Бесқарағай аудандық сотында Медиация тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотында дауды медиация арқылы шешу және оны рәсімдеу мәселелерін түсіндіруге арналған семинар сабағы өткізілді. Іс-шараға сот қызметкерлері қатысты.

Семинар сабағында бас маман сот отырысының хатшысы А.Зауатбаева баяндама жасады. Ол өз баяндамасында: Медиация – даулы мәселелерді шешудің кілті, оларды шешудің балама жолы екендігін атап өтті. Екі тарапты да қанағаттандыратын өзара тиімді, бейбіт келісім және даулы мәселелердің көлемінің азаюын, даулардың сотқа дейінгі шешілуін қамтамасыз ететінін, яғни, тараптардың уақыты мен қаржыларын үнемдеп және соттың жұмысын жеңілдететінін айтып өтті.

Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылатыны түсіндірілді.

Семинар соңында қатысушылар «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы заңының қолданудың тиімділігі туралы  пікір алмасты.

Бесқарағай аудандық сотының

 баспасөз қызметі