Архив событий

27/06/2017

Семей қаласындағы Ювеналды соттың төрағасы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

27/06/2017

Қазақстан журналисттер күні қарсаңында Семей қаласындағы Ювеналды соттың төрағасы Р.Ақпар жергілікті «Вести Семей» және «Семей таңы» ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, аталған газеттердің бас редакторларына сот қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарына үнемі ақпарат тартып, белсенді жұмыс атқарағандықтары және өзара ықтымақтастықтары үшін алғыс хаттар табыстады.

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында жергілікті теледидар және баспасөз басылымдарының қызметкерлерін құттықтады

27/06/2017

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында салтанатты іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері: «Қазақстан-Өскемен» ТРК-ының тележүргізушісі И.Қайсанова және «Мой город» баспасөз басылымының тілшілері Е.Балова, Р.Кудинов шақырылды,

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні

27/06/2017

Бородулиха аудандық сотының төрағасы С.Д.Байбосынова «Аудан тынысы» газеттің тілшілерін кәсіби мерекелерімен – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.

Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп. Заман талаптарына сай келу, қалам өткірлігін жоғалтпау,  үнемі оқырмандар аудиториясын сендіре қызмет етудің  кепілі және баспасөз жұмыстарының нәтижелілігінің шынайы белгісі болып табылады.

Журналистердің кәсіби мерекесі атап өтілді

27/06/2017

Журналистер күні қарсаңында Жарма аудандық сотының ұжымы ауданымыздың «Қалба тынысы» газетінің журналистерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Сот төрағасының міндетін атқарушы А.М. Садуакасова журналистерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, бірлескен жемісті жұмыс және жағымды жаңалықтардың көп болуына тілектестік білдірді.

Соңында А.М. Садуакасова аудандық газеттің журналистері Г. Арықхан, Г. Смагулова, М. Оспанбековті алғыс хаттармен марапаттады.

 

Сот байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай журналистерді құттықтады

27/06/2017

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында кезекті іс-шара – Көкпекті ауданының «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің журналистерін Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мейрамымен құттықтау шарасы өтті. 

Аталмыш мейрам Қазақстанда маусым айының соңғы жексенбісі деп белгіленген, себебі БАҚ туралы бірінші Заң 28 маусымда қабылданған.

Біздің өмірімізді ақпаратсыз, фактілер және айтулы оқиға кәсіби көзқарастарынсыз елестету мүмкін емес.

Дау пилоттық жоба тәртібінде реттелді

27/06/2017

Семей қалалық сотымен «Тасымал көлігі» ЖШС-нен 700 757 теңге еңбек ақыны және кідірту үшін өсімпұлды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысының барысында тараптар дауды жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы тәртібімен шешуді ниет білдіріп, келісімге келді. Келісім талаптарына сәйкес, жауапкер берешекті үшке бөліп төлеуге, ал талапкер талап арызынан бас тартуға міндеттелді.

Билік өкілінің заңды талабына бағынбаған

27/06/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында сотталушы Т-ға. қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 379-бабының 1-бөлігімен (билік өкіліне бағынбау) қылмыстық теріс қылық туралы  іс қаралды.

Сот мәжілісі анықталғандай, сотталушы Т. автокөлікті алкогольдік масаң күйінде басқарғаны үшін полиция қызметкерлерімен ұсталған және ол полиция қызметкерінің куәландырудан өту туралы заңды талаптарына бағынбай қарсылық көрсеткен. 

Алдап, сенімге кіру арқылы басқа адамның атына несие алған

27/06/2017

Семей қалалық сотында моральдық залалды өндіру туралы азаматтық іс қаралды. 

Талапкер сотқа жүгіне келе, жауапкер 2012 жылы талапкерді алдап, сенімін теріс пайдаланып банктен 160 000 теңге көлемінде тауар несиесін алғандығын көрсеткен. Нәтижесінде оған банк қызметкерлері несиені өтеуді талап етіп, осының салдарынан талапкер қиындық туғызатын қарыз алушылардың тізіміне енгізіліп 2014, 2016, 2017 жылдары несие алу мүмкіндігінен айырылған.

Сот төрағасы БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

27/06/2017

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Н.Мергембаев аудандық «Достық» газетінің ұжымында болып, газет ұжымын келе жатқан БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесімен құттықтады.

Іс-шараға «Достық» газетінің бас редакторы А.Бөлдекбаева, бас редактордың орынбасары Г.Иманкулова және тілшілері қатысты.

Қауіпті қылмыскер республика шегінен шығарылды

27/06/2017

Семей қалалық сотында Семей қаласының ІІБ-ның арызы бойынша шетел азаматын Қазақстан аумағынан шығару туралы азаматтық іс қаралды. 

Сот отырысының барысында, 2012 жылы Камерун Республикасының азаматы, Казақстан Республикасының аумағында, топ құрамында уағдаласқан адамдар қатыса, ұрлық үшін айыпталғаны анықталған. Оның әрекетінде қылмыстардың қауіпті қайталану әрекеті айқындалып 5 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына тағайындалып, мүлкі тәркіленген.

«Электрондық үлгіде сот актілерін, атқару құжаттарын, қаулыларды, сот бұйрықтарын орындауға жолдау» тақырыбына семинар өткізілді

27/06/2017

Күршім аудандық  сотында кеңсе меңгерушісі А.Мухаметкалиева соттың мамандарымен «Электрондық үлгіде сот актілерін, атқару құжаттарын, қаулыларды, сот бұйрықтарын орындауға жолдау» тақырыбына семинар өткізілді.

Кеңсе меңгерушісімен «Төрелік» АЖ іс жүргізу мен сот өндірісін жүргізу бойынша нұсқаулығын зерделеуге назар аударылды.

Электрондық үлгіде сот актілерін, атқару құжаттарын, қаулыларды, сот бұйрықтарын орындауға жолдау  тақырыбына баяндамамен бас маман-сот отырысының хатшысы М.Сейткалиева  сөз сөйледі.

Өндіруші мен кәмелетке толмаған балалардың бұзылған құқықтары қорғалды

27/06/2017

Семей қалалық соты өндірушінің құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына байланысты жеке ұйғарым шығарды.

Жеке ұйғарым өндірушінің, кәмелетке толмаған балаларды асырау үшін өндіру жөнінде атқарушылық өндірістерді қысқарту туралы қаулыларын заңсыз деп тану жеке сот орындаушының іс-әрекеттеріне түсірген шағымын қарау нәтижесінде шығарылды.

Риддер қалалық сотында сот мамандарымен «Электрондық атқару парағы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

27/06/2017

Риддер қалалық сотында «Электрондық атқару парағы» тақырыбында кеңсе  менгерушісі м.а. З.К. Жунусова және   сот кеңсесінің барлық мамандары қатысуымен семинар сабағы өткізілді.

Жұмыскер мен жұмыс беруші арасында медиациялық келісім жасалды

27/06/2017

Семей қаласының №2 сотымен  жеке айыпталушы Т.-ға қатысты жеке шағым бойынша жеке айыптау тәртібімен ҚР ҚК-нің 152-бабының, 2-бөлігімен (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу) қылмыстық іс қаралды.

Аз. С.-ның арызы бойынша директор Т.-ны қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады. Басқару қызметін атқаратын адамның ақшаны өзге мақсаттарға пайдалануына байланысты жалақыны толық көлемде белгіленген мерзімде төленуін бірнеше рет кідірткен.

Автобуста жарақат алған салдарынан моральдық зиян өтемақысы өндірілді

27/06/2017

Семей қалалық сотымен жол-көлік апатының салдарынан келтірілген моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа жүгіне келе, жауапкер шағын автобусты жүргізіп келе жатқан кезде, жедел тежелумен талапкердің көлікте құлап қалуына себепші болды. Оның салдарынан денсаулығына орташа дәрежелі зиян келтірілген.

Жүргізуші әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша қаулысымен жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғаны үшін жазаға тартылып 9 260 теңге айыппұл өндірілген.

Әкімшілік жауаптылыққа қайталап тартылды

27/06/2017

Зырян аудандық сотында ӘҚБтК-нің 127-бабының, 2-бөлігі (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет) бойынша құқық бұзушылық жасаған А.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

«Істерді автоматты түрде бөлу жөніндегі қағидалар» тақырыбында семинар өтті

27/06/2017

Көкпекті ауданының  №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Л.Құнанбаева  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Төрелік» Қазақстан Республикасы сот органдарының автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінде істерді автоматты түрде бөлу жөніндегі қағидалар» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Қылмыстық теріс қылық медиация тәртібімен қысқартылды

27/06/2017

Көкпекті аудандық сотында аз.К-ның аз.Д-қа  жеке айыптау туралы Қылмыстық кодексінің 13- бабы, 1-бөлімімен  қылмыстық іс қаралды.  

Аз.К. өзінің жеке айыптау туралы шағымында  оны аз.Д. алкогольдік мас күйінде балағаттап, ар-намысын қорлағанын айтып, қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

Сотта тараптарға медиация тәртібімен татуласу мүмкiндiгi түсiндiрілген соң, тараптар медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімін жасап, қылмыстық істі қысқартуды сұрады.