Архив событий

16/06/2017

Тараптар арасында медиациялық келісім жасалды

16/06/2017

Семей қаласының №2 сотымен  жеке айыпталушы В.-ға қатысты жеке шағым бойынша жеке айыптау тәртібімен ҚР ҚК-нің 108-бабымен, (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғаны, көршілер аз.В.-мен аз.Б. көршілердің үйінде қонақта отырған кезде, өзара сөзге келіспей, аз. В. аз.Б.-ны ұрып жіберген. Аз. В. өз іс әрекетімен аз.Б.-ның  денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген.

Аягөз аудандық сотында ортақ дүние-мүлікті бөлу туралы дау бейбіт жолмен реттелді

16/06/2017

Аягоз аудандық сотында талапкер Р.-ның жауапкер А.-ға ортақ дүние мүлікті бөлу туралы талап арызы  және талапкер А. жауапкер Р.-ға, «Kaspi bank» АҚ-на, «АТФ Банк» АҚ-на ортақ дүние-мүлікті бөлісуге байланысты қарсы талап арызы қаралды.

Медиациялық келісім негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

16/06/2017

Глубокое аудандық сотында Т.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 187-бабының 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарына  сәйкес, азамат Т. темір затты ұрлаған, ол өзінің қылмыстық іс-әрекеттерімен жәбірленушіге жалпы сомасы 2500 теңге материалдық зиян келтірген.

Жеке кәсіпкер жауаптылыққа тартылды

16/06/2017

Зырян аудандық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) жеке кәсіпкер М.-ға  қатысты әкімшілік істі қарады.                                                                                     

Қылмыстық іс медиациямен аяқталды

16/06/2017

Күршім аудандық соты ҚР ҚК-нің 188-бабы, 1-тармағы (ұрлық) бойынша айыпталған С-ға  қатысты қылмыстық іс медиациямен аяқталды. 

Іс материалдары бойынша, С. Күршім ауылы, Ибежанов көшесінде орналасқан «Балдырған» кафесінің ішінде, спиртті ішімдік ішіп, үстелдің астыңғы сөресінде тұрған Н-ға  тиесілі «Samsung» маркалы ұялы телефонды жасырын ұрлаған. Осы әрекетімен ол жәбірленушіге 45 000 теңге зиян келтірген.

Сот талқылауы барысында сотталушы мен жәбірленуші арасында медиативтік келісім жасалды.

Ұзаққа созылған дау шешілді

16/06/2017

Күршім аудандық сотында талапкер Б. жауапкерлер К.-дан жол көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық, моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта тараптар араларындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы  келісімге келді.

Бұл келісімге сәйкес, жауапкерлер келтірген материалдық зиянды белгіленген мерзімге дейін төлейді, ал талапкер осы келісіммен келісіп, талаптан бас тартады және де жауапкерлерге өз автокөлігінің ауыстырылуға жататын бөлшектерді қайтарып береді.

Тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды

16/06/2017

Семей қаласының № 2 соты ҚР ҚК-нің 188-бабы, 2-бөлігінің, 3-тармағымен (ұрлық, яғни бөтеннің  мүлкін жасырын жымқыру) бойынша азамат М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат М. «Парк сити» сауда үйінің аялдамасында тұрған «Тойота Ландкрузер»  маркалы автокөліктің  құлтанбаған есігін ашып ішіне заңсыз кіріп, әйел адамның сөмкесін  жасырын  түрде ұрлап, осы әрекетімен жәбірленушіге 127 000 теңге материалды залал келтірген.

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар сабағы өткізілді

16/06/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.А.Касенов судьялар мен қызметкерлер арасында «Сот отырысының барысын тіркеуді, аудио-, бейнежазуды сақтауды және жоюды, аудио-, бейнежазуға қолжетімділікті қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазу құралдарын техникалық қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 6001-15-7-6/486 бұйрығына өзгерістер мен толы

Катонқарағай аудандық сотында қызметкерлер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар өткізілді

16/06/2017

Кеңсе меңгерушісі Э.К. Жансултанова өзінің сөзінде, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі нормаларын атап өтті.

Қазақстан Республикасы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы Заңының  азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға,  жемқорлық Қазақстанның қауіпсіздігіне жүйелі қауіп төндіретінін, өткізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі тудыратынын атап өтті.

Бір жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды

16/06/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің  596-бабы, 3-бөлігінде (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Риддер қалалық сотында «Ашық есік» күні өтті

16/06/2017

Риддер қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті.  Азаматтарды Риддер қалалық сотының төрағасы Т.К. Адаспаев қабылдады.

«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізілді.

Курчатов қалалық полиция өкілдерінің қатысуымен семинар өтті

16/06/2017

Курчатов қалалық сотында сотында «Өзекті мәселелерді қарау барысында іс қозғау және әкімшілік құқық бұзышылықтар туралы» тақырыбында семинар өтті.

Шараға сот төрағасының м.а. Э.З. Рауясова және Курчатов қалалық полиция өкілдері қатысты.

Дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыруды түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өтті

16/06/2017

Курчатов қалалық соты даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Шараға кәсіпқой емес медиаторлар мен заңгерлер және Курчатов қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар сабағы өткізілді

16/06/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Ә.Кәсенов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 15 тамыз 2002 жылғы № 19   (09 наурыз 2006  жылғы №2 және  25 маусым  2010 жылғы №17  Нормативтік Қаулысын өзгертілген және толықтырулармен)  «Сот үкімі туралы»  Жоғарғы Соттың Нормативтік Қаулысын зерделеу бойынша  судьялар арасында семинар сабағын өткізді.

Семинар сабағы өткізілді

16/06/2017

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотында сот мамандарының қатысуымен Төрелік» ААТЖ-ға - «Жаза тағайындау» алгоритимдік есептеу жүйесін енгізу бойынша арнайы пилоттық жобаны түсіндіру жөнінде семинарлық сабақ өтті.

Сот төрағасының м.а. А.Амреева ол судьяларға сот шешімдерін дайындау кезінде қолданыстағы заңнамаға барлық сәйкессіздіктерді автоматты түрде көрсететіндігін. Бұл жаңалық «Электрондық қылмыстық іс» жобасымен байланысты іске асырылатындығын түсіндірді.

Семинар-сабағы өткізілді

16/06/2017

Көкпекті аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ш.Қалдыбаева  сот қызметкерлері арасында «Шығыс хат - хабарларды және құжаттарды жіберу тәртібі»,  «Сот отырыстарын өткізу кезінде дыбыс-бейнежазба техникалық құралдарын қолдану» тақырыптарында семинар-сабағын өткізді.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен «Мемлекеттік тіл» тақырыбында іс-шара өтті

16/06/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен Катонқарағай ауылының аудандық кітапханасында «Мемлекеттік тіл» тақырыбында іс шара өтті.

Іс шараға сот мамандары, Катонқарағай ауылының мектеп түлектері қатысты.

Іс-шараның негізгі міндеті – Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттырып, халықтың сал-дәстүріне  құрметін білдіру.

Зырян аудандық сотының судьяларымен «Жаза тағайындау» пилоттық талдамалық сервисі» тақырыбында семинар өткізілді

16/06/2017

Жоғарғы Сот төрағасының тапсырмасын орындау мақсатында Зырян аудандық сотының судьяларымен «Жаза тағайындау» пилоттық талдамалық сервисі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинарға қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған судьялар Қ.С. Жанабилов пен Е.Бақытбекұлы қатысты.

«Гендерлік саясат, әйел және балалардың құқығын түсіндіру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді

16/06/2017

Жарма аудандық сотының судьялары  А.Садуакасова және Д.Толегенов Жарма ауданының Қалбатау ауылдық округінде «Гендерлік саясат, әйел және балалардың құқығын түсіндіру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге ауыл округінің әкімі және ұжымның мүшелері қатысты.