Архив событий

23/05/2016

Сот қызметкерлері ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 шырша ағашын отырғызды

23/05/2016

ШҚО Катонқарағай аудандық соты жыл сайын өткізілетін экологиялық айлығына кезекті рет қатысты. Бұл шара өз аумағын абаттандырып, көгалдандырып және тазартуға бағытталып өткізілуде.

Аталған шара жақсы дәстүрге айналып үлгерген. Бірнеше күн  жүргізілген белсенді  жұмыстардың нәтижесінде жақын аумақтар тазартылып тәртіпке келтірілген, соттың қоршауы қайта сырланып, ағаштар мен жол жиектері ақталған. Сонымен қатар, сот ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Глубокое аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

23/05/2016

Глубокое аудандық сотында сот төрағасы Б.Кәсенов брифинг өткізді.

Брифингте жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аудан прокуратурасының қызметкері қатысты.

Шара барысында сот төрағасы аудан тұрғындарының арасында үлкен резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша, адам ұрланғаны жайлы баяндады.

Сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

23/05/2016

Зырян аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабы, 1-бөлігімен  (процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк)) әкімшілік іс қаралды.

Зайсан аудандық сотында брифинг өткізілді

23/05/2016

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев «Достық» газетінің тілшісі А.Ақыттың қатысуымен  тыйым салынған мерзімдерде тыйым салынған құралдармен заңсыз балық аулау жөніндегі қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша брифинг өткізді.

Соттың төрағасы Б.Мергембаев газет тілшісіне өз төрелігімен қаралған тыйым салынған мерзімдерде тыйым салынған құралдармен заңсыз балық аулау оқиғалары бойынша 5 әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралғанын айтты.

Кәсіпкер алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

23/05/2016

Тарбағатай аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200-бабы,  3 бөлігі (этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу) бойынша жеке кәсіпкер Е.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта,  сауда дүкенінде жеке кәсіпкер Е. этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатын алкоголь өнімін сатқандығы анықталды.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

23/05/2016

Жарма ауданының №2 аудандық сотында  қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.  

Талапкер қарызды өндіру  туралы  талап арызбен  сотқа жүгінген.  2014 жылы   талапкер қолхат арқылы жауапкерге 1 000 000 теңге ақшаны қарызға берген, ал жауапкер ол ақшаны бір жыл ішінде, яғни 2015 жылдың наурыз айына дейін қайтаруға міндеттелген. Алайда  жауапкер осы уақытқа дейін қарыз ақшаны қайтармаған.

Жүргіншіні қағып кеткені үшін жазаланды

23/05/2016

Зырян аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы, 2-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан бұзушылығы)  азамат В.Рыбалкинге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта В.Рыбалкин  Панфилова көшесінің бойымен автокөлігін басқарып келе жатып, жаяу жүргінші қағып кеткен, сот медициналық сараптамасы қорытындысына сәйкес, оның денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірілгендігі анықталды.

Глубокое аудандық сотында брифинг өтті

23/05/2016

Глубокое аудандық сотында сот төрағасы Б.Кәсенов брифинг өткізді. Онда жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Теплоэнергия» КМК жұмысшысы, аудан прокуратурасының қызметкері қатысты.

Шара барысында сот төрағасы Б.Кәсенов «Теплоэнергия» Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жұмысшыларының жауапкер «Теплоэнергия» КМК-ға еңбекақы бойынша қарызды өндіру туралы азаматтық іс жайлы баяндады.

Заңсыз қару сақтағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

23/05/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482-бабы, 1-бөлігі (ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) бойынша азамат Қ.Лепесовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкесі мен баласын медиатор татуластырды

23/05/2016

ШҚО Катонқарағай аудандық сотымен ҚР ӘҚБК 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, былапыт сөйлеп, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған әрекет) бойынша  әкімшілік іс қаралды.

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

23/05/2016

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы, 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша азамат Т.Деңгелбаевқа қатысты әкімшілік құқық бұзу туралы ісі қаралды.

Экономикалық сотта «Соттың жеке ұйғарымы» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді

23/05/2016

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында судьяларға арналған «Соттың жеке ұйғарымы» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған тақырыпта судья Н.Ибраеваның баяндамасы тыңдалды. Судья сот сараптамасын тағайындау үшін реттелген Азаматтық процестік кодекстің және басқа нормативтік құқықтық актілердің нормаларын айтып өтті. Сондай-ақ, сараптамалардың түрлері, олардың негізгі сипаттамалары айтылды.

Кадрларды таңдау мақсатында

23/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының кеңсе меңгерушісі С.Тұратпаев және бас маманы А.Жилкашинова Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25-жылына арналған Өскемен қаласы әкімдігі «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-мен өткізілген бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жәрмеңкесіне қатысты. Жәрмеңке «Жастар» саябағында өткізілді, оған жұмыс берушілер мен жұмыссыздар қатысты. 

Балық аулау қағидаларын өрескел бұзаны үшін жауапкершілікке тартылды

23/05/2016

ШҚО Катонқарағай аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы, 3-бөлігі (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу)  қарастырылған С.Ивановқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.