Достық үйінде «Медиация - отбасылық тұрмыстық жағдайда» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті аданының №2 аудандық сотының Н.Нұралиновтың бастамасымен Самар ауылының Достық үйінде Самар полиция бөлімі инспектрорларының қатысуымен «Медиация - отбасылық тұрмыстық жағдайда» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді.

Өз сөзінде Н.Нұралинов соңғы кезде Самар аймағында отбасылық ажырасу процесі көбейіп кеткені туралы сөз қозғады. Көп жағдайда некені бұзу себептеріне отбасының материалдық жағдайы ғана емес, сонымен қатар ерлі-зайыптылардың некеде өзін-өзі ұстай білмеуі болып табылады. Қарым-қатынаста сөзге келіспеу, ымыраға келмеу қабілетінің болмауы, көпшілік алдында өз күшін көрсеткісі келетіні, кемсітіп және моральдық тұрғыда құрту тараптардың жан-жалдасуына әкеп соғады. Жағдайды тыныш және бейбіт түрде шешу үшін татуласу іздеуге бағытталған, жан-жалдасушы тараптардың мүддесін тең дәрежеде бітістіруі қажет.

Сот төрағасы дауды медиатордың қатысуымен реттеу екі тарапқа да қолайлы, себебі, медиатор бейтарап болып табылады және даудың нәтижесіне мүдделі емес екенін атап көрсетті.

Сот төрағасы учаскелік инспекторларға отбасылық дау кезінде медиация тәртібін түсіндіру бойынша бағыт-бағдар беру маңыздылығын көрсетті.

 

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі