Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы «Медиация татуласуға арналған жол» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Г.Оспанова «Нұр Отан» париясының Риддер филиалының ғимаратында «Медиация татуласуға арналған жол» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына «Нұр Отан» партиясының Риддер филалының төрағасының бірінші орынбасары – Н.Климова, Риддер қаласының әкімі аппаратының жетекшісі – К.Ларионов, кәсіби медиатор-А.Құстаева қатысты.

Дөңгелек үстелдің жұмысы барысында татуласудың шарасы ретінде медиацияны насихаттау мәселесі талқыланып, «Нұр Отан» партиясының ғимаратында медиация кабинетін ашу туралы, сонымен қатар, жұма сайын сәрсенбі күндері кәсіби медиатор А.Құстаеваның азаматтарды қабылдайтыны жөнінде шешім қабылданды.

 

Риддер қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі