Архив событий

13/06/2017

Бородулиха аудандық сотының төрағасы азаматтарды қабылдады

13/06/2017

Бородулиха аудандық сотының төрағасы С.Д.Байбосынова халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында азаматтарға қабылдау өткізді.

Азаматтар атап айтқанда «Медиация туралы» Заңды түсіндіру мақсатында сот актілерін орындамауына байланысты мәселелерімен жүгінген.

Сондай-ақ, азаматтар шығарылған сот актілерімен келіспеген жағдайлары  бойынша жүгінген, оларға одан әрі апелляциялық тәртіппен шағымдану туралы заңнама нормалары түсіндірілді.

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында дөңгелек үстел өтті

13/06/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот шешімдерінің толық әрі уақытылы орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға «ҚР ӘМ ШҚО Әділет департаменті» ММ-нің өкілдері, сот орындаушылар, соттың судьялары мен мамандары қатысты.

«Қылмыстық істер бойынша үкімдер мен қаулыларды орындауға беру» тақырыбында семинар өтті

13/06/2017

Бородулиха аудандық сотында сот мамандар арасында «Қылмыстық істер бойынша үкімдер мен қаулыларды орындауға беру» тақырыбында семинар өткізілді.

Бас маман-сот отырысының хатшысы Н.Амарханов баяндамасында, сот үкімдері, егер оларға шағым берілмесе немесе наразылық келтірілмесе, апелляциялық шағым беру немесе наразылық келтіру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді және орындауға беріледі, сол сияқты, шағым беруге немесе наразылық келтіруге жатпайтын сот қаулысы күшіне енетінін және ол шығарылған соң дереу орындауға жолданатынын баяндады.

Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзғаны үшін жеке айып бойынша қозғалған қылмыстық іс медиациялық келісім негізінде тоқтатылды

13/06/2017

Зайсан аудандық сотымен К.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 149-бабының, 1-бөлігімен  жекеше айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Азамат К.,  О.-ның тұрғынжайына қолсұғылмаушылықты бұзып заңсыз басып кірген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 25-бабына сай, тұрғын үйге қол сұғылмайды. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

«Сот кабинеті»

13/06/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің бас маманы П.Б.Сапаралиева «Сот кабинеті» арқылы жүгіну, өтініш, шағым және өтініш хаттарды электрондық түрінде беру» тақырыбында семинар өткізді.

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтаудың маңыздылығы туралы дөңгелек үстел ұйымдастырылды

13/06/2017

Тарбағатай аудандық сотының аға сот приставы Ұ.Атанбаев сот кеңсе мамандары мен күзет қызметі  полицейлерінің арасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтаудың  маңыздылығы туралы дөңгелек үстел өткізді.

Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін дүкен сатушысы жауапқа тартылды

13/06/2017

Зайсан аудандық сотымен алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін дүкен сатушысы М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, сауда дүкенінің сатушысы М., алкоголь өнімдерін өткізу жөніндегі талаптарды бұзып кәмелетке толмаған балаға алкоголь өнімдерін сатқан.

«Соттың хабарлаулары мен шақырулары» тақырыбындағы дәріс сабағы өткізілді

13/06/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот мамандарымен дәріс сабағы өтті.

Аталған шарада, бас маман-сот отырысының хатшысы М.А.Садвакасова «Соттың хабарлаулары мен шақырулары» тақырыбында баяндама жасады.

«Сот актілерін және хаттамаларын уақытылы енгізу»

13/06/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот актілерін және хаттамаларын уақытылы енгізу» тақырыбында сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов, сот судьялары, кеңсе меңгерушісі А.Қ.Кайсанова және сот мамандарының қатысуымен семинар өтті.                                                                                         

Сот актілерінің күшін жою және өзгертілуін талқылау

13/06/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Ә.Кәсенов судьялар тарапынан жіберілген сот актілерінің күшін жою және өзгертілуі жөніндегі себептерін талқылау бойынша семинар өткізді.

Семинар сот төрелігін іске асыру сапасын арттыру, судьялардың кәсіптілігі мен құқықтық білімдерін көтеру мақсатында ұйымдастырылды.

Сот актісін орындамағаны үшін қамаққа алынды

13/06/2017

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Зырян аудандық соты Қазақстан Республикасының аумағында болу ережесін бұзған шетелдікті жауапкершілікке тартты

13/06/2017

Зырян аудандық соты Ресей Федерациясының азаматы Р.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, Зырян АІІБ-нің қызметкерлерімен тексеру жүргізу барысында Ресей Республикасының азаматы Р.,  Зырян  қаласы Каюпов  көшесінде уақытша тіркеліп,  Тропинский  таркөшесінде, және Зырян ауданының Путинцево ауылында тұрып жатқандығы анықталған, яғни ол, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Қылмыстық іс жеке қаулы шығарумен қаралды

13/06/2017

Зырян аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 296-бабы, 2-бөлігі бойынша (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау)  И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, сотталушы  стационарлық ем алу кезінде Зырян қаласының туберкулезге қарсы диспансерінің  ғимаратында туберкулезбен ауыратындар бөлімшесінің жуынатын бөлмесінде есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындап сақтаған.

Сот актісін орындамағаны үшін қамаққа алынды

13/06/2017

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында ӘҚБтК-нің 669-бабымен (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен жеке айыптау шағымы бойынша медиация қолданылған

13/06/2017

Бородулиха аудандық сотымен ҚР ҚК 108-бабы, жеке айыптау шағымы бойынша (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру туралы) Т. -ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, Т. алкогольдік масаң  күйінде бола тұра, жанжал кезінде көршісінің бетінен ұрған. Сот отырысында тараптармен іс бойынша медиация тәртібімен татуласу бойынша және қылмыстық істі тоқтату туралы  өтініш ұсынылды.

Сот қаулысымен тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды.

Сот жасауылдарының - сот жүйесіндегі рөлі тақырыбында семинар өтті

13/06/2017

Сот жасауылы сот жүйесінде ерекше орын алады, сот жасауылдарына жаңа талаптар мен міндеттер қойылады, соның ішінде процессуалдық іс-қимылдарды орындау кезінде көмек көрсету, сот мәжілісінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.

Семинар жұмысына кеңсе меңгерушісі А.Қ.Кайсанова және сот мамандары қатысты.