Архив событий

12/06/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында пленарлық отырыс өтті

12/06/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Судьялыққа  үміткерлердің тағылымдамадан өтуі туралы» Ереженің 20-бөлігіне сәйкес судья лауазымына үміткерлердің тағылымдама қорытындыларын қарау туралы пленарлық отырыс өтті.

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 17-қадамын жүзеге асыру мақсатында ШҚО аудандық және оған теңестірілген соттарында 3 судьялыққа үміткер соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан өтті.

Судья тікелей эфирде сұхбат берді

12/06/2017

Өскемен қалалық сотының судьясы Г.У.Нурчукатова «Менің құқығым» телебағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді.

Тікелей эфир барасында судья Г.У.Нурчукатова, сотта ортақ мүлікті бөлу туралы дауды шешу туралы баяндады. Соның ішінде талап арыз берілуі, дауды бітімгершілікпен шешу жолдарын түсіндірді.

Сөз соңында телефон арқылы хабарласқан телекөрермендерінің сауалдарына  жауаптар берді.

 

Өскемен қалалық сотының

Зырян аудандық сотының мамандары ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуден өтті

12/06/2017

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік және азаматтық қызметшілерге Зырян ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КМҚК-да  ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеу өткізілді.

Зырян аудандық сотының «Тілдерді оқыту орталығы» КМҚК оқып жүрген 11 маманы диагностикалық тестілеуден, бас маман Д.А.Бекетова ақылы түрде сертификаттық тестілеуден өтті.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

12/06/2017

«Андреевка ауылдық округінің әкімінің аппараты» ММ-де «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбыңда дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Бородулиха аудандық сотының судьясы К.Раимбеков, Андреевка ауылдық округінің әкімі Б.Кулаков, әкімдіктің мамандары, Михайличенково ауылының тұрғындары қатысты.

Күршім ауданының №2 аудандық сотында семинар-сабағы өткізілді

12/06/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотының сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот отырыстарын өткізу кезінде дыбыс-бейнежазба техникалық құралдарын қолдану» атты тақырыбында семинар-сабағы өткізілді.

Соттың бас маманы Д.Сатпаева сот отырыстарын өткізу кезінде дыбыс-, бейнежазба техникалық құралдарын қолдану қағидасымен таныстырды. Азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істерді сот отырыстарында қарау барысында дыбыс-бейнежазба техникалық құралдарын міндетті түрде қолдануы тиіс екендігіне тоқталды.

Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін үш әкімшілік іс бойынша құқық бұзушылар әкімшілік қамаққа алынды

12/06/2017

Тарбағатай аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының, 4-бөлігімен Ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясынан келіп түскен үш әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот мәжілісінде, Өзбекстан Республикасының азаматтары А., Н., М., «Жібек Жолы» БӨБ арқылы Қазақстан Республикасына жеке сапар мақсатымен келіп, Алматы облысы Талғар ауданы Гульдала ауылы мекен –жайда  тіркеуде болғаны, мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын мерзім ішінде кетуден жалтарғаны анықталды.

«Дәлелдер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды дұрыс рәсімдеу» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

12/06/2017

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Дәлелдер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды дұрыс рәсімдеу»  тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингке соттың судьялары мен Риддер қаласының жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары қатысты.

«Азаматтық істер бойынша сот бұйрықтарының шығарылуы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

12/06/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының  төрағасы С.Ахмеджанов сот мамандары арасында «Азаматтық  істер бойынша сот бұйрықтарының  шығарылуы» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Заңсыз балық аулағандары үшін жазаланды

12/06/2017

Зырян аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) екі азамат Г. және К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, сотталушылар өзара қылмыстық әрекетпен  Бұқтырма өзенінің жағалауына ау орнатып, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабіна енгізілген қызыл балық тұқымдастарының «Кәдімгі Таймен» (Hucho taimen) үш балығын заңсыз ұстаған.

Рақымшылық жасау туралы актінің негізінде жаза мерзімі қысқартылды

12/06/2017

Зырян аудандық сотында Зырян ауданының №1 пробация қызметінің сотталған амнистия актісін қолдану туралы өтініші қаралды.

ШҚО Зырян аудандық сотының үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 106-бабы, 1-бөлігі бойынша 3 жылға пробациялық бақылау орнатумен бас бостандығынан шектелген.

Сот қаулысымен сотталғанның өтелмеген 2 жыл, 3 ай, 11 күн жаза мерзімі төрттен бір бөлігіне, яғни 6 ай 25 күнге қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 

Зырян аудандық сотымен жеке кәсіпкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды

12/06/2017

Зырян аудандық соты ӘҚБтК-нің 200-бабының, 1-бөлігі (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) және  133-бабының 1-бөлігімен (Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы) әкімшілік іс қарады.

Сотта анықталғандай, жеке кәсіпкер К., сонымен қатар «Томирис» дүкенінің сатушысы он сегіз жасқа толмаған тұлғаға темекі және алкоголь өнімін сатқан дерегі анықталды.