Сот жұмыс беруші мен жұмысшының арасында медиация өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот медиациясы азаматтық іс жүргізу саласында кеңінен қолданылуда. АПК-нің 17-бабының тармақтарына сай, соттың негізгі міндеті тараптардың келісімінің артықшылықтары мен салдарын тараптарға түсіндіру болып табылады.

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотына талапкер О.Исаенко жауапкер Е.Зюбинадан қарыз ақшаны өндіру туралы арызбен жүгінген.

Іс материалдарында көрсетілгендей, жауапкер талапкердің дүкеніңде сатушы болып жұмыс жасап жүрген кезінде еңбек ақы есебіне талапкерге ескертпей азық-түлік алған. Жауапкер, талапкер еңбек ақы бермеді және демалыс өтемақысын төлемеген деген дәлелдемелер келтіріп, талап арызды мойындамады.

Осылайша тараптар арасында ұзаққа созылатын сот дауы болды. Сот істі қарауға дайындық кезінде тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу мен бітімгершілік келісім жасау кезіндегі құқықтары мен осы тәртіптің артықшылықтарын түсіндірді.

Тараптар сот медиациясын қолдану туралы өтініш ұсынып, медиациялық келісімге келіп, сот келісімді бекітті. Нәтижесінде іс қысқартылып, талап арызды жазу кезінде төленген мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі