Архив событий

15/06/2017

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

15/06/2017

Ұлан ауданының №2 аудандық сотының төрағасы А.Аринова азаматтарды қабылдап, азаматтардың сұрақтарына ажырасуда туындайтын даулар, баланың тұрғылықты жері, мүлікті бөлу туралы, әке болуды анықтау, ата-ана құқықтарынан шектеу мәселелері туралы нақты жауаптар берді.

Семей қаласының ювеналды сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

15/06/2017

Семей қаласының ювеналды сотында 2017 жылдың 5 айындағы атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Сот төрағасы Р.Ақпар БАҚ өкілдерімен кездесуде 2017 жылдың 5 айында жалпы 335 іс қаралғанын, оның ішінде: 148 тұлғаға қатысты, 148 әкімшілік іс, 178 азаматтық және 13 тұлғаға қатысты 9 қылмыстық істің қаралғанын хабарлады.

Қаралған әкімшілік істердің ішінде: 143 тұлғаға қатысты айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, 5 іс құқық бұзушылықтың құрамы болмағандықтан қысқартылған.

Өскемен қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

15/06/2017

Өскемен қаласының №2 сотында сот төрағасы Г.Әділбаева кезекті «Ашық есік күнін» өткізді.

Сот төрағасының жеке қабылдауында азаматша  Б.А.Қасымжанова  қатысып, сот үкімін апелляциялық сатыға шағымдауға қатысты мәселемен жүгініп,  төраға оның қойған барлық сұрақтарына түсінік берді.

Аталған іс-шара  тұрғындарға заңдық  көмек беру, құқықтық мәдениетті жоғарлату, сот жүйесіне деген азаматтардың сенімдерін көтеру, сондай-ақ сот төрелігінің қолжетімділігі мақсатында өткізіледі.

 

Өскемен қаласының № 2 сотының төрағасы судьяға үміткер тағылымдамашымен өткізілген оқыту сот процесінің жазбасын тексерді

15/06/2017

Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы Г. Әділбаева судьяға үміткер тағылымдамашы Жанна Айтбаевамен студеттермен бірге өткізілген оқыту сот процессінің жазбасын бірлесіп тексерді.

Өскемен қаласының №2 сотында мамандар арасында кеңес өткізілді

15/06/2017

Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы Г. Әділбаева бас маман - сот мәжілісінің хатшылары арасында «Апелляциялық шағымдар мен наразылықтар түскен қылмыстық істерді жоғары сатыға  жолдау туралы»  кеңес өткізді.

Іс-қағаздарды жүргізу ережесі тақырыбында семинар өткізілді

15/06/2017

Шығыс Қазақстан облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кеңсе мамандарының қатысумен «Іс-қағаздарды жүргізу ережесі» тақырыбында семинар өткізілді.

Күршім аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

15/06/2017

Күршім аудандық сотында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық сауаттылықты көтеру және азаматтардың сот жүйесіне деген қолжетімділігі мен сенімін нығайту мақсатында  "Ашық есік күні" өткізілді.

Келген азаматтарды сот төрағасы Е.Т.Шымыров қабылдап, азаматтарды толғандырған сауалдарына жауап беріп, тиісті ұсыныстар берді.

Соттағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған брифинг өтті

15/06/2017

Аягөз аудандық сотында «Соттағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифинг жұмысына барлық сот қызметкерлерімен ШҚО мамандандырылған күзет қызметі басқарамасының Аягөз аудандық   4-батальон полициясының 6-шы взвод командирі мен полицейлері қатысты.

«Сот істерін мемлекеттік тілде қараудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

15/06/2017

Катонқарағай аудандық сотында «Сот істерін мемлекеттік тілде қараудың өзекті мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге бас маман және сот қызметкерлері және Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері және Катонқарағай аудандық ІІБ-нің қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелді ашқан Катонқарағай аудандық сотының бас маманы Ш.К.Темиржанова өз сөзінде, әр бір Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік тілге зор құрметпен қарау керектігін атады.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін қамаққа алынды

15/06/2017

Үржар аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабы, 1-бөлігімен  (сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк)) әкімшілік іс қаралды.

Сот мәжілісінің хаттамасын жүргізу тәртібі мен мерзімі

15/06/2017

Глубокое аудандық сотында сот мамандарының қатысуымен «Қылмыстық, азаматтық істер бойынша және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот мәжілісінің хаттамасын жүргізу тәртібі мен мерзімі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Әкелікті тану фактісі танылды

15/06/2017

Аягөз аудандық сотында Г.Байчалованың әкелікті тану және кәмелеттік жасқа толмаған балаға алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық іс құжаттарына сәйкес, Б. азаматтық некеде  А.-мен  тұрып, ортақ бір балалары дүниеге келген. Азаматтық некеде болуларына байланысты, баланы туылған кезде өз атына жаздырған.

2017 жылы 12 мамырдаағы сот отырысында жауапкер А., арызды  толық мойындады, әкесі деп танылып баланы асырауға алимент өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Дөңгелек үстел өтті

15/06/2017

Катонқарағай аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасын іске асыру тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге қатысуға аудандық адвокаттар, Үлкен Нарын ауылдық округ әкімдігінің өкілдері және Катонқарағай аудандық прокуратура қызметкерлері шақырылды.

Мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

15/06/2017

Күршім аудандық сотымен  «Күршім орталық аудандық ауруханасы» КМҚК-ны Күршім ауылының тұрғыны А-ны наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы азаматтық іс қаралды.

Арызға сәйкес, А. ешқайда жұмыс істемейді, ішімдікті жиі ішуіне байланысты туыстарынан үнемі шағым түседі, бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылыққа тартылған. Аудандық ауруханада нарколог дәрігерде «Д» категориясымен есепте тұр. Өз еркімен емделуден жалтарған. Сол себепті, оны мәжбүрлеп емдеуге жолдауды сұраған.

Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

15/06/2017

Зырян  аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының, 1-бөлігімен (процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк)  Г.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.