Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімін бұзды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-тармағында (шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ тұлғаның визада немесе тіркелген кездегі көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім аяқталған соң үш күннен артық мерзім аралығында ел аумағынан кетуден жалтаруы арқылы Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзуы) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған Қырғыз Республикасының азаматы Х-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот «Ауыл» шекаралық бақылау бөлімшесінде құжаттарды тексеру кезінде 8 тәулікке уақыты өтіп кеткен көші-қон карточкасы бар Қырғыз Республикасының азаматы Х. ұсталғанын, сол арқылы ол шетел азаматтарының ҚР-да болу ережесін бұзғанын анықтады.

Заң бұзушы Х. Материалдық қиындықтарға байланысты уақытында кете алмағанын түсіндіре отырып, ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағандығы жөніндегі өз кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен заң бұзушы Х. Кінәлі деп танылып, оған бір тәулік әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Бородулиха аудандық сотының

баспасөз қызметі