Сот 1000 000 теңге моральдық шығынды өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотында Т.Темиргалиеваның «Востоксветмет»  ЖШС –нен моралдық шығынды  және денсаулығын қалпына келтіргені үшін кеткен қаражатты өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер өзінің талабында,  «Корпарация Казахмыс» ЖШС-нің Юбилейно- Снегирихинск шахтасында жұмыста  көлік шрегінде жұмыс істеу кезінде өндіріс орынында  ауыр жарақат  алғанын айтып көрсеткен.  Мүгедектік анықтамасына сай талапкерге  оған жұмыс орынындағы жарақат алудың салдарынан 1 топтағы мүгедек екені анықталған. «Корпорация Казахмыс» ЖШС жұмыскерге   жұмыс істеу қабілетін жоғалтқаны үшін 1 топтағы мүгедек болуына байланысты денсаулығына келтірілген зиян  үшін оған 9 660 000 теңге моральдық шығынды төлеуді өз міндетіне алды. Сондықтан жауапкерден  талапкердің пайдасына жұмыс істеу қабілетін жоғалтқаны және 1 топтағы мүгедек болып қалғаны үшін оған 9 660 000 теңге  моральдық шығынды  және  1 500 000 теңге денсаулығын қалпына келтіргені үшін кеткен қаражатты өндіруді сұраған.

Сот шешімімен Т.Темергалиеваның талабы ішінара қанағаттандырылып, «Востокцветмет» ЖШС-нен  1 000 000 моральдық шығынды және мемлекет пайдасына 1 061 теңге мемлекеттік баж өндірілді. 

Шешім заңды күшіне енді.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі