соты ҚК 106-бабы, 1-бабы,  бойынша (қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру) азамат Л-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта азамат Л. жәбірленушімен бірге алкогольдік ішімдік ішіп, кейін араларында дау-дамай туындаған, араларындағы болған жан-жал кезінде азамат Л. үстелден ас үй пышағын алып жәбірленушінің денесіне бір соққы жасағандығы анықталды. Азамат Л., өз әрекеттерімен жәбірленушінің өміріне қауіпті дене жарақаттарын келтірген.

ШҚО МАЭС С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің түлектер жәрмеңкесіне қатысты

04/05/2016

Сот жүйесінің білім беру орындарымен бірлесе жұмыс жасауы заңгерлерді дайындауға, оқу үрдісінің тәжірибелік құрамдас бөлігін, олардың құқықтық қолданыс тәжірибесімен байланысын күшейтуге, студенттердің кәсіби ептіліктері мен дағдыларын, құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған.

Осы бағытта Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы А.Жилкашинова С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің бас ғимаратында өткізілген түлектер жәрменкесіне қатысты.

Іс бойынша тарап сот талқылауы кезінде ұялы телефонды қолданғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

04/05/2016

Семей қалалық соты әкімшілік жазаға тарту бойынша қаулы шығарды.

Сот талқылауы барысында талапкер  Б.Жакешова «Маяк» пәтер иелері кооперативі өндірістік кооперативі Басқармасының бекітілмеген келісім шарты және сенімхат бойынша берілген отырыс хаттамасының заңсыздығын растау туралы азаматтық іс жүргізу барысында процестегі өзге қатысушылар сөйлеп тұрғанда түсіндірмек болып рұқсатсыз тұрып, сот төрелік еткен судьяның ескертуіне мән бермеді. Онымен қоса, алдын ала әңгімелесу кезінде ұялы телефонды қолданумен болды.

Ескерту түрінде әкімшілік жазаға тартылды

04/05/2016

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық соты  ӘҚБтК-нің  73-бабы, 1-бөлігі (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер) бойынша азамат К-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта азамат К. алкогольдік масаң күйінде өз  үйінде жан-жал шығарып, жұбайын балағаттап, отбасының тыныштығын бұзғандығы анықталды.

Қоғамдық тәртіпті бұзды

04/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық соты ӘҚБтК-нің 434- бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша Е.Тюлюкпаевқа  қатысты әкімшілік істі қарады.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алынды

04/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 461-бабында (ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған А.Маржакаевқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.