Архив событий

22/06/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Мемлекеттік қызметші күні» мерекесіне орай, мемлекеттік қызметкерлер арасында байқау өткізілді

22/06/2017

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар Әкімшісі» РММ  Мемлекеттік қызметкерлер күні мерекесіне орай облыс соттарының қызметкерлері арасында қолданыстағы заңдар мен «Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс-жүргізу ережелері» туралы білімдерін анықтау  бойынша байқау өткізді.

Атаулы шараға ШҚО бойынша Соттар Әкімшісінің басшысы Е.О.Айтпай,  Соттар Әкімшісінің аппараты, аудандық және оған теңестіріліген соттардың мамандары қатысты.

«Гендерлік саясат» тақырыбында халықпен кездесу өтті

22/06/2017

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Н.Мергембаев Сартерек ауылдық округінде болып «Гендерлік саясат» тақырыбында  ауылдық округ халқымен кездесу өткізді.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Б.Н.Мергембаев, Сартерек ауылдық округінің әкімі Ә.Орынбаев, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы М.Нурбаев, әйелдер кеңесінің төрайымы А.Орынбаева қатысты.

Риддер қалалық сотында судьялар арасында «Төрелік ақпараттық жүйесі» тақырыбында семинар өтті

22/06/2017

Риддер қалалық сотында судьялар арасында «Төрелік ақпараттық жүйесі» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға сот төрағасы Т.К. Адаспаев пен Риддер қалалық сотының судьялары қатысты.

Зырян ауданының №2 аудандық сотында статистикалық есеп жүргізу мәселелері бойынша семинар сабағы өтті

22/06/2017

Зырян ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі кеңсе қызметкерлерімен «Статистикалық есептің дұрыс және толық қалыптастырылуы» тақырыбында семинар өткізді.

Кеңсе меңгерушісі өз сөзінде, сот жұмысы туралы статистикалық ақпарат

электрондық ақпараттық есептік құжаттардың деректемелерінің дұрыс және толық толтыруына байланысты екенін айтып өтті.

Жеке айыптау бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

22/06/2017

Күршім аудандық сотымен  жеке айыпталушы Б.-ға қатысты жеке шағым бойынша жеке айыптау тәртібімен ҚР ҚК-нің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғаны, ерлі зайыптылар өзара  сөзге келіспей қалып, күйеуі әйелін екі рет жұдырығымен ұрып, аяғымен теуіп,  денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген. Басты сот талқылауында медиатордың қатысуымен тараптар медиативтік келісімге келіп, іс бойынша сот өндірісін қысқартуын сұрады.

Азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

22/06/2017

Тарбағатай ауданның  №2 аудандық сотында тұрғын үйден Қ-ны жанұя мүшелерімен шығару туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Талапкер сотқа арызданып Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылындағы тұрғын үйін 800 000 теңгеге бағалап К.-ға жазбаша қолхатпен сатқанын, соңғысы 350 000 теңгені бергенін, қалған 450 000 теңгені бүгінгі күнге дейін бермегенін көрсетіп, К.ның жанұя мүшелерімен аталған тұрғын үйден шығаруды сұраған.

Жеке айыптау бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

22/06/2017

Тарбағатай аудандық сотында  Т.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 108-бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс қаралды.

Жеке айыптаушы К. сотталушы Көкжыра ауылындағы үйде өзін басынан және қол аяғынан соғып, денсаулығына қасақана жеңіл түрдегі зиян келтіргені туралы айыптайды.Сот отырысында жәбірленуші сотталушы Т.-мен қазіргі уақытта татуласқанын, өзара мәмілеге келгенін, сондықтан сотталушыға қатысты қылмыстық істі медиативті келісімге келгеніне байланысты қысқартуды сұрады.

«Дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22/06/2017

Күршім аудандық сотының  бастамасымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру» тақырыбында дөңгелек үстел  өтті.  

Аталған шараға  кәсіпқой емес медиаторлар, нотариустар, үкіметтік емес ұйымдар мен коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.  

Тарбағатай ауданының №2 аудандық семинар сабағы өткізілді

22/06/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының бас  маманы -сот  отырысының  хатшысы А.Жакаева  сот мамандары арасында «Сот  актілері мен  хаттамаларды» Төрелік  бағдарламасына  салу» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Мемлекеттік және жеке орындалушылармен «Сот актілерінің орындалу барысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

22/06/2017

Тарбағатай  ауданының №2 аудандық  сотында Мемлекеттік және жеке орындалушылармен «Сот актілерінің орындалу барысы туралы» тақырыбында дөңгелек  үстел  өткізілді.

Дөңгелек үстелге Ақжар аумақтық бөлімінің басшысы-аға сот орындаушысы А.Баяхметов, жеке сот орындаушысы Г.Жунусбекова және сот мамандары қатысты.

Тарбағатай аудандық сотының судьяларымен «Жаза тағайындау» арнайы пилоттық талдамалық сервисін әзірлеу, оны «Төрелік» ААТЖ-ға қосу тақырыбында семинар өткізілді

22/06/2017

Тарбағатай аудандық сотының судьяларымен «Жаза тағайындау» арнайы  пилоттық талдамалық сервисін әзірлеу, оны  «Төрелік» ААТЖ-ға қосу тақырыбында семинар өткізілді

Семинарға қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған судья К.М.Садуакасова мен тергеу судьясы Л.Муратқанқызы қатысты.

Риддер қалалық сотында «Сот актілерінің сапасы» туралы семинар өтті

22/06/2017

Риддер қалалық сотының төрағасы Т.К. Адаспаев азаматтық істерді қарау бойынша сот тәжірибесі мен сот актілерінің сапасын талқылау мақсатында  судьялардың қатысуымен семинар өткізді.

Риддер қалалық сотының судьялары семинарда азаматтық істерде АПК нормаларын қолдану тәртібін  талқылады. Семинар сот төрелігін оның сапасын арттыру, судьялардың кәсіптілігі мен құқықтық білімдерін көтеру мақсатында ұйымдастырылды.

Азаматтардың арасындағы араздық

22/06/2017

Зайсан аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігімен қарастырылған қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемденген,өзімен бірге заңсыз алып жүргені үшін,  293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен қарастырылған бұзақылықты жасағаны, 107-бабының 2-бөлігінің 5-тармағымен қарастырылған денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiргені үшін Д. ға қатысты қылмыстық іс қаралды.                                                

Сот актілерін орындауда кездесетін өзекті мәселелер талқыланды

22/06/2017

Бородулиха аудандық сотында «Сот актілерін орындауда кездесетін өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға сот төрағасы С.Байбосынова, жеке сот орындаушылары Қ.Өнербаев, Б.Шаянбаев, кеңсе меңгерушісі м.а. С.Смаглова қатысты.

Дөңгелек үстел барысында кеңсе меңгерушісі м.а. С.Смаглова атқару парақтарын электронды нұсқада жібергенде кездесетін  өзекті мәселелерді атап өтті.

Бородулиха аудандық сотында «Мұраға қалдыру және одан туындайтын мәселелер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

22/06/2017

Бородулиха аудандық сотында «Мұраға қалдыру және одан туындайтын мәселелер. Құжаттардың көшірмелерін растау»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге ауданының нотариустары қатысты.