Бесқарағай аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша М.Мукеевке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта М.Мукеев өз үйінде жанжал шығарып, өзінің жұбайына былапыт сөздер айтып, оның тыныштығын бұзғандығы анықталды.

Істі қарау барысында тараптардан медиация тәртібімен татуласуына байланысты істі қысқарту туралы өтініш түсіп, тараптар медиативті келісім жасады.

Сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 64-бабы негізінде тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты іс өндірістен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі