Алимент төлемегені үшін 5 тәулікке қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша Н.Омаровқа қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта Н.Омаровтың кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асыру үшін ШҚО, Семей қалалық сотының 06.10.2015 жылғы сот бұйрығын орындамағаны, алимент бойынша 207 207 (екі жүз жеті мың екі жүз жеті) теңге берешек екендігі анықталды.

Сот қаулысымен Н.Омаров Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 669-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оны 5 тәулікке қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Семей қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі