Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы өтініш қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сотта О.Ковалев бұрынғы жұбайының үйінде ұрыс-жанжал шығарып, оған қарсы былапыт сөйлегендігі анықталды. О.ковелев өзінің іс-әрекеттерімен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіп, олардың тыныштығын бұзған.

Сот қаулысымен О.Ковалев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік шара ретінде ескерту түріндегі жаза тағайындалды.

Зырян аудандық ішкі істер бөлімінің құқық бұзушы О.Ковалевтің  мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы өтініші қанағаттандырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Зырян аудандық сотының

баспасөз қызметі