Архив событий

01/06/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары балаларды қорғау күні қарсаңында қаладағы балалар үйіне барып қайтты

01/06/2017

Бүкіл әлемде жыл сайын  Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтуде. Бұл мереке қолдау мен қорғауды қажет ететін балаларға жақсы көмек көрсететін,  қоғамдағы халықаралық маңызы зор мерекелердің бірі.

Атаулы мереке қарсаңында Судьялар Одағы Шығыс Қазақстан облысы филиалының төрайымы Ғалия Алипанова, және облыстық соттың судьялары Бақытжан Шарнаева мен Людмила Алпысова «Үміт» және «Детская Деревня» балалар үйіне барды.

Глубокое аудандық сотында «Сотпен санкциялануға жататын тергеу әрекеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

01/06/2017

Глубокое аудандық сотында «Сотпен санкциялануға жататын тергеу әрекеттері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Шараның мақсаты – Глубокое аудандық ІІБ қызметкерлеріне практикалық көмек көрсету, тергеу әрекеттерін санкциялауда туындайтын өзекті мәселелерді талқылап, бірлесіп шешу.

Шараға Глубокое аудандық сотының тергеу судьясы Б.Г.Әміров, Глубокое аудандық прокурор көмекшісі С.К.Айсбеков, Глубокое аудандық ІІБ  басшысының орынбасары және ІІБ-нің тергеушілері мен анықтаушылары қатысты.

Бородулиха аудандық сотының ұжымы балаларды мерекесімен құттықтады

01/06/2017

Халықаралық балаларды қорғау күні- бұл, балалардың ең қуанышты мерекелері ғана емес, сонымен қатар балалар  үлкендердің тұрақты қамқорлығына  және  қорғанысына  мұқтаж. Ересектер олар үшін жауапты және  балалар ұрпақтың жалғасы ретінде оларға қамқорлық көрсетулері тиіс. Халықаралық балаларды қорғау күнін өткізу туралы  шешім Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясымен  (МДФЖ) 1949 жылдың қараша айында қабылданған. Алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткен.

Өскемен қаласының №2 сотында оқу процесі өткізілді

01/06/2017

Өскемен қаласының №2 сотында оқу-процесінің көрсетілімі өткізілді.

Іс шараның мақсаты – болашақ судьялардың дайындық сапасын көтеру, болашақ мамандықтарын меңгеруде студент-заңгерлердің кәсіби дағдыларын ынталандыру және тұрақты мемлекеттік қызметкерлер қорын қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады.

Өскемен қаласының № 2 сотының медиация кабинетінде «Ашық есік күні» өткізілді

01/06/2017

Өскемен қаласының №2 сотында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономика және құқық факультетінің 2-курс студенттеріне арналған «Медиация институты» тақырыбына байланысты «Ашық есік күні» өткізілді.

"Ашық есік күні"

01/06/2017

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының төраға м.а. А.Амреева Самар Достық үйінде «Ашық есік күнін» өткізді.

Әр айдың соңғы күні «Ашық есік күні» болып жарияланған. Шараның мақсаты - азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті жоғарлату және негилизм деңгейін жою, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу. Осындай іс-шаралар сотта тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

«Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғырту мақаласын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

01/06/2017

Көкпекті аудандық сотының төрағасы Ә.Бақытбекұлы Көкпекті орта мектебінде «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғырту мақаласын талқылау»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталған шараға Көкпекті ауданының прокурорының м.а. Б.Б.Қарымсақов, «Жұлдыз», «Новая Жизнь» газетінің бас редакторы Д.Б.Дюсембаев, КММ Жастар орталығының директоры А.С.Калыков, Көкпекті орта мектебінің, Ж.Шайжунусов атындағы мектебінің, Көкпекті ауданының орталық ауруханасының жас мамандары қатысты.

Глубокое аудандық сотында «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» Заңын зерделеу» тақырыбында семинар өткізілді

01/06/2017

Глубокое аудандық сотының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының тілдер туралы Заңын зерделеу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға кеңсе меңгерушісі және сот мамандары қатысты.

Осы семинар барысында Заңның реттейтiн мәселесi, Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға қолданылып жатқан іс-шаралар туралы айтылды.

«Еңбек тәртібін сақтау. Өткізу режимін сақтау. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбында семинар өтті

01/06/2017

Глубокое аудандық сотының аға сот приставы А.Затаев сот мамандармен  «Еңбек тәртібі, өткізу режімі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Семинар барысында  А.Затаев жас мамандарды еңбек тәртібі және соттағы өткізу режимі тәртібімен таныстырды.

Өзбекстан Республикасының 8 азаматы көші-қон заңын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

01/06/2017

Тарбағатай ауданының № 2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлігімен (шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңамасын бұзуы) әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасаған Өзбекстан Республикасының 8 азаматтарына қатысты әкімшілік істер қаралды.

Жүргізуші куәлігінен айырыла тұра автокөлік құралын басқарғаны үшін сотталды

01/06/2017

Тарбағатай аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабының, 1-бөлігімен Ж-ға қатысты қылмыстық  іс қаралды.

Сот отырысында, сотталушы Ж.-ның бұрын ӘҚБтК-нің 608-бабының, 1-бөлігімен Көкпекті аудандық сотының қаулысымен үш жыл мерзімге автокөлік жүргізу құқығынан айырылғаны, соған қарамай 2017 жылдың мамыр айында Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында автокөлігін алкогольдік ішімдік ішкен күйінде басқарғаны анықталды.

Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды

01/06/2017

Глубокое аудандық соты ӘҚБтК-нің 496-бабы, 2-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау)  құқық бұзушылықты жасағаны үшін К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот мәжілісінде, құқық бұзушы бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болғаны, кейін Ресей Федерациясына барып азаматтығын алып, шетел азаматтығын алғаны туралы Қазақстан Республикасының ІІБ және шет елдердегі мекемелеріне хабарламағаны, жеке төлқұжатын тапсырмағаны анықталды.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған

01/06/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының, 5-бөлігі (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы)  бойынша Әзербайжан Республикасының азаматы С.-ға қатыс

Жолдың қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып, сол бойымен қозғалған

01/06/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің  596-бабы, 3-бөлігінде (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.