Медиация кабинетінде дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жарма ауданының №2 аудандық сотының төраға м.а. А.Кальпебаева Шар қаласының әкімшілігінде орналасқан медиация кабинетінде  Шар қаласы бойынша кәсіпқой емес медиатор К.Камалиев, Жарма АІІБ Шар ПБ-нің өкілі УПИ К.Айтмұханбетов, кәмелеттік жастар істері бойынша инспекторлар С.Хасенов, Д.Оразханов, Шар қаласы бойынша АҚ «Халық банк» өкілі С.Оспанова қатысуларымен  «Дауды шешудің балама түрі-медиация» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Төраға м.а. А.Кальпебаева өз сөзінде, медиация шаралары медиатордың көмегімен тараптардың арасында болатын сан түрлі дауларды шешу кезінде аса маңызды екендігін және азаматтардың өз араларында туындаған дауларды  сотқа  дейінгі  тәртіппен  шешуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Қазіргі уақытта Жарма ауданының №2 аудандық сотында  қаралатын әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер медиация туралы Заңының қолдануымен, тараптар өзара бітімгершілікке келу арқылы қаралып аяқталып жатқанын  атап өтті.

Сот төрағасы қорытындылай келе, дөңгелек үстелдің барлық  қатысушыларына алғысын білдірді.

 

Жарма ауданының №2 аудандық сотының

 баспасөз қызметі