ШҚО Катонқарағай аудандық соты медиация рәсімдерін насихаттауға қатысты дөңгелек үстел өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай аудандық соты медиация институтын дамытуға қатысты жүргізіліп отырған жүйелі жұмыс аясында Достық Үйінде медиация кабинетінде кеңейтілген дөңгелек үстел өткізіді, бұл іс-шараға аудандық «Нұр Отан» ХДП филиалының басшылығы, Достық Үйінің, ауылдық округ әкімдері, адвокаттар, кәсіби емес медиаторлар және сот қызметкерлері қатысты.

Аудандық сот төрағасы Б.Секербеков өз баяндамасында дау-жанжалды шешудің балама жоларын енгізу ретінде, құқықтық жүйенің дамуының үлкен әлуеті ретінде, медиация қазақстандық сот төрелігінде басты бағыттарының бірі болып белгіленгендігіне тоқталып өтті.

Сонымен қатар, кәсіби емес медиатор Г.Ағажаеваның баяндамасы тыңдалып, «Медиация туралы» ҚР заңы бола тұра және оқудан өткен медиаторлар мен көптеген қалалар, аудандарда медиация орталығы ашылуына қарамастан, Қазақстанда медиация әзірше толық көлемде қолданылмайтынын атап өтті, қатысушылардың көңілін осы институттың даусыз басымдықтары мен медиацияның қолданылуынның болашағына көз жүгіртті.

Соңында дөңгелек үстелге қатысушылар, өткізіліп жатқан іс шаралар ауданымызда медиацияның дамуына және тараптарға балама жолмен өзара тиімді келісім жасауға ат салысатын сотқа дейін медиатордың көмегімен шешілетін даулардың көбейуіне үміт артты.

 

Катонқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі