Архив событий

26/06/2017

Өскемен қаласының №2 сотында журналистика күніне арналған шара өткізілді

26/06/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен журналистика күнін мерекелеу үшін аймақтық журналистермен кездесу ұйымдастырылды.

Аталған кездесу шарасында «7 дней» облыстық газетінің редакторы Вадим Обухов, «Менің өлкем»  облыстық газетінің тілшісі Мұхамадиев Талғатжан, «Мой город » облыстық газетінің тілшісі Роман Кудинов және «Устинка» облыстық газетінің тілшісі Виктор Скрипниченко қатысты.

Мемлекеттік қызметші күніне байланысты құттықтау

26/06/2017

Курчатов қаласының әкімі қалалық сот мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Мерекелік шара кезінде өз қызметтерін адал және жауапты жоғары деңгейде атқарып жүрген сот мамандарына грамоталар мен алғыс хаттар табыстады.

Қала әкімі өз сөзінде «Мемлекеттік қызметтің жоғары деңгейде атқарылуына себебін тигізетін кез келген мемлекеттік қызметші, оның тәжірибесі, кәсібилігі, жеке басының қасиеттеріне байланысты. Сіздер әрқашан патриоттизімді, заңдылықты сақтау қажетсіздер",- деді.

«Мемлекеттік қызметші күні»

26/06/2017

Қалалық Мәдениет Үйінде Семей қаласында «Мемлекеттік  қызметшілер» күніне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шараға судьялар мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Салтанатты түрде мемлекеттік гимн орындалған соң, қатысушыларды қала әкімінің аппарат басшысы З.Р.Исабаева  кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Тергеу судьясы жергілікті полицияның өкілдерімен семинар сабағын өткізді

26/06/2017

Тарбағатай аудандық сотының тергеу судьясы Л.Мұратқанқызы Тарбағатай аудандық жергілікті полициясының өкілдерімен «Әкімшілік іс жүргізу тәртібі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру» сұрақтары тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Шараға Тарбағатай ауданының прокуроры Б.Бекенов, ІІБ жол-потрульдік полициясы бөлімшесінің әкімшілік тәжірибе жөніндегі аға инспекторы М.Утепов, көші-қон полиция бөлімшесінің  инспекторы Ә.Слямбаев, учаскелік инспектор Д.Сейтолла қатысты.

Бородулиха аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің ардагерін 80-жасқа толу мерейтойымен құттықтады

26/06/2017

Бородулиха аудандық сотында сот жүйесінің ардагері – Кочурина Лидия Георгьевнаның туған күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді.

Кочурина Лидия Георгьевна 1937 жылы 21 маусымда дүниеге келген, оның мемлекеттік қызметтегі өтілі 40 жылдан астады, оның ішінде 1962 жылдан бастап 1993 жылға дейін Лидия Георгьевна Новопокровка және Бородулиха халық соттарда отырысының хатшысы болып қызмет атқарды.

Сартерек ауылдық округінің әкімдігінде «Медиация кабинеті» ашылды

26/06/2017

Жоғары Сотпен Елбасының судьялардың VII съезінде судьялардың алдына қойылған нақты тапсырмаларды іске асыру және дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен шешу тетіктерін одан әрі кеңейту мақсатында пилоттық  жоба іске қосылған. Пилоттық жобаның мақсаты даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылады.

Сот төрағасы мемлекеттік қызметшіні алған марапатымен құттықтады

26/06/2017

Тарбағатай аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.С.Қасенғалиева ұзақ жылғы сот жүйесіндегі қызметі үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 21 маусымдағы №6001-17-76/262өкімімен ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды.

Ардақ Серікбайқызына аталған марапатты Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызметшілері күні» мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша соттар әкімшісі Е.Айтпай табыстаған болатын.

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы семинар өткізді

26/06/2017

Семей қаласындағы  Ювеналды соттың төрағасы Р.Ақпар судьялар мен мамандар арасында 2015 жылғы  18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы», судьялардың VII съезінде қабылданған «Судьялар әдебі кодексі», және 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыптары туралы семинар сабақ өткізді.

Катонқарағай аудандық сотында салтанатты жиын өтті

26/06/2017

Катонқарғай аудандық сотында Мемлекеттік қызметші күніне орай салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиынды сот төрағасы Б.Т. Секербеков ашып, сот жүйесінің қызметкерлерін құттықтады. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы»  Жарлығына өзгерістер енгізіліп, 23 маусым Мемлекеттік қызметші күні болып жарияланды. Мемлекеттік қызметші күнін тойлау Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің жалпы беделін жоғарылатады.

Өскемен қаласының №2 сотында Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті

26/06/2017

Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы Г.Ф.Әділбаева сот мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Төраға мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйлеп, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттің даму стратегиясын жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшінің рөлін белгіледі.

Салтанатты жағдайда  мемлекеттік қызметке деген адал еңбектері үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық, амандық және Отанымыздың игілігі үшін барлық бастамаларына табыс тіледі.

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотында «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметші» тақырыбында семинар өтті

26/06/2017

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, Семей қаласының ювеналды сотында сот мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметші» тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің  жұмыс уақытында жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның негізгі принциптері мен міндеттерін, және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің ережелерін талқылады.

Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтады!

26/06/2017

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық сотында мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Аталған іс-шараға судьялар мен кеңсе мамандары қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық сотының төрағасы Б.К.Тайтөлеуов салтанатты жиында барлық кеңсе мамандары мен судьяларды құттықтап, оларға денсаулық және алдағы жұмыстарын ел мүддесі үшін жасауын тіледі.

Бас маман З.Сонмен мемлекеттік қызметшілер күніне орай баяндама оқылды.

Риддер қалалық сотындағы брифинг өтті

26/06/2017

Риддер қалалық сотының судьясы Б.С.Уйданов «Риддер-Информ» телеарнасы және «Лениногорская правда» газеті тілшілеріне брифинг өткізді.

Брифинг Риддер қалалық сотының үкімі мен сотталған Ішкі Істер Бөлімінің қызметкерлері Б., Б., К.-ны Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодексінің 146-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша, яғни қылмысқа күдікті жәбірленуші В.-ны азаптағаны туралы қылмыстық іс бойынша өтті.

Глубокое аудандық сотында сот қауіпсіздігінің өзекті мәселелері талқыланды

26/06/2017

Глубокое аудандық сотында «Террористік акті қаупі кезінде қызметкерлердің іс-әрекеті және әкімшілік ғимараттарына кіргізу және ішкі объектілік режимінің тәртібін сақтау» тақырыбында семинар өткізілді. Аталған іс-шараға сот қызметкерлері, кеңсе меңгеруші Ж.Еренбақов және аға сот приставы А.Затаев қатысты. 

«Сот отырыстарын өткізу кезінде дыбыс-бейне жазба техникалық құралдарын қолдану» тақырыбында семинар-сабағы өтті

26/06/2017

Глубокое аудандық сотының сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот отырыстарын өткізу кезінде дыбыс-бейне жазба техникалық құралдарын қолдану»  тақырыбында семинар-сабағы өткізілді.

Жетекші маман - сот мәжілісінің хатшысы Т.Құттыбаева сот отырыстарын өткізу кезінде дыбыс-бейне жазба техникалық құралдарын қолдану қағидасымен таныстырды. Азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер қарау кезінде сот отырыстарын өткізу барысында дыбыс-бейне жазба техникалық құралдарын міндетті түрде қолдануы тиіс екендігі де айтылды.

Жолдағы адам өмірі

26/06/2017

Аягөз аудандық сотында ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын бұзып, жәбірленушіге материалдық залал келтiріп, денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан әрекет) бойынша құқық бұзушылық жасаған А.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

«Сыбайлас жемқорлықты болдырмау» тақырыбында семинарлық сабақ өтті

26/06/2017

Бесқарағай аудандық сотында сыбайлас жемқорлықты болдырмау атты семинарлық сабақ өтті.

Іс-шараға сот мамандары қатысты.

Өз кіріспе сөзінде кеңсе меңгеруші М.Б. Алимханова сыбайлас жемқорлықпен күресу әр азаматтың міндеті екенін айтты. Сыбайлас жемқорлық біздің еліміздің беделіне нұқсан келтіреді, сондықтан да сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың жағдайын жасауымыз қажет. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың зардаптарын, алдын-алу шараларын, сыбайлас жемқорлықтың жасалу жолдары мен түрлерін айтып өтті.

Сот приставының - сот жүйесіндегі рөлі тақырыбында семинар өтті

26/06/2017

Сот жасауылы сот жүйесінде ерекше орын алады, сот жасауылдарына жаңа талаптар мен міндеттер қойылады, соның ішінде процессуалдық іс-қимылдарды орындау кезінде көмек көрсету, сот мәжілісінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.

Семинар жұмысына кеңсе меңгерушісі М.Б. Алимханова және сот мамандары қатысты.