Көші-қон заңнамасын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін, Өзбекстан азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта азамат И.Туйчиев Қазақстанға келу себебін «жеке» мақсатта деп көрсеткен. Кейін Глубокое ауылы бойынша мекен-жайға уақытша тіркелген, алайда көші-қон полиция қызметкерлерімен тексеріс кезінде құзырлы органдардың рұқсатынсыз сауда сатып пайда жасап жүргені анықталды.

Сот азамат И.Туйчиевті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабының 5-ші бөлiгінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзғаны үшін кінәлі деп тауып, Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс шығару түрінде әкімшілік жаза қолданды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Ұлан ауданының №2 аудандық

сотының баспасөз қызметі