Архив событий

13/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Электрондық атқару парағы» тақырыбында семинар өткізілді

13/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  «Электрондық атқару парағы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағында сот кеңсесінің барлық мамандары қатысты.

Кеңсе меңгерушісі Ш.Рахимжанова өз баяндамасында электрондық атқару парағын жолдау тәртібі бойынша айтты.

Мерзімінен бұрын босатылды

13/05/2016

Глубокое аудандық соты А.Кочиновты жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы  өтініш қаралды.

Сот үкімімен А.Кочинев ҚК-нің 188-бабы, 2-бабы,  3-тармағы бойынша 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған. Үкім заңды күшіне енген соң тұрғылықты мекені бойынша пробация қызметіне есепке тұрған.

Сотта, сотталған А.Кочиновтың жұмысқа тұрып, тұрғылықты мекен-жайы бойынша және қадағалау органдарымен жағымды жағынан мінезделетіні анықталды.

Семей қалалық сотында дауды шешудің баламалы тәсілдері талқыланды

13/05/2016

Семей­ қалалық сотында «Дауды шешудің баламалы­ тәсілдері» тақырыбында семинар болып өтт­і. Шара модераторы ретінде судьялар А.Се­кенов пен С.Байбосынова, сондай-ақ «Шаң­ырақ» медиация орталығының директоры Е. ­Абдрахмановалар сөз алды.

Қазақстан Республикасының Медиация турал­ы заңы 2011 жылдың қаңтарында қабылданып­, 05.08.2011 жылы заңды күшіне енді. Мед­иация бейтарап үшінші тараптың дауласқанда­р арасындағы түсініспеушілікті шешуде ти­імді жолдарын ұсынады, өз араларындағы к­елісім шарттарын тараптар өздері ұсынады­.

ШҚО экономикалық сотында «Терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Терроризм актілерінің жасалу қаупі кезіндегі әрекет» тақырыбында семинар өткізілді

13/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Терроризм актілерінің жасалу қаупі кезіндегі әрекет» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға кеңсе меңгерушісі С.Тұратпаев, полиция батальоны ШҚО арнайы күзет қызметі басқармасының 4 взвод командирі полиция лейтенанты Н.Сергазин, соттың қызметкерлері қатысты.

Өскемен қаласының №2 сотында ДБЖ бағдарламасына арналған семинар өткізілді

13/05/2016

Сот процестеріне дыбыс-бейне жазба жүйесін енгізу – бұл баршаға айқын, мобильді, қолжетімді және заңның үстемдік етуіне негізделген, уақыт талабына сай сот төрелігін құру жолындағы тағы бір қадам.

Тығыз байланыста қызмет атқару

13/05/2016

Үржар аудандық соты ғимаратында «Тығыз байланыста қызмет атқару» ұранымен аудандық сот қызметкерлерімен аудандық «Уақыт тынысы» «Пульс времени» газеті ұжымымен кездесу өтті.

Кездесуге судьялар мен соттың барлық мамандары, аудандық газеттің редакторы мен журналистері қатысты. 

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Президенттік реформа- 100 нақты қадам» тақырыбында семинар өткізілді

13/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы С.Тұтқанбаева «Президенттік реформа - 100 нақты қадам» тақырыбында сот мамандары арасында семинар өткізді. 

Жазаны орындамағандықтан бас бостандығынан айыру жазасын өтеу мекемесіне жолданды

13/05/2016

Глубокое аудандық соты  пробация қызметінің сотталған А.Протопоповқа қатысты бас бостандығынан шектеу жазасының қалған мерзімін бас бостаyдығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысын қарады.

Риддер қаласында «Медиация кабинеті» ашылды

13/05/2016

Риддер қалалық сотының төрағасы Т.Адаспаевтың бастамашылығымен Риддер қалалысының Достық үйінде қоғамдық келісім кеңесінің жанында бітімгершілік әрекеттер аясындағы қол қойылған өзара ықпалдасу Меморандум шеңберінде салтанатты түрде «Медиация кабинеті» ашылды.