Архив событий

21/06/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары Риза Молдабайқызы Нанарованы 80-жасқа толу мерейтойымен құттықтады

21/06/2017

Семей қаласы №2 сотының төрағасы Д.Б.Бұлғынбаев пен мамандырылған әкімшілік  сотының төрағасы А.Т.Молдағожина Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы  Н.М.Қайырбековтың және сот жүйесінің ардагерлері мен судьялардың атынан сот жүйесінің ардагері – Риза Молдабайқызы Нанарованы 80-жасқа толу мерейтойымен  құттықтап, естелік сыйлықтар тарту етті.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша үйлестіруші-судьялар мен баспасөз хатшыларына арналған семинар өткізілді

21/06/2017

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотында өңірдің үйлестіруші-судьялары мен баспасөз-хатшыларына арналған БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Аталған шараға облыстық соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жұмыстарын үйлестіруші-судья Елдос Жұмақсанов, Өскемен қалалық соттарының үйлестіруші-судьялары мен баспасөз – хатшылары қатысты, және де бейнеконференц байланыс арқылы Семей қалалық соттары, Зайсан, Аягөз, Зырян аудандық соттары қосылды.

Курчатов қалалық сотында жаңадан тағайындалған сот төрағасы таныстырылды

21/06/2017

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар Әкімшісінің басшысы Айтпай Ерғали Орынбекұлы Курчатов қалалық сотының жаңа төрағасы -Рауясова Эльмира Зайнеловнаны таныстырды.

Аталған іс-шараға Курчатов қалалық сотының қызметкерлері, қаладағы мемлекеттік және жеке ұйымдармен кәсіпорындардың басшылары мен қала тұрғындары қатысты.

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы азаматтарды қабылдады

21/06/2017

Семей қаласы ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Р.Ақпар құқықтық мәдениетті жоғарылату мақсатында азаматтарға қабылдау өткізді.

Сот төрағасы қойылған сұрақтарға заңнама талаптары түсіндіріле отырылып, тиісті жауаптар берілді.

Азаматтар  көбінесе әкелікті тану, балалармен араласу тәртібін анықтау, алимент мөлшерін азайту, баланы асырап алуға байланысты сұрақтармен жүгінді.

Мемлекеттен моральдық зиян өтемақысы өндірілді

21/06/2017

Өскемен қалалық сотында азамат Е.-нің Қазақстан Республикасы қаржы Министірлігімен қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартумен келтірілген моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

2013 жылы азамат Е.-ге қарсы облыстық прокуратура аса үлкен көлемде алаяқтық жасағанды деп қылмыстық іс қозғағаны анықталды.

2016 жылдың тамызында талапкер кінәсіз деп танылып, ақталған.

Елден шығару туралы талап қанағаттандырылмады

21/06/2017

Өскемен қалалық сотымен Ресей Федерациясының азаматын Қазақстан Республикасынан шығару туралы іс қаралды.

Азамат В. Қазақстан Руспубликасы аумағында 2004 жылдан бастап тұратындығы, Қазақстан Республикасының азаматшасымен заңды некеде тұратындығы және одан кәмелет жасқа толмаған балалары бар екендігі анықталды.

Елден шығару туралы арыз беруге негіз болып азамат В.-ның бірнеше рет заңнаманы бұзуы болып табылады.

Міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

21/06/2017

Зырян аудандық сотында ӘҚБтК-нің 127-бабының, 1-бөлігі (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) бойынша құқық бұзушылық жасаған Ш.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта құқықбұзушының кәмелетке толмаған ұлы дәлелсіз себептермен мектепке 17 күн бармаған, яғни жүз жеті сағат сабақ босатқаны анықталған.

Зырян аудандық сотымен қылмыстық істерді қысқартылған тәртiппен сотта қарау тәжірибесі бойынша брифинг өткізілді

21/06/2017

Зырян аудандық сотының судьясы Е.М.Костубаевпен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен қылмыстық істерді қысқартылған тәртiппен сотта қарау тәжірибесі бойынша брифинг өткізілді.

Судья Е.М.Костубаев өзінің баяндамасында істерді қысқартылған тәртіппен қараудың негіздері мен тәртібін, қаралу мерзімін атап өтті.

Қаруды заңсыз сақтағаны үшін сотталды

21/06/2017

Зырян ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 287-бабының, 3-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) қылмыстық іс  қаралды.

Аталмыш іс бойынша, азамат М. әкесінен қалған моделі «ТОЗ-8» 5,6 мм калибрлі қаруды заңсыз сақтаған.

Сотта істі қарау барысында, азамат М. өз кінәсін мойындап, әкесінен қалған қаруды сарайдың шатырында ішкі істер органдарының рұқсатынсыз сақтағанын баяндады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау

21/06/2017

Зырян аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 496-бабының 2 бөлімі бойынша (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау) әкімшілік іс қаралды.