ШҚО Өскемен қалалық соты Достық үйінде «Татуласу рәсімдерін қолдануын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО Өскемен қалалық соты Достық үйінде «Татуласу рәсімдерін қолдануын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел жұмысына  Өскемен қалалық сотының судьясы А.Володкина, К.Журенко, «НұрОтан» партиясының облыс бойынша жетекшісі А.Жаркимбаева, «Шаңырақ» медиация орталығының директоры Е.Абдрахманова, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының доценті М.Дячук және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараны ашу барысында судья А.Володкина медиацияның дауларды реттеудегі балаламалы әдістердің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.

«Медиация туралы» қолданыстағы Заңға сәйкес, медиация – бұл екі жақтың ортақ келісімімен тараптар арасындағы дауларды (келіспеушіліктерді) медиатордың көмегімен бірлескен шешіммен реттеуді мақсат тұтқан процедура.  Медиация – бұл келіспеушілікте ешқандай мүддені көздемеген бейтарап саналатын, тараптарға қандай да келісімге келулерін реттеуге көмектесетін медиатордың көмегімен дауларды шешетін баламалы технологиялардың бірі.  Бұл жерде екі жақ та шешімнің қалай қабылданатынына, оның шарттарын өздері бақылау мүмкіндігіне ие бола алады. 

Дөңгелек үстел қатысушылардың назарына азаматтық-құқықтық даудың шешу жолдарын, оны сотқа дейін медиацияны қолдану арқылы бітімге келу тетіктерін қалыптастыруды, заңгерлердің жаңа үлгіде жұмыс жасауын олардың дауларды соттан тыс шешуге бейімдеу қажеттілігін аударды.

Іс –шараны өткізу аясында Өскемен қалалық сотының судьясы К.Журенконың «Сот тәжірибесінде медиация рәсімдерін қолдану» тақырыбында, «Шаңырақ» медиация орталығының директоры Е. Абдрахманованың «Медиаторлардың  өзекті міндеттері» тақырыбында, Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының доценті М.Дячуктың «ҚР  медиацияны дамыту мәселелері мен перспективалары» тақырыбындағы баяндамалары  тыңдалды.

Жиынның соңында дөңгелек үстелге қатысушылар  татуластыру рәсімдерінің институты дауларды реттеу тәсілі ретінде қоғамдық өмірде маңызды рөл атқаратынын, медиацияны қолдану серіктестік байланысты арттыруға мүмкіндік туғызатынын және де ұзақ сот үрдісін болдырмауға мүмкіндік беріп, іскерлік ақпараттың құпиялылығын сақтайтындығы жөнінде айттып өтті.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі