Архив событий

19/06/2017

Құқықбұзушы сотқа құрметтемеушiлiк көрсеткені үшін 5 тәулікке қамаққа алынды

19/06/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653-бабының, 1-бөлігі бойынша (сотқа құрметтемеушілік білдіру) азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы  Ж.  ӘҚБтК-нің 440-бабы 4-бөлігімен қаралатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот отырысына  алкогольдік масаң күйде келген.

Балық аулауға тыйым салынған құрма аумен балық аулағаны үшін айыппұл салынды

19/06/2017

Тарбағатай ауданның  №2 аудандық сотында  азамат  «М»-ға қатысты әкімшілік  іс  қаралды.

Іс материалдарынан, азамат «М» Зайсан көлінің  Вольчий–Мыс резервінің телімінде балық аулау ережесін  өрескел бұзып, тыйым салынған моножіптен жасалған әрқайсысы  ұзындығы 100 метр, ені 3 метр, торкөзі 50*50  милиметр, 1 дана құрма ауды құрып, балық түсуін тексеріп жатқан кезінде полиция қызметкерлеріне ұсталған. Ұсталған кезде  балық аулауға тыйым салынған  моножіптен жасалған 1 дана құрма  ау алынған.

Мүлікті бөлу туралы дау пилоттық жоба аясында қысқартылды

19/06/2017

Бородулиха аудандық сотында мүлікті бөлу туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық процестік кодекстің 165-бабы, 16-тармағына сәйкес және пилоттық жобаны іске асыру мақсатында тараптарға татуласу рәсімдерін қолдану мүмкіндігі туралы хабарлама жолданды.

Сотта істі қарауға даярлау барысында, тараптарға дауды  медиация тәртібінде шешу немесе бітімгершілік келісім жасау құқығы,  және де осы рәсімнің барлық жақтары түсіндірілген.

"Іс-қағаздарды жүргізу ережесі" тақырыбында семинар өткізілді

19/06/2017

Бородулиха аудандық сотында мамандар арасында «Іс-қағаздарды жүргізу ережесі» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында сот бас маман А.Наинова «Хат-хабарларды қабылдау, өңдеу, тіркеу және бөлу», шығыс хат-хабарларды және құжаттарды жіберу тәртібі» тақырыбында сөз сөйледі. Өз сөзінде хат-хабарларды қабылдау мен тіркеу, шығыс хат-хабарларды және құжаттарды ресімдеу мен жіберу тәртібін белгілейтінін атап айтты.

Жеке айыптау қылмыстық ісі медиация тәртібімен қысқартылды

19/06/2017

Зырян аудандық сотымен Қазақстан Республикасының 131-бабының 1 бөлігі (балағаттау) белгіленген Б-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында жеке айыптаушы Н. мен сотталушы Б.-дан сотқа ҚК-тің 131-бабының 1 бөлігі бойынша жеке айыптау қылмыстық ісін тараптардың медиация тәртібімен татуласқандарына байланысты қысқарту туралы бірлескен өтініш түсті.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Қылмыстық-процестік заңның сот отырысының хаттамасы жөніндегі нормаларын қолдану» тақырыбында семинар өтті

19/06/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Қылмыстық-процестік заңның сот отырысының хаттамасы жөніндегі нормаларын қолдану» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинарға соттың судьялары мен сот мамандары қатысты.

Өз балалары үшін жауапты

19/06/2017

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының. 3-бөлігімен  (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы, бір жылдың ішінде қайталанып жасалуы)  Г.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.