Архив событий

12/05/2016

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс медиация тәртібімен қысқартылды

12/05/2016

Глубокое аудандық соты ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) бойынша В.Крючковқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот шешімін орындамаған үшін қамауға алынды

12/05/2016

Глубокое аудандық соты ҚР ӘҚБтК 669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған П.Немцевке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта сот бұйрығы бойынша П.Немцевтен Г.Немцеваның пайдасына кәмелеттік жасқа толмаған баласын асырау үшін ай сайын еңбек ақысының және басқа да кірісінің ¼ бөлігі көлемінде алимент өндірілгені анықталды. Алайда, П.Немцев сот бұйрығын орындамаған.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл тағайындалды

12/05/2016

Глубокое аудандық соты ӘҚБтК 434-бабы, 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған  Н.Худяковаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін сотталды

12/05/2016

Глубокое аудандық сотында А.Емельянов ҚК-тің 106-бабы, 1-бөлігі бойынша (қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін сотталды.

Сот мәжілісінде, спирттік ішімдік ішу кезінде жәбірленуші К-мен оның туысы А-ның арасында даудамай туындағаны анықталды. Жан-жалға А.Емельянов араласып, өзінің анасын қорғау мақсатында жәбірленуші К-нің сол жақ көзінің тұсынан жұдырықпен ұрған, нәтижесінде алған дене жарақаттарының  салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зақым келтірілген.

Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жолданды

12/05/2016

Глубокое аудандық сотында «Глубокое ауданының орталық емханасы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның азамат Ш-ны ішімдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберу туралы талап арызымен азаматтық іс қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – стратегиялық маңызды міндет

12/05/2016

Сыбайлас жемқорлық - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Еңбек тәртібін сақтау. Мемлекетік қызметкерлерге қойылатын талаптар» тақырыбында семинар сабағы өтті

12/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында аға сот приставы Р.Каленов «Еңбек тәртібін сақтау. Мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптар»   бойынша кеңсе мамандары арасында семинар сабағын өткізді.

Р.Каленов өз баяндамасында, Еңбек тәртібіне тоқталып, мемлекеттік қызметкерлерге қойылған талаптарға тыңдаушылардың назарын аударды. 

Әкімшілік іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

12/05/2016

Үржар ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп жасалған әрекеттер) Б.Абильмажиновқа қатысты әкімшілік  іс қаралды.

Азамат Б.Абильмажинов алкогольдік масаң күйінде өз үйінде жұбайын балағаттап, ар намысына тиетін сөздер айтып, жанұясының тыныштығын бұзған.

Сот мәжілісінде тараптар медиатордың көмегімен өзара татуласқандарын айтып, сотқа істі тоқтату туралы медиативтік келісімді ұсынды.

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

12/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат К.Бұтабаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  отырысында К.Бұтабаев жұбайына сыйламаушылық көрсетіп, балағат сөздермен қорлап,  тыныштығын бұзғаны анықталды.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік қамауға алынды

12/05/2016

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы, 1-бөлігі (сақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша азамат С.Буштаковқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Тарбағатай ауданында отставкадағы судьямен кездесу өткізілді

12/05/2016

Ағымдағы жылдың мамыр айында заң саласында 28 жыл бойы қызмет  еткен, 2009-2015 жылдар аралығында Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған отставкадағы судья Талғат Әбілмашұлы Омармен кездесу өткізілді.

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпардың мақаласы Ресей газетінде жарияланды

12/05/2016

Ресейдің «Время» газетінің мамыр айының нөмірінде Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпардың «Мой дед освобождал Кингисепп от фашистов» атты мақаласы жарияланды.

Ұлы Отан соғысына республикамыздың 20 пайыз тұрғыны қатысқандықтан, мақалада қазақстандықтардың фашистік Германияны жеңудегі қосқан лайықты үлесі туралы  айтылған.

Ұлан аудандық сотында «Меншікке қарсы қылмыстар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

12/05/2016

Ұлан аудандық сотында  «Меншікке қарсы қылмыстар» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға сот төрағасы М.Халмұрзаев, судьялар  А.Нұрғазин, Х.Тлеубергенова, кеңсе меңгерушісі Н.Кисыкова, бас мамандар – сот отырысының хатшылары С.Ашимжанова, А.Гайсина, Р.Чамакаев қатысты.

Сот төрағасы М.Халмұрзаев меншікке қарсы құқық бұзушылықтар қылмыстың ең таралған түрі болып табылатынын атап өтті. Меншікке қарсы барлық қылмыстардың ішінде жымқыру ең көп таралған қылмыс болып табылады. 

Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл салынды

12/05/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (белгiленбеген орындарға тұрмыстық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған А.Уразғалиеваға қатысты әкімшілік іс қаралды.