Жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық соты ӘҚБтК-нің 596-бабы, 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзғандығы үшін азамат И.Милейкоға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта И.Милейко 901FVA16 мемлекеттік нөмірлі «Lada Priora 217230» көлік құралын Өскемен қаласының Қ.Батыр көшесінің №97 үйдің маңында жүргізіп келе жатып, төрт жолақты екі бағыттағы жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып Жол жүру ережесінің 9.2-тармағын бұзғаны анықталған.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, өкінетіндігін білдірді.

Сот азамат И.Милейконы ӘҚБтК-нің 596-бабы, 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі