Архив событий

31/05/2016

Өскемен қалалық сотында «Балаларды қорғау күні» қарсаңында көрме ұйымдастырылды

31/05/2016

Жыл сайын халықаралық балалар күні бүкіл әлемде тойланады, бұл мейрам біздің елімізде «Балаларды қорғау күні» деген атаумен 1 маусымда аталып өтеді. Бұл күннің осылайша аталу себебі, әр баланың балалық шағы қорғауды қажет ететіндіктен, яғни, өскелең ұрпақтың құқығы, денсаулығы және өмірі қорғалуы тиіс деген мағынаны береді.

Балаларды қорғау күніне орай Семей қалалық сотының судьялары Семей қаласындағы туберкулезге қарсы балалар ауруханасында болып қайтты

31/05/2016

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Семей қалалық сотының судьялар корпусы  туберкулезге қарсы балалар ауруханасында болып қайтты.

Қолдау мен қорғауға мұқтаж балаларға жағымды әсер сыйлай алатын балаларды қорғау күні қоғамдық мерекелердің ішіндегі халықаралық маңызға ие мерекелердің бірі.  

Тезірек сауығып кетулерін тілеген қонақтар емделушілерге құр алақан келген жоқ.

Өскемен қалалық сотының судьялары «Балаларды қорғау күні» қарсаңында өрттен зардап шеккен отбасына материалдық көмек көрсетті

31/05/2016

Халықаралық балалар күні Қазақстан Республикасында 1 маусымда аталып өтеді. Ол күн «Балаларды қорғау күні» деп аталады. Бұл күннің осылайша аталу себебі, әр баланың балалық шағы қорғауды қажет ететіндіктен, яғни, өскелең ұрпақтың құқығы, денсаулығы және өмірі қорғалуы тиіс деген мағынаны береді. Балалар күнінің осыншама кең тойлануына және жалпы қуаныштың сезілуіне қарамастан, біздің елімізде және бүкіл әлемде қамқорлық пен қорғанышты қажет ететін балалар санының орасан зор екенін ұмытпаған жөн.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары Курчатов қалалық сотында дөңгелек үстел өткізді

31/05/2016

Ағымдағы жалдың 27 мамырында  Курчатов қалалық сотының ғимаратында Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары К.А.Бекишева, Т.Т. Данияров «Медиация – татуласу процедурасының бір түрі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Курчатов қалалық Достық үйінің директоры, қаланың Құрметті азаматы Ш.И.Тулеутаев, әкім аппаратының маманы Г.Т.Ахметова, Курчатов қалалық сотының судьясы А.К. Сыздықов және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Өскемен қалалық сотының судьялары «Балаларды қорғау күні» қарсаңында «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру-тәрбиелеу орталығы» КММ -не барды

31/05/2016

Өскемен қалалық  сотының судьялары «Балаларды қорғау күні» қарсаңында «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру-тәрбиелеу орталығы» КММ -не барды.

Өскемен қалалық сотының судьялары бірнеше жыл қатарынан  балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қамқорлық танытуды  дәстүрге айналдырған. Оларға  үнемі материалдық тұрғыдан көмек көрсетіп отырады.

Іс шара барысында балаларға  театр  ертегілірі кейіпкерлерінің койылымдары көрсетіліп, си сияпаттар табысталып, судьялар тәрбиеленушілерді құттықтады.

Ювеналды №1 сотында «Орындалмаған сот актілеріне қатысты шара қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

31/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья С.Тұтқанбаева «Орындалмаған сот актілеріне қатысты шара қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге  Өскемен қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының жеке сот орындаушылары М.Ибраимов, Т.Жунусов, Р.Шужикбаев, Б.Жақсылықов және С.Сеитов қатысты.

«Медиация туралы» Заңының талаптарын халыққа түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

31/05/2016

ШҚО Көкпекті аудандық соты Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімшілігі ғимаратының медиация кабинетінде «Медиация туралы» Заңының талаптарын халыққа түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел шарасы өткізді.

ШҚО Катонқарағай аудандық сотында медиация тәртібімен бір күнде 3 іс аяқталды

31/05/2016

Қазақстандық сот төрелігінің басты бағыттарының бірі болып белгіленген, дауды, жанжалды шешудің балама жолы медиация институты басты басымдылық екені баршамызға мәлім.

2016 жылы 30 мамырда ШҚО, Катонқарағай аудандық сотында медиация институтының тиімділігі жайында құқық түсіндіру жұмыстарын жүргізуінің нәтижесінде медиация тәртібі бойынша дауларды шешу жолымен 3 (үш) қарызды өндіруге қатысты азаматтық іске қатысты келісім жасалған. Медиация тәртібінде іс өндірістен қысқартылды.

Абай аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

31/05/2016

Абай аудандық сотында азаматтар арасында медиация институтын кеңінен насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіп келеді. Сот талқылауын өткізу барысында тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу құқығы түсіндіріледі.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ескерту жасалды

31/05/2016

Тарбағатай аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы бойынша  (ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат  Б.Сембаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Қоғамдық орынға алкогольдік масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға тартылды

31/05/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабы,  4-бөлігі (қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер) бойынша азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

31/05/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында  ҚК-нің 130- бабы, 1- бөлігімен жеке айыптаушы Т.Қалимажан, айыпталушылар Т.Қамбетов, Е.Егінбаев, Е.Қызыров, Б.Жүнісова, К.Нұрсолтановтарға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

ШҚО Бесқарағай аудандық сотында "Сот кабинеті" сервисі бойынша семинар өткізілді

31/05/2016

Бесқарағай аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот кабинеті арқылы сотқа түскен талап арыздарды, апелляциялық шағымдарды, өтініштерді тіркеу және жауап жолдау тәртібі» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Семинар барысында кеңсе меңгерушісі М.Алимханова «Сот кабинеті»  арқылы сотқа түскен талап арыздарды, апелляциялық шағымдарды, өтініштерді тіркеу және жауап жолдау тәртібін рет-ретімен көрсетіп, түсіндірді.

Ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластаған

31/05/2016

Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін К.Бастамийге қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот отырысында К.Бастамий қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде темекі шегіп, қалдығын белгіленбеген жерге тастағаны анықталған. Осы әрекеті арқылы ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіріп, қоғамдық тәртіп пен тазалыққа нұқсан келтірген.

Глубокое аудандық сотында әкімшілік заңнаманы қолдану бойынша семинар өткізілді

31/05/2016

Глубокое аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша  іс жүргізу ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға сот төрағасы Б.Кәсенов, ауданның ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, аудан  прокуроры  және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында брифинг өтті

31/05/2016

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында медиация тәртібімен қаралған істер бойынша брифинг өткізілді.

Брифингке аудандық соттың қызметкерлері, аудандық прокуратураның, ауылдық округі аппаратының өкілдері, адвокаттар және БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Шараның мақсаты медиацияны қолдану туралы тиісті ақпаратты жариялап, түсіндірме жүргізу.

Алимент төлемегені үшін 3 тәулікке қамаққа алынды

31/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК 669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша К.Жүнісбаевқа қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Сотта К.Жүнісбаев  ШҚО, Семей қалалық сотының 24.10.2011 жылғы кәмелеттік жасқа толмаған баласын асырау үшін  табысының ¼ бөлігін өндіру туралы сот бұйрығын орындамағаны, алимент бойынша 825 517 теңге берешек екендігі анықталды.

Сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін жауапқа тартылды

31/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігі (сотты құрметтемеушілік) бойынша әкімшілік іс қарады.

Сотта,  азамат В. банкроттық басқарушы «Строй максиум» ЖШС-нің С.Ткачқа, Н.Самалықовқа берген талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс бойынша  17 мамыр 2016 жылға тағайындалған сот отырысының болатыны туралы хабардар бола тұра, сот отырысына келмей, сотқа құрметтемеушілік танытқаны анықталды. 

Анасына балағат сөйлегені үшін 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

31/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 2-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат Е.Қауқаровқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  отырысында  Е.Қауқаров  анасына  сыйламаушылық көрсетіп, балағат сөздермен қорлап,  тыныштығын бұзғаны анықталды.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

31/05/2016

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттер) азамат Ю-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта  азамат Ю. өзінің үйінде алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде өзімен бірге тұратын анасымен ұрыс шығарып, ұрыс барысында оған қатысты балағат сөздер айтқандығы анықталды.

Төрт баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы дау медиация жолымен шешілді

31/05/2016

Семей қаласының Ювеналды сотында  төрт баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы іс қаралды. 

Істі сот талқылауына дайындау тәртібінде тараптар дауды медиация тәртібімен шешу және медиация рәсімін істі қарап жатқан судьяның жүргізуі туралы өтініш білдірді.

Өскемен қаласының №2 соты Достық Үйінде «дөңгелек үстел» ұйымдастырды

31/05/2016

Өскемен қаласының №2 соты «ШҚО Әкімдігі Аппаратының «Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы» КММ ғимаратында «Қылмыстық сот өндірісінде медиацияның қолданылуын дамыту»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс шараның мақсаты – жанжалды шешудің әрекеттегі балама тәсілі туралы кең ақпараттандыру.