Архив событий

02/06/2017

Өскемен қалалық сотының судьялары "Балаларды қорғау күніне» орай «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру-тәрбиелеу орталығы» КММ – де болды

02/06/2017

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Өскемен қалалық сотының судьялары "Балаларды қорғау күніне» орай «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру-тәрбиелеу орталығы» КММ-нің әрбиеленушілерімен кездесіп қайтты.

Қолдау мен қорғауға мұқтаж балаларға жағымды әсер сыйлай алатын балаларды қорғау күні қоғамдық мерекелердің ішіндегі халықаралық маңызға ие мерекелердің бірі.  

Тезірек сауығып кетулерін тілеген қонақтар емделушілерге құр алақан келген жоқ.

Семей қаласының Ювеналды сотының ұжымы балалар үйінің тәрбиеленушілерін Балаларды қорғау күнімен құттықтады

02/06/2017

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Р.З.Байжуманова мен сот мамандары Семей қаласының  № 8  балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады.

Балалар алдында сөйлеген сөзінде судья Раушангүл Зәкиқызы «балалардың тағдыры, олардың құқытарын қорғау – әр ересек адамның міндеті. Сендердің әрқайсыларың – біздің мемлекетіміздің болашағысыңдар» деп атап өтті.

Халықаралық балаларды қорғау күні

02/06/2017

Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мереке қолдау мен қорғауды қажет ететін балаларға жақсы көмек көрсететін,  қоғамдағы халықаралық маңызы зор мерекелердің бірі.

Көкпекті аудандық сотының төрағасы Ә.Бақытбекұлы Көкпекті аудандық прокурорының м.а.Б.Қарымсақовпен бірлесіп Көкпекті аудандық Мәдениет үйінде  «Балаларды қорғау күні» мерекесінде отбасылық жағдайлары нашар балаларды құттықтап, мықты  денсаулық, бақытты балалық өмір, ашық аспан тілеп, бағалы сыйлықтар сыйлады.

 

«Балаларды қорғау күні» қарсаңында мерекелік шара өтті

02/06/2017

«Балаларды  қорғау күні» мерекесінің алдында Риддер қалалық сотының  төрағасы  Т.К. Адаспаев «Мүмкіндігі шектелген балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп-интернатына» барды.

Риддер қалалық соты үшін жылда балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында және 1 маусым күні балалар үйіне бару дәстүрге айналған. Балалар концерттік бағдарлама, өлең, сурет конкурстарын тағы да басқа іс-шараларды өз күштерімен өткізді.

«Балаларды қорғау күні» қарсаңында қайырымдылық акциясы өтті

02/06/2017

Өскемен қаласының №2 сотының ұжымы  «Мейірім» қайырымдылық акциясы өткізіліп, іс-шара барысында Абдрахмановтар отбасына көмек көрсетілді.

Ерлі-зайыпты Абдрахмановтар 7 бала тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлдары 10 сыныпта, ал басқалары 2,4 және 5 сыныпта оқиды, үш балалары  балабақша жасында.

Жиналған ақшаға сот ұжымымен негізгі азық түліктер, жеміс-жидек, тәтті тағамдар алынды. Балалардың жарқын жүздері мен жадыраңқы күлкілерін көрген сотың ұжымы  үшін үлкен қуаныш  болды.

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары «Балаларды қорғау күнін» мерекелеу шеңберінде қайырымдылық шараларын өткізді

02/06/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары «Балаларды қорғау күнін» мерекелеу шеңберінде қайырымдылық шараларын өткізді.

Семей қаласында орналасқан КММ «№8 Балалар үйінде» қайырымдылық акциясын өткізіп, сыйлықтар берді.

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары А.С. Абдиғалымова және Ж.С. Сыздыкова судьялар атынан балаларға мықты денсаулық, оқуларына сәттілік тіледі, балалар үйінің басшысы мен ұжымға балаларға деген мейірімділігі, қамқорлығы мен еңбектері үшін алғысын білдірді.

Соттың бас маманы балабақшада дәріс оқыды

02/06/2017

Тарбағатай аудандық сотының бас маманы Л.Жакилина  «1-маусым  - халықаралық балаларды қорғау күні» аясында Ақсуат ауылындағы  «Балдырған» бала бақшасына барып «Кәмелетке толмағандардың жаз айларындағы демалысын ұйымдастырудың жауапкершілігі» тақырыбында дәріс оқыды.  Аталған шараға балабақша тәрбиешілері мен бірге ата-аналар да қатысты.

Зайсан аудандық сотының іс шара жоспары орындалуда

02/06/2017

Зайсан аудандық сотының бас маман - сот отырысының хатшысы А.Саспаева кеңсе мамандарына арналған іс-шара жоспарының 10-тармағына сәйкес: «Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі қаулыларды орындау» тақырыбына семинарлық оқу өткізді.

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында семинар өткізілді

02/06/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында  сот жұмысын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау» тақырыбында семинар өтті.

Өткізілген іс-шараға соттың судьялары, прокуратура және әділет қызметкерлері қатысты.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен «Тіл, дін, дәстүр – халықтың басты тірегі» тақырыбында конференция өткізілді

02/06/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотында тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған «Тіл, дін, дәстүр – халықтың басты тірегі» атты тақырыпта конференция өткізілді.

Аталмыш іс-шараға Марқакөл ауылдық округінің әкімі, жергілікті «Рауан-Заря» газетінің  және құқыққорғау органдарының өкілдері қатысты.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс шара өткізілді

02/06/2017

1 маусымда Катонқарағай айданының № 2 аудандық сотымен Катонқарағай орталық алаңында халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған іс шара үйымдастырылды.

Курчатов қалалық сотында дөңгелек үстел өтті

02/06/2017

Курчатов қалалық сотында сот актілерінің орындалмау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Курчатов қалалық сотының төрағасы м.а А.К. Сыздыков, судья Э.З. Рауясова, прокурордың көмекшісі Базарбеков Е.К., мемлекеттік сот орындаушысы Д.Х. Хайбуллин, Курчатов қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы М.М. Мамадилов, және сот мамандары қатысты.

«Сотта архив жұмысын жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді

02/06/2017

Глубокое аудандық сотында «Сотта архив жұмысын жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді. Іс шараға кеңсе меңгерушісі Ж.Ереңбақов, бас маман – М.Дзюба және сот мамандары  қатысты.

Кеңсе меңгерушісі «Төрелік» бағдарламасы арқылы жүмыс барысы туралы түсінік берді. Кеңсе меңгерушісі Істерді (нарядтарды) рәсімдеу, қалыптастыру, уақытша сақтауға мұрағаттарға уақытында тапсыру үшін жауапты қызметкерлер, сондай-ақ мұрағат жұмысы үшін жауапты қызметкерлер, өзінің құқықтық мәртебесін және қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып алатынын атап өтті.

Катонқарағай аудандық сотында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

02/06/2017

Катонқарағай аудандық сотында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет» тақырыбына сот мамандарының қатысуымен семинар сабақ өткізілді.

Сұғанақ аңшы жауапқа тартылды

02/06/2017

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 383- бабының, 3-бөлігімен (Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу)  Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған

02/06/2017

ШҚО Күршім аудандық сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының, 2-бөлігімен (шетелдіктің осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей, ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) азамат М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

02/06/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  отырысында өзінің үйінде бірге тұратын  А.-ға сыйламаушылық көрсетіп, балағат сөздермен тіл тигізіп,  тыныштығын бұзғаны анықталды.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

02/06/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 207-бабының, 12-бөлігі (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру) бойынша мемлекеттік мекеменің басшысы К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.        

Көлік басқару құқығынан айрылған жол полициясы қызметкерінің заңды талабын орындамағаны үшін қамауға алынды

02/06/2017

Әкімшілік кодексінің 613-бабының 7-тармағында қарастырылған құқық бұзушылық, жол полициясы қызметкерiнiң белгiленген тәртiпке сәйкес алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан мас күйiн куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамағаны үшін Семей қаласының тұрғыны С.,  20 тәулікке  қамауға алынды.