Медиация кабинетінде дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлан ауданының №2 аудандық сотының төрағасы А.Аринованың қатысуымен, Медиация кабинетінде «Татуластыру рәсімдерінің сот тәжиірбесінде тиімді қолдану жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесуге әкімдік, әділет, банк өкілдері және ауданның кәсіби емес медиаторы Ш.Утепов қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты - медиацияны сот өндірісінде жүйелі және дәйекті түрде енгізу бойынша, мүдделі құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту болды.

Кездесуде қатысушылар медиация институтына мемлекет ерекше назар аударатындығын атап өтті. Мысалы, Қазақстан Республикасы азаматтық процестік кодексіне татуласу келісім, медиация және партисипативтік татуластыру рәсімдері енгізілген. Ұсақ-түйек келіспеушіліктердің бітімгершілікпен шешілуі, қиын істердің сапалы қаралуына ықпал етеді, азаматтардың уақытын үнемдеп, сот барысында орын алатын моральдық және материалдық қиындықтардан құтқарады, сондықтан аталған заңды халыққа жете түсіндіру маңызды.

Сондай-ақ, сот төрағасы А.Аринова Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 17 тарауында белгіленген бітімгершілікті рәсімдеу процедурасымен, соттағы қалыптасқан татуластыру рәсімдерінің тәжерибесімен тыңдаушыларды таныстырды, аудандық сотта медиатордың қатысуымен аяқталған істердің саны неғұрлым көбейгендігін атап өтті. Былтырғы жылы осы уақытта небары 2 іс ғана медиатордың қатысуымен қаралса, биылғы жылы 23 іс бойынша кәсібіи емес медиатор дау бойынша тараптарды татуластырып, істер қысқартылған, бұл болашақта үлкен нәтижелерге әліде жетуімізді айқындайды.

Осы іс шараға қатысып отырған банк өкілдері де, соттағы талап арыздары бойынша істер медиация тәртібі бойынша қысқартылғанда, өздері төлеген баж салықтарының кері қайтарылуы да олар үшін өте тиімді екендігін атап өтті.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар осындай жиындардың маңыздылығын атап өтті.

 

Ұлан ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі